Техникалық дайындықтың түрлі сатысындағы ерекшеліктері

Техникалық дайындықтың түрлі сатысындағы ерекшеліктері
Мақсаты: Таңдап алған спорт түрінің техникалық дайындықтың түрлі сатысындағы ерекшеліктері жөнінде толық мағлұмат беру.

Оқыту- жаттығу кезінде оқушылар ойын-тәсілдерін елеулі қатесіз, дұрыс игеруге тырысады. Мұның өзі көп жағдайда ұштастырушы жаттығуларды дұрыс іріктеп алып, шебер пайдалануға байланысты. Ұштастырушы жаттығуларды жүйелі қолдану – жаңа үйренушлрге волейбол тәсілдерін оқыту- жаттығу сабақтарының негізгі ерекшеліктерінің бірі. Мұндай жаттығулар ойын әдістерінің дұрыс орындауға, түзетуге көп уақыт кететін өрескел қателерді болдырмауға жағдай жасайды.
Волейбол ерекшеліктерінің бірі- барлық әдістердің ұшып келе жатқан допқа байланысты атқарылатынында. Басқаша айтқанда, ойыншының ьарлық қозғалысты доптың ұшу бағыты мен жылдамдығына тәуелді. Сондай-ақ ұшып келе жатқан допқа қол лезде ғана тиеді, өйткені оны кідірту ережені бұзу болып есептеледі. Осыған байланысты айла- тәсілге оқытудың екі жағы бар. Біріншіден, ойыншының бойында ұшып келе жатқан допқа сай өз қимылын үйлестіре білу қабілетін қалыптастыру.
Екіншіден, допқа қолмен әсер ету сәтін (доп беру, шабуылдай соғу т.б.) дәл анықтау. Міне сондықтан да сабақтарда даярлық және ұстастыру жаттығуларын пайдаланып, ойынның өзіне тікелей кірісуге асықпаған жөн.
Әдебиеттер:
1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» — М., 2001.
2. Матвеев Л.П. — «Теория и методика физического воспитания» — М., 1991.
3. «Мектепте волейболды оқыту» — әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *