Синтаксистік стилистиканың қолданылуы

Синтаксистік стилистиканың қолданылуы.

Дәріс жоспары:
1. Синтаксистік құрылыс және стильдер жүйесі.
2. Синтаксистік синонимдер.
3. Экспрессивті білдірудің синтаксистік тәсілдері.

Мақсаты: Синтаксистік стилистиканың қолданылуы туралы мәлімет беру.

Қысқаша мазмұны:
Көркем шығарманың стильдік даралығын ұйымдастырып белгілеуде тілдің құрылымдық, синтаксистік құралдарының қызметі ерекше. Жазушы үшін оның сөйлемдерінің құрылысы мен көлемі, байланысу тәсілдері мен бір-біріне орналасу реттері бәрібір емес. Сондай-ақ сөйлем ішіндегі сөздердің орын тәртібі, айтылу ырғағы, керек десеңіз, тыныс белгілеріне дейін белгілі бір жүк арқалап, стильдік көркемдік қызмет атқарып тұрады».
Әр жазушының өзіне тән сөз қолдану тәсілі оның суреткерлік шеберлігіне байланысты. Көркем шығармада кейіпкер бейнесін беруде кейіпкер тілінде қолданылған қаратпа, қыстырма сөздердің де өзіндік қызметі бар. Синтаксистік стилистикада синонимдердің орны ерекше. Синтаксистік синоним болу үшін мынадай шарттардың орындалуы қажет: синтаксистік қатынас болуы қажет, құрылымдардың лексикалық құрамы бірдей болуы тиіс, мағыналық жақындық болуы тиіс. Синтаксистік құрылымдардың синонимдік қатар түзуінің тағы бір шарты – олардың арасында мағыналық, тұлғалық айырмашалақтың болуы. Бұл арада синтаксистік құрылымдар синонимдік қатарға түсу үшін мағыналық жақындықтары болуымен қатар, олардың мағыналары арасында сәл де болса айырмашылық та болуы тиіс. Синтаксистік синонимдерге тән тағы бір белгі – экспрессивтілік пен модальділік.
Синтаксистік сионимге тән белгілер қатарына трансформациялықты да жатқызуға болады.
«Екі не одан көп сөз тіркестері немесе сөйлемдер бір-бірімен синоним болу үшін, алдымен олар параллелизм болулары керек. Параллелизм болмаған конструкциялардың синоним құрулары мүмкін емес. Демек, синоним – параллелизмнің бір түрі. Синонимдердің кезкелгені параллелизм болады да, кез келген параллелизм синоним болмауы – табиғи құбылыс».

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.
2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999
3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982
4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996
5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А, 1984

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *