Сөздің көп мағыналылығы, лексикалық омонимдер, синонимдер, антонимдер олардың пайда болу жолдары, түрлері.
1. Сөздің көп мағыналылығы.
2.Омонимдердің пайда болу жолдары, оның көп мағыналы сөздерден айырмашылығы. Омонимдердің түрлері.
2.Синонимдер және олардың жасалу жолдары. Синонимдік қатар, доминант синоним ұғымы.
3.Антонимдер және антоним болатын сөз таптары.
Сөздік қордағы сөздер сан жағынан да дамып, жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары бөлек сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар – омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер. К.Аханов омонимдердің төрт түрлі пайда болу жолын көрсеткен. Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика – семантикалық тәсілі арқылы, сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшарап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде, сөздердің түбірлеріне омонимдес аффикстердің жалғануы арқылы, кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде жасалады.Омонимдік қатарға енетін сөздердің түрлену жүйелерінің бір-біріне қаншалықты дәрежеде сәйкес келуіне қарай омонимдер лексикалық омонимдер, лексика-грамматикалық омонимдер және аралас омонимдер деп аталады. Мағыналары бір-біріне жақын, өз ара мәндес сөздер синонимдер деп аталады.Өз ара мәндес сөздерден синонимдік қатар құралады. Синонимдер сөз тудыру тәсілдері арқылы, кірме сөздер арқылы, әдеби тіл лексикасының диалект сөздердің есесінен толығу нәтижесінде, жеке сөздердің айрықша синонимі ретінде қолданылатын тұрақты сөз тіркестері арқылы, әдеби тілдегі сөздер мен термин сөздер мәндес келуі арқылы, тілде белгілі эвфемизм, дисфемизм, какофемизмдер басқа бір сөздермен немесе сөз тіркестерімен келуі арқылы, сөздің мағыналық жағынан дамуы, қосымша мағынаға ие болуы нәтижесінде синонимдер жасалады. Антонимдер — мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер.
Дәрісті қорытындылау:
1. Сөздің көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз.
2.Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады .
3. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары бөлек сөздер. 4. Мағыналары бір-біріне жақын мәндес сөздер синонимдер деп аталады.
5. Антонимдер — мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
Бақылау сұрақтары:
1.Омоним дегеніміз не, олардың пайда болу жолдары қандай? 2.Омонимдердің қандай түрлері бар?
3.Синонимдер дегеніміз не және олардың қандай жасалу жолдары бар?
4.Антонимдер дегеніміз не және антоним болатын сөз таптары қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,1997.
3.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
4.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.