Сөздің лексикалық мағынасының негізгі түрлері

 

1.Сөз мағынасының түрлері және топтастырылуы.
2.Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары.
3. Сөздің негізгі мағынасы және тұрақты мағынасы.
4. Сөздің нақты және абстракты мағынасы. Сөздің контекстік мағынасы.
5. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

Сөздердің беріп тұратын негізгі ұғымы лексикалық мағына, ал сөздердің сөйлемдегі өзара қатынасы грамматикалық мағына болып табылады. Лексикалық мағына — сөздерді бір бірінен ажырытып танудағы ең негізгі мағына,ол арқылы сөз жеке даралық қасиетіне ие болады. Лексикалық мағына зат, құбылыс,әрекет жайында бір тілде сөйлейтін қауым таныған жалпыға түсінікті әр сөздің меншікті мағынасы болып табылады. 1950ж. В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағыналарын үш типке бөліп көрсетеді:1) тура немесе номинативті мағына 2) фразеологиялық байлаулы мағына 3) синтаксистік шартты мағына.
Сөздің негізгі мағынасы — айтушы мен тыңдаушыға ортақ нақты заттық ұғымды білдіретін мағына. Сөздің тұрақты мағынасы- сөзді контекстен бөліп алып ешбір тіркессіз, өзіне арнулы негізгі мағынамен бірге тұрақты мағынасы айқындалып тұрады. Сөздің нақты және абстракты мағынасы — Бір сөзге берілген түпкі атауы – нақты мағына болса, сол сөздің жалпылама ұғымды білдіруі абстракт мағына болып табылады. Сөз мағынасы әуел баста көп болмаса да, бертін келе дамып, молайып отырған. Бір сөздің уақыт өте келе әр қолданыс сапасына қарай, әр түрлі себептермен әр заттың не құбылыстың атауы болып жұмсалуы заттың контекстік мағынасы болады. Сөздің әуел баста берілген және нақ сол зат атауын білдіретін мағынасы – тура мағына болып табылады. Ал сөздердің негізгі мағынасынан дамып,соған ұқсатыла айтылатын, сәл ауытқи қолданылатын сөз мағынасы ауыс мағына.
Дәрісті қорытындылау:
1. Сөздердің беріп тұратын негізгі ұғымы лексикалық мағынасы.
2.Сөздердің сөйлемдегі өзара қатынасы грамматикалық мағынасы.
3. Бір сөзге берілген түпкі атауы – нақты мағына болса, сол сөздің жалпылама ұғымды білдіруі абстракт мағына болып табылады.
4. Сөздердің негізгі мағынасынан дамып, сәл ауытқи қолданылатын сөз мағынасы ауыспалы мағына деп аталады. деп аталады.е666666
6.76Бақылау сұрақтары:
1. Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасы дегеніміз не?
2.Сөздің негізгі мағынасы дегеніміз не? Тұрақты мағынасы дегеніміз не?
3.Сөздің нақты және абстракты мағынасы нені білдіреді?
4.Сөздің тура мағынасы, ауыспалы мағына. дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: 1997
2. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
3. Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *