Сөздік құрамның тарихи арналары.
1. Тілдің сөздік құрамының толығып, үнемі даму үстінде болуы.
2. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары.
3.Қазақтың байырғы тума лексикасы, оның бірнеше қабаттан тұратыны.
4. Кірме сөздер, олардың бірнеше қабаттан тұратыны.
Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму үстінде болады. 1.Қазақтың байырғы тума лексикасы, оның бірнеше қабаттан тұратыны: а)жалпы түркілік сөздер, ә)қыпшақ тілдеріне ортақ сөздер, б)қазақтың тума төл сөздері. Кірме сөздер, олардың бірнеше қабаттан тұратыны: а) монғол тілінен ауысқан сөздер, сонымен бірге монғол, қазақ тілдеріне ортақ сөздер бар екені, оның тарихи себептеріне қысқаша шолу, ә)араб, парсы, тілдерінен кірген сөздер, олар-дың ену кезеңдері мен ауысу жолдарына қысқаша шолу. Араб, парсы, сөздерінен лексика-семантикалық топтары, тұлғалық және семантикалық өзгерістерге ұшырап отыруы, бірқатарының қазақ тіліне сіңісіп, игеріліп кету себептері, б) орыс тілінен және ол арқылы Еуропа тілдерінен енген сөздер, олардың ауысу кезеңдері, лексика-семантикалық топтары, тұлғалық өзгерістерге ұшырап отыруы. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары: байырғы тума сөздер негізінде, кірме сөздер сөздер негізінде іске асатыны.Сөздік құрамның тума сөздер негізінде дамуына сөзжасам тәсілдері қызмет ететіні (түбір сөзге жұрнақ жалғау, сөздердің біріктіру, қосарлау, тіркестіру, қысқартып қолдану, сөз мағынасын жаңарту).
Дәрісті қорытындылау:
1. Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму үстінде болады.
2. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары: байырғы тума сөздер негізінде, кірме сөздер сөздер негізінде іске асатыны.
3. Сөздік құрамның тума сөздер негізінде дамуына сөзжасам тәсілдері қызмет ететіні.
4. Түбір сөзге жұрнақ жалғау, сөздердің біріктіру, қосарлау, тіркестіру, қысқартып қолдану, сөз мағынасын жаңарту тәсілдері.
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің сөздік құрамына тән қасиетке не жатады?
2. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары қалай жүзеге асады?
3. Сөздік құрамның тума сөздер негізінде дамуына қандай сөзжасам тәсілдері қызмет етеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.,А.,2008.
2. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: 1997
3. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
4.Қазіргіі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі., А., 198/9.