Тактиканы жетілдіру әдістемесі
Мақсаты: Волейбол ойынының тактаксын жетілдіру әдістемесін үйрету.
Ойын тактикасы- бұл қарсы жақты жеңіп шығу мақсатында барлық ойыншылардың қимыл-қозғалыс әрекетін ойластырып, дұрыс ұйымдастыру. Волейболшылардың бүкіл қимыл-қозғалыс әрекеті екі бағыттан тұрады: шабуыл мен қорғаныс әрекеті. Шабуыл мен қорғаныста жеке, топтық және командалық қозғалыс тәсілдері болады. Жалпы алғанда спорттық мектептер программасында 110 түрлі әдіс-тәсілдер енгізілген.
Ойынның мақсаты тек әдіс-тәсілдердің дұрыс жоспарлануы арқылы жүзеге асырылады. Бұл әсіресе жеке ойыншының қозғалысынан айқын байқалады. Мысалы, допты ойынға қосқанда қалай бағыттау-бұл әдіс-айла, ал допты сол нүктеге дәл түсіру дағдыланғандық шеберлікке байланысты. Бопты соғуға берерде шабуылшының қайсысы оңтайлы екені анықталады, қорғанысты допты қабылдау әдісі (жоғарыдан, төменнен) таңдап алынса, тосқауыл қоюда тордың үстіне шығару сәтін, доптың бағытын алдын ала білу қажет.
Топтық әдісте екі-төрт ойыншы ойнайды. Шабуыл әрекетін тордың жанындағы үш ойыншы, сондай-ақ 6-5 І-аймақтағы ойыншылар допты қабылдаған соң бірлесе отырып ойнайды. Осы бірлескен қозғалысты тәсілдік комбинация деп те атайды. Қорғаныс әрекеттеріне 3,4,2 аймақ ойыншыларының артқы шепті қорғауы, сондай-ақ тосқауыл қоюшылардың орнын қауіпсіздендіру қозғалыстары жатады.
Ойын кезінде командалық әдістерді қолдануға бүкіл команда мүшелері қатысады. Оны «ойын жүйесі» деп те атайды. Шабуыл да екі жүйеде болады: 3-2-4-аймақтардағы ойыншылардың бірі берген допты алдыңғы қатардағы ойыншылардың бірінің екінші берілістен кейін шабуылдай соғуы; екіншісі- артқы қатардан торға қарай шыққан ойыншының допты екінші берілістен шабуылдай соғуы. Екінші системаны негізінен тәжірибелі волейболшылар пайдаланады. Қорғаныста да екі жүйе бар: «Алдыңғы бұрыштан» — мұнда 6- аймақты ойыншысы шабуыл аймағына шығып, қорғанысқа тұрады, «артқы бұрыштан»- мұнда әлгі ойыншы алаңның артқы сызығына жақын орналасып, команданың қорғаныс позициясын күшейтеді.
1. Спорттық ойындар. Москва, 2001 Железняк Ю.Д.
2. Учебник тренера по волейболу Москва, 1996 Игнатева В.Я.
3. Уроки по волейболу. Башкин С.Г. 1966