Тілдік фактілер, жазба ескерткіштер материалдары

Тілдік фактілер, жазба ескерткіштер материалдары алғашқы көзқарастағы ғалымдар пікірінің дұрыстығына айғақ бола алады.Ортағасырлық жазбаларда -да формалы етістіктердің атрибуттық қолданысы кездеседі. М.Қашқари еңбегінде: кесішді нең — кесілген нәрсе, көмілді нең — көмілген нәрсе, йумшады нең — жұмсарған, нәрсе: «Құдатқу білікте»: өтрүнді иегіл — таңдағаныңды же. Көне ескерткіштер мен қазіргі кейбір түркі тілдерінде (түрік, га-гауз) -ды өткен шағының көмекші етістіктермен тіркесу құбылысы да оның өзіндік ерекшелігін көрсетеді: йығлады эрди (Рабғузи) қачтылар ерди (Тефсир), көртүм ерти (Алтын йоруқ), тәрдим ерди («Құдатқу біліг»). Мұндай қолданыс XV ғасырғадейін актив сипатта болған.

         Бұл айтылғандар -ды өткен шақ тұлғасының даму жолының күрделілігін әрі оның арғы негізінің қимыл есімі екендігін дәлелдейді.

Өткен шақ формасының -ған есімшелі түрінің шақтық мәнде өнімді қолданылуы XIII—XIV ғасырлардан басталады. Қазіргі түркі тілдерінде (оғыз тобын есептемегенде) еткен шақ функциясындағы тұлға ретінде кеңінен кездеседі. Шақтық мағынасы дегенде сөйлеу кезеңінен бұрын болған іс-әрекетті бейнелеп, сөйлеушінің қимылдың нәтижесіне баса кеңіл бөлуі ұғынылады. Бүл ерекшелік көпшілік түркі тілдеріне тән. Орта ғасырлардан бергі кезеңде аталған форманың предикативтік те, атрибутивтік те қолданыстағы қызметі өсе түседі. Ал оғыз тілдерінде -мыш тұлғасының қолданысы актив деңгейде жалғаса береді.

         Орта ғасыр жазбаларында -ған өткен шағының турур және оның қысқарған тур, дур тұлғаларымен тіркесіп жұмсалуы ұшырасады: Аңар көклер, йерлер өртүклүки йәме көрген турур, ешиткен турур (Тефсир). Улуғ аталарымыз Түркстандын келген турур (Шежіре — терекме»). Мұндай құбылыс   негізінен   III жаққа    (кейде I  жаққа) тән болып келеді. Тілдің тарихи дамуы барысында -ған өткен шағының көмекші етістік тіркесінсіз қолданылуы күшейе түседі. Болымсыз түрі -ма аффиксі мен ермес көмекші сөзі арқылы жасалады. Жоқ сөзі тіркесіп болымсыздық мән бергенде -ған тұлғалы етістік тәуелді жалғауларымен, түрленеді (алғаным йоқ). Қазақ тілінде (әдеби, ауызекі тіл) жоқ сөзімен берілетін болымсыздық мағынаның үш түрінің бірінде осы жолдың кездесуі (алғаным жоқ, алғам жоқ, алған жоқпын) бұл тұлғаның көнелілігінің белгісі болса керек. Ескерткіштер тілінде — ма-ған формасының жиі қолданылуы XV—XVI ғасырлардан басталады. Оған қарағанда -ған ермес тұлғасының кездесуі әрірекке XI—XII ғасырларға кетеді.

Қазақ тіліндегі -ып көсемшелі өткен шақ тұлғасын ретроспективті қарастыру оның даму жолының мына тұрғыда еткендігін көрсетеді: I -ып + турур + мен>ып + тур + мен>-ып + мен>-ып-пын;

II  -ып + турур + сен>-ып + тур + сен>-ып + сен>ып + сың; III -ып + турур > -ып + тур > ып + ту>-ып + ты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *