Техниканы жетілдіру әдістемесі
Волейболдың ерекшелігі- әдістерді допқа қолды бір-ақ рет тигізіп орындау, допты соғу санының шектелуі, жағдайдың тез өзгеруі, ойыншылардың өзара қозғалыс бірлігі, ойын алаңының шектелуі т.б. жағдайларға байланысты. Әртүрлі жаттығуларды орындау, даярлыққа және екі жақты ойындарға қатысу маңызды қозғалыс қабілетін дамытуға, тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Волейболмен шұғылдану денсаулықты нығайтып, ойыншыларды жан-жақты шынықтырып, көпшілдікке тәрбиелейді. Сонымен қатар бұл кімді болса да қызықтыратын ойын.
Волейбол ойынының материалына құрылған сабақтардың басты бағыты-ойынның осы түрі арқылы оқушылардың дене тәрбиесін жақсарту, волейбол ойынына дағдылану және сабақтан тыс уақыттарда, тұрғылықты жерлерде өз беттерімен шұғылдануға және ойынға қажетті біліммен, шеберлікпен қаруландыру. Сабақтарда ойын әдістері мен тәсілдерін үйретуде волйболға тән қимыл-қозғалыстың жетілдірумен қатар оқу материлдарын игеру дәрежесі де дағдыланады. Орта білім беретін мектептерде спортшы-волейболшылар даярламайды, сондықтан секцияларда немесе арнаулы спорт мектептерінде волейбол ойынын игерген оқушыларға артықшылықтар берудің қажеті жоқ. Керісінше олар сабақтарды өткізу барысында оқытушыға көмекші болады.
Оқушыларды жапай қамти отырып, волейболдан кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор. Атап айтқанда, ІҮ-ҮІ класс оқушылары үшін мини-волейбол ойынының әдістерін үйретіп, жарыстар өткізу, ҮІ-ҮІІ класс оқушыларын волейболға одан әрі дағдыландыру, сабақ арасындағы үзілістерде оқушылар шеңбер бойында тұрып тор арқылы ойнауға да болады.
Әр сабақта оқушылар өз бетімен волейбол ойнағанда барынша күш түсетін тірек-қимыл аппараты мен бұлшық еттер тобын (қол саусақтары, иық, тізе, тобық буындары) сондай-ақ шапшандық- күш, секіргіштік қабілеттерін т.б. жетілдіре түсуі қажет. Волейбол сабақтарын ойдағыдай өткізу үшін салмағы 1,5-2 кг. бітеу доптар резеңке бинттер, доп ұстағыштар, рәзеңке серппелі доптар қажет.
Әдебиеттер:
1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» — М., 2001.
2. Матвеев Л.П. — «Теория и методика физического воспитания» — М., 1991.
3. «Мектепте волейболды оқыту» — әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990