Сілтеу есімдіктері

Сілтеу есімдіктері. Сөздердің семантикалық орайлас, ұялас болуы көбінесе олардың генезистік бірлігінің салдары болып отырады. Сондықтан да жіктік есімдіктері мен сілтеу есімдіктері пайда болу, қалыптасу негізі жағынан бір-біріне байланысты болу керек дейтін пікір үстем. Н. К. Дмитриев түркі тілдеріндегі сілтеу есімдіктерін екі түрлі мағыналық топқа жіктейді. Оның айтуында, сілтеу есімдіктері алыстық пен жақындықты білдіруде көлемдік және мезгілдік мәнде екі топқа: бұл және ол болып жіктеліп отырады. Әрине, қазіргі түркі тілдерінің фактілері мынаны дәлелдейді: ең алдымен заттың көлемдік орналасуына қатысты болып келетін мағына — сілтеу есімдіктерінің алғашқы, байырғы қолданысы да, соның негізінде, сол мағыналық қолданыстың дамуынан барып, мезгілдік мән, заттың мезгілдік мерзімде орналасуы шықса керек. Дмитриевтің бұл пікірін қазақ тілінің мынадай фактілерімен түсіндіруге болар еді: бүл — қасында, жанында тұрған, орналасқан зат, көрініп тұрған зат, ол — алыста, көрінбейтін, бірақ бар екендігі анық зат. Осы екі түрлі сөз арқылы берілетін, екі түрлі мағыналық топ одан әрі дамығанда мына тәріздес болса керек: бұл, мынау, осы, осынау және ол, сол, сонау, анау, ана (жақта). Мағыналық колданысы жағынан осы екі топтың әрқайсысы өз ішінде бір-бірімен орайласып жататыны рас. Бұл кісі, мына бала, осы адам, осынау төбе тәрізді қолданыста мына, бұл, осы, осынау есімдіктері бір-біріне жақын, жалғас орналасқан адамды (затты) білдіретіні тәрізді, бұл уақыт, мына кез, осы уақыт тәрізді тіркестер құрамында да олар бір-бірінен алшақ кетпейтін уақыт кезеңдерін білдіреді. Мұның бәрі сілтеу есімдіктерінің екі қолданысы да орайлас, бірі екіншісінен туып жататын салдар деп қарауға мүмкіндік береді. Сонымен, сілтеу есімдіктерінің мағыналық екі тобы о баста екі сөздің негізінде пайда болған. Ол сөздер: бұл және ол. Н. К Дмитриев теориясын еске алсақ, бұл сездер о баста заттардың көлемдік орналасуына (топографиялық белгілерді білдіруге) байланысты қалыптасқан. Ал сілтеу есімдіктерінің басқалары бұл және ол сөздерімен семантикалық орайластығын, келем мәнінде де, мезгіл мәнінде де бір-біріне мағыналастығын ескерсек, оларды сол екі сөздің (бұл және ол) әр түрлі фонетикалық және грамматикалық езгеріске түскен тұлғалары деп ойлауға болады. Морфологиялық жағынан тұлғалас деуге олардың сыртқы пішіндерінің ұқсастығы да дәлел бола алады. Мына сөздерді езара салыстырып көрейік: бұл, мына және ол, ана; бұлардан түркі тілдерінде кездесетін кейбір дыбыс сәйкестіктерін көруге болады: б-м, ұ-ы, о-а. Әрине, бүгінгі тіліміздің фактілері негізінде сілтеу есімдіктерінің бойынан кездесетін тұлғалық ерекшеліктердің барлығын бірдей түсіндіріп беруге мүмкіндік бола бермейді. Олардың өзара ұялас, тұлғаластығын біршама болса да толық түсіну үшін басқа түркі тілдерінің материалдарымен және тарихи фактілермен салғастыра қарастыру керек болады.

                Бұл есімдігінің арғы түрі қандай болған, яғни, соның құрамындағы о баста түбір құрамында болған ба, әлде кейін қосылған қосымша ма дейтін мәселе түркологтарды көптен ойландырып келеді. Оған себеп болатын осы сөздің сөз тіркестері құрамында кейде соңғы -л-сіз айтылуы. Қазіргі қазақ тілінде бұ жақ, бұ кез, бұ кісі деп, -л-сіз айтылу норма екені белгілі. Ал қазіргі түркі тілдерінде осы сөздің айтылу пішіні мынадай: қырғыз — бұл, баш-құртбыл, өзбек түрікмен, ұйғыр, құмық, ноғай, татар, түрік, якут, азербайжан, алтай тілдерінде — бу, тува тілінде — бо, ха-қас — пу, шор — по. Бұған қарағанда, түркі тілдерінің басым көпшілігінде сонғы -л-сіз айтылады, яғни, қазақ тіліндегі осындай құбылыс әсте оқшау емес, жалпы түркілік негізде пайда болған. Қөне ескерткіштер тілінде де бу түрінде ұшырасады. Бұл факт о баста байырғы түбір құрамында элементі болмаған деген пікірді бекіте түседі. Бұл сөзі нақ осы күйінде екі түбірдің бірігуінің нәтижесі болса керек. Көне жазбалар тілінде бу және ол есімдіктерінің қабаттасып, бір қызметте қолданылуы ұшырасады. «Құдатқу білікте» мынадай сөйлем бар «тілеч барча булдум, бу ол бір сөзум, бу йаңлы кішіке мунадур өзум». Бұл сөйлемдегі бу ол тіркесі қазіргі тіліміздегі бұл есімдігінің мағынасында қолданылғаны күмән туғызбайды. Мынадай бір жайды да ескеру керек. V—VIII ғасыр ескерткіштерінде, кейінгі «Кодекс куманикусте» әңгіме болып отырған есімдік тек бу түрінде, -уг-сіз айтылады. Жаңағыдай қолданыс та ол ескерткіштер тілінде ұшыраспайды. Алайда сол ескерткіштердің қайсысында да бұл есімдігінің қызметінде III жақтық жіктік есімдігі ол сөзінің қолданылуы жиі ұшырасады. Бір-екі мысал: ол сабығ ешітіп қағанғару ол сабығ ыттым (Т.). «бұл сөзді есітіп қағанға айттым». Күл тігін ол сүңүшде отуз йаша-йур ерті (КТ). «Күлтегін бұл соғыста (соғыс болған кезде) отыз жасар еді». Качан ол сөзні айтты феріште күтүчүге, теңірінің йа-рықлықы йарытты аларны (КК). «Қашан бұл сөзді феріште күтушіге айтқанда, тәңрінің бұйрығы сәулелендірді оларды». Ол сөзүнү айтты да, жанын теңрі еліне берді (КК)». Бұл сөзді айтты да жанын тәңрі қолына берді». Келтірілген сөйлемдерде ол есімдігі қазіргі тіліміздегі бұл есімдігінің мәнінде қолданылған. Солай екендігін текст құрамындағы бір-біріне жалғас айтылған сөйлемдер мағынасын салғастыра отырып анық байқауға болады. Ал жіктеу есімдігінің мұндай қолданысы қазіргі қазақ тіліне де жат емес. Алайда қазіргі қазақ тіліндегі мұндай қолданыс негізінен сөзді стильдік мәнерлеумен ұштасып жатады. Бұ ол тіркесі де, біздің байқауымызша, көбіне тек жазба тіл мұраларының тілдік ерекшелігі ретінде ғана ұшырасады. Ауызекі сөйлеу тілдің негізгі заңдылықтарын байқататын Орхон-Енисей жазбаларында немесе «Кодекс куманикусте» мұндай қолданыстың кездеспеуі соны дәлелдейді. Әйтпесе, XIV ғасырда жазылған «Кодекс куманикусте», XI ғасырда жазылған «Құдатқу білікте» қолданылған тілдік фактінің ұшыраспауын ешбір ерекшелікпен түсіндіру мүмкін болмас та еді. «Қудатқу білік» өз заманының жазба тілінің ескерткіші. Ал жазба тіл қашанда сөзді саралап, нақтап қолдануға ұмытылатыны белгілі. Бұ ол тіркесі де сондай мақсаттан туған деп қарауға болар еді. Жазба тіл құрамында қалыптасқан тіркес жиі айтылу процесінде кірігіп бұл күйіне келуі әбден ықтимал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *