Сөйлем және оның түрлерінің стильдік қызметі
Дәріс жоспары:
1. Хабарлы сөйлемдердің стильдік қызметі.
2. Сұраулы сөйлемдердің стильдік қызметі.
3. Бұйрықты сөйлемдердің стильдік қызметі.
4. Лепті сөйлемдердің стильдік қызметі.
Мақсаты: Сөйлем және оның түрлерінің стильдік қызметіне тоқталу.
Қысқаша мазмұны:
Хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөздер автор сөзінде де, кейіпкер сөзінде де әр түрлі стильдік реңк білдіре алады. Кейіпкердің аузынан шыққан сөзінен оның ойы, көзқарасы қоса көрінеді. Кейіпкер сөзі оның дүниетанымын, пікір таласын, мінез қырларын береді. Кейіпкер тіліндегі хабарлы сөйлемдер де сол бейненің бір қырын танытады.
Хабарлы сөйлемдер тәрізді сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер де кейіпкер тілінде әр түрлі мағыналық реңктерге ие болады. Мұндай сөйлемдер үстемеленіп жұмсалуы арқылы кейіпкерлердің сезімін, көңіл –күйін тереңдете, күшейте суреттейді.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.
2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999
3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982
4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996