Сан есімнің грамматикалық категориялары. Қазақ тіліндегі септіктер
Тіліміздегі сан, санақ, мөлшер жайлы ұғымды білдіретін сездер бірнеше түрлі және олар қүрамы жағынан да әр түрлі. Сөз таптарының ішінде бір-бірінен өзгеше қалыптасқан, көпшілігінде бір-бірінен алшақ, бір-біріне сай түспей жататын да осы сан есім-дер. Рамстедт алтай тілдеріне ортақ сан есім деп тек қана төрт (4) сөзін көрсетеді. Алтай тілдерінде сөз таптарының басқа түр-лері негізгі грамматикалық категориялар ыңғайында бір-бірімен байланысып жататындығы мәлім. Сан есімдер ыңғайындағы бұл ерекшелік, олай болса, халықтардың тарихи даму барысында әр түрлі саяси-мәдени, экономикалық жағдайлардың негізінде ғана пайда болуы мүмкін. Кейбір халықтар тілінде сан, санақ, мөлшерді білдіретін сөздердің жат тілдік элементтер негізінде қалыптасу фактілері де соны дәлелдейді. Бүндай фактілер түркі тілдерінде бірсыпыра этимологиясы анық емес сөздердің о баста пайда болуы сондай жат тілдік әсердің нәтижесі емес пе екен дейтін ойға итермелейді. Миллион, триллион тәрізді сөздер кейінгі дәуірлерде батыс тілдерінен келгені анық. Ежелгі түркі тілдерінде мұндай сөздер де, бүндай ұғым да болған емес. Ал түмен (он мың мәнін берген) сөзі түркі тілінде қолданыс тапқанмен, қазір қолданудан шығуға айналған сан есім. Зерттеушілердің бірсыпырасы бұл о баста монғол сөзі болса керек дейтін жорамал да айтады.
Тіліміздегі сан есімдерді басқа тілдер (туысқан тілдер) материалдарымен салыстырғанда, сондай-ақ, ескі түркі фактілерімен салыстырғанда, олардың бәріне ортақ кейбір жайлар анықтала-ды. Сан есімдердің көпшілігі (түбірлер) өздерінің қалыптасу негізі жағынан басқа сөз таптарымен (есімдер, етістіктер) тығыз байланысты болып келеді. Бір кезде зат және қимыл-әрекетті білдірген сөздердің кейбірі адам баласының айналадағы дүние жайлы ұғымдарының дифференсациялануына, адам ойының интеллектуалдык өсуіне байланысты сан, зат пен кұбылыстың сандық мөлшерін, шамасын білдіре бастауы әсте жат құбылыс емес. Тілдегі белгілі бір ұғымдар жүйесін білдіретін сөздердің барлығы бірдей тұтасымен басқа, жат тілдерден ауыса бермейді. Өзінде жоқ бірен-саран сөздерді қабылдағанмен, мүмкіндігіне орай өз ішіндік ресурстарды пайдалануға тырысатыны анық. Әйткені жат тілдік элемент қашанда жат, тілдің ішкі заңдылықтарымен бар кезде бірдей астаса бермейтінін былай қойғанда, ондай шеттен енген сөздер бар уақытта тілдің ішкі заңдылықтарына үйлесе де бермейді. Шет сөздердің көпшілігінде тілде көп тұрақтамай, қолда-ныстан шығып қала беруінің басты бір себебі осында жатыр. Екін-ші жағынан, басқа сөз таптарынан сандық мән алып, сан есімге ауысқан түбірлер (сол сияқты басқа тілдерден енген кейбір сез-дер де) тілдің даму барысында өзара бірігу жолымен немесе аф-фикстер арқылы күрделеніп отырған.
Түркі тілдеріндегі сан есім сөздер о баста ескі үнді, қытай тіл-дерінен ауысқан дейтін жорамал айқын тілдік зерттеулерге құ-рылмай, ескі дәуірдегі мәдениет үндестігін (айталық, қазіргі өз-бектер құрамындағы кейбір халықтар мен үнділер, парсылар мен унділер) немесе сол ежелгі дәуірдегі саяси және әскери байла-ныстар тарихын ескеруден ғана туса керек. Әйтпесе ескі түркі ті-лінде сандар жүйесін білдіретін сөздер мен қазіргі сондай сөздер-ді салыстыра зерттеу олардың жат тілдік ортада емес, түркілік топырақта қалыптасқандығын дәлелдейді.
Санау жүйесі және сонымен тығыз байланысты болып келетін есептік сан есімдер тарихи тұрғыдан сан жайлы ұғымды білдіретін басқа сөздердің алғашқы ізі тәрізді. Олай болатыны — қазіргі күрделі сандық ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің барлығы да осы сөздердің негізінде ғана пайда болғандар.
Орхон және Енисей бойларынан табылған тас жазуларда, сондай-ақ одан кейінгі ғасырларға қатысты ұйғыр, араб жазуының ескерткіштерінде көп қолданыс тапқан сан есімдердің қысқа тізімі мынадай: бір, ики (екі), уч (үш), төрт, дөрт (төрт), бичи, бечи (бес), алты, йити, йети (жеті), секиз (сегіз), тоқуз, он, йигирми, йегирми, отуз, қырк, мин, бин (мың), түмен (он мың), алтмыш (алпыс), елиг (елу), йетміш (жетпіс), т. б.
Сан есімдердің негізгі тобы — бірден онға дейінгі сандарды білдіретін сөздер.
Рамстедтің алтай тілдері фактілерін салыстыру арқылы топшылауларын келтіре кетудің артықтығы жоқ. Ол мынадай ой айтады. Бір сан есімінің арғы негізі моңғолдың бүрі «барлығы, бәрі» дейтін сезі, осы ретпен қазіргі қазақ тіліндегі бір сөзі мен бәрі сөзінің арғы тегі бір, бір ғана түбірдің екі түрлі дыбысталуы деп қарау керек болады. Бұған мынадай негіз бар: ерін дауыстыла-рының қысаң дауыстыларға ауысуы түркі тілдерінің қалыптасу барысында кездесетін құбылыс (е-і, ү-і).
Оның үстіне, туркі тілдерінің кейбірінде бір сөзі і дауыстысымен емес, е дауыстысымен ғана айтылады. Мысалы, башқұрт: бер, хакас: пер, т. б. Соған қарағанда, монғолдық бүрі, түркілік бөрі, бір — ұялас түбірлер, олар әрі екі түрлі дыбысталған, әрі екі түрлі мағына алған (бәрі, бір). Екі — сан есімнің арғы түбірі мағынасы көмескіленіп кеткен екі сөзі болу керек және сол екінді сәзімен түбірлес деп қарайды. Рамстедт ол түбірдің алғашқы мәні еру, ілесу деп қарайды. Екінді сөзі, бұған қарағанда мынадай элементтерге бөлінсе керек: ек-ін (қимыл есім тұлғасы) -ті. Бес (кейбір тілдерде беш) сөзі қол мағынасындағы «білек» сезімен ұялас дейтін пікірді басқа да зерттеушілер қолдайды. Егер осы этимологияны жобаға соғады деп қарасақ, онда сөз түбірі о баста беш не біл түрінде емес, пел түрінде айтылса керек. Чуваш тілінде пеллек «бес» мәнін береді. л~ш сәйкестігі монғол тілдері мен түркі тілдерінің арасында ғана емес чуваш тілі мен басқа түркі тілдерінің арасында да кездесетін құбылыс. Қазақ тілінде бес сезі бүтін қол мәнінде де жұмсалады.