Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл

Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.

1. Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері.
2. Жаргон – тілдің әлеуметтік бір жарқыншағы.
3. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.
4.Ғылыми – публицистикалық, көркем туындылар тілі (дұрысы – стилі), соңғысын өз ішінен прозалық, драмалық, поэтикалық тіл (стиль) сипаттары

Диалект — жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы. Диалектілер негізінде тілдік қауым қоныс ыңғайына қарай әр түрлі аймақтарға бөлінеді. Диалектінің мұндай түрі жергілікті диалект деп аталады.Жергілікті диалектіге белгілі бір аймақта тұратын адамдар тілінде кездесетін ерекшеліктердің жиынтығы жатады.
Тіл бүкіл этникалық бірліктегілердің барлығына да ортақ, бәріне бірдей қызмет етеді, ал, диалект оның белгілі бір аймақта тұратын бір бөлігіне ғана қызмет етеді.Тіл қызметі сан – алуан болады, ал, диалектінің қызметтік шеңбері тар, ол, негізінде, сөйлеу тілі түрінде ғана болады.
Жалпыхалықтық тілдер сияқты жергілікті диалектілер де тарих құбылыс.Олар да қоғам дамуының белгілі бір тарихи дәуірінің жемісі. Жалпыхалықтық тілдің жергілікті диалектілерге қарағанда қызметі жағынан да, ерекшелігі жағынан да, қолданушы қауымның сандық шамасы жағынан да, едәуір шағын көлемді тармағы әлеуметтік диалектілер.Әлеуметтік диалектілерге кәсіби, жаргондық ерекшеліктер жатады.Бұлардың өзіндік ерекшелігі мынады: жергілікті диалектілердің өзіндік лексикалық та, фонетикалық та, грамматикалық та ерекшеліктері болады.Және ол белгілі бір аймақ тұрғындарын тегіс қамтиды.
Кәсіби лексика — әдеби тіл сөздігінің бір саласы және оның әдеби тілге жаттығы да жоқ.Әр кәсіпорындарының өз ерекшеліктеріне лайықты қолданатын атауыш сөздері — әдеби тілдің байлығы.
Жаргон – тілдің әлеуметтік бір жарқыншағы.Бұл табиғаты жағынан да, қызметі жағынан да, шығу төркіні жағынан да, қызметі жағынан да, шығу төркіні жағынан да диалектілерден мейлінше өзгеше.
Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Бұлардың екеуі де бір ғана этникалық бірлік тілінің жеке көріністері, олар бөлек – бөлек тілдер емес, тіл біреу – ақ, сондықтан оларды тіл демей, стиль, яғни сөйлеу тілі стилі, кітаби стиль деген жөн.Дәстүрге айналған атауды бұзбау үшін ғана «тіл» деп отырмыз.
Дәрісті қорытындылау:
1. Диалект — жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы.
2. Жалпыхалықтық тілдер сияқты жергілікті диалектілер де тарих құбылыс.
Бақылау сұрақтары:
1. Жергілікті диалект дегеніміз не?
2. Диалектілер неге тарих құбылысқа жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж
3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975
4. Хасенов Ә. Тіл білімі А., 1996

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *