САЗҚҰНДЫЗЫНЫҢ ТЕРІСІ
Сазкұндызының отаны — Оңтүстік Америка. Біздің елге бұл жәндік 1930 жылы әкелінді. Сазқұндызы оңтүстік аудандардағы суларда мекендейді, сонымен қоса оны торда өсіру кең қанат жайды. Сазқұндызының терісін дайындау жылына 200 мың данаға дейін жеткізілді. Терінің көпшілік бөлігі мамандандырылған ірі совхоздар мен сазқұндызын өсіретін әуесқойлардан келіп түседі.
Сазқұндызының терісі біршама ірі. Олардың жүні ірі, қылшықты, түбіті қою, әрі жұмсақ, Әсіресе жота жүні өскелең. Е. В. Фадеевтің дерегі бойынша, қысқа терінің жотасындағы бағыттаушы талшықтардың үзындығы — 50 мм, қылшығы — 26 мм, талшығының үзындығы, сондай-ақ тері тканінің қалың-дығы жөніндегі топография суретте келтірілген.
Сазқұндызының жүні суда өсетін жәндіктерге тән —жотасына қарағанда бауыр жүні екі еседей қою, мүнда тек түбіт талшықтар саны көбейеді. Соның нәтижесінде жотасында бір жабын талшыққа 25—27, ал бауырында —68—70 түбіт талшық келеді.
Сазқұндызы жүнінің түсі — әр түрлі реңді қызылқоңыр-сұр, кейбіреуі қоңырқай-қоңыр. Аңшылық шаруашылықтарында, сонымен қоса, түрлі түсті — маржан түстесі, күміс түстес, сарғылт, алтын түстес, сондай-ақ ақ және қара түсті сазқұндыздары өсіріледі. Сазқұндыз терісін сан жағынан тіліп бітеудей сояды, ластан, қаннан тазартады, майын мұқият алады. Құйрығы мен сирағын кесіп тастайды. Теріні стандартты кергіште жүнін ішіне қаратып жайып, ұзындығының еніне ара қатына-сын 3:1 тең етіп алады,
Теріні құрғақтай керіп консервілейді. Алғашқы өңдеу кезінде майын алуға ерекше көңіл бөлу қажет, өйткені бұл опперацияда тері тканіндегі талшық түбі абайсызда бүлінуі мүмкін. Сазқұндызында жүн талшығының алмасуы бірте-бірте жыл бойы өтеді.
Мех өнеркәсібі жыл сайын 150—170 мыңдай сазқұндызы терісін өңдейді, соның ең таңдаулыларының жүні қырқылып, қылшықты жабын талшықтары алынады. Қылшығы жұлынған сазқұндыз терісін маймыл мехы деп атайды. Сазқұндызы терісінің едәуір бөлігі, соның ішінде барлық түрлі түсті терілер жабын талшығы қалдырылып, қырқылмаған күйінде шығарылады; терінің біразы қырқылып, жабын талшығы сақталады. Сазқұндыз терісін бітеудей, сондай-ақ айқара ашып сыдырып алады. Айқара ашып сыдырғанда теріні жотасынан тіледі, өйткені бауыр жүні едәуір бағалы болып есептелінеді.
Иленген тері аумағы 4-тен 16 дм дейін, бір терінің салмағы шамамен 100 грамдай. Сазқүндызының тері ткані біршама қалың, бірақ, жеңіл, әрі онша тығыз емес. Ең қалың тұсы жотасы мен бүйірлері, ал ең жүқа жері — бауыр терісі (жотасына қарағанда шамамен екі еседей жұқа). Тері тканінің шамалы тығыздықта болатыны, талшық тамыры енетін емізікті дабат-
тың күшті дамығандығынан, әрі тері бездерінің жақсы жетіл-
гендігінен.
Иленбеген сазқұндыз терісін ГОСТ 2916-66 бойынша сорттайды. Тері аумағына қарай төрт топқа бөлінеді: ерекше ірі —
аумағы 2400 см 2 астам, ірі — аумағы 2000-нан 2400 см 2 дейін, орташа —1200-ден 2000 см 2дейін және ұсақ — 800-ден
1200 см 2 дейін.
Жүн талшығының жетілу дәрежесіне қарай екі сортқа бөледі.
I .сортқа — жүні толық жетілген, қылшығы жылтыр, түбіті қою, бауыры жақсы түбіттенген терілер;
II сортқа — жүні онша жетілмеген, қылшығы мен түбіті жеткіліксіз өскен, сондай-ақ жүні сирей бастаған терілер жатады.
Сазқұндыз терісінің жүнінде мынадай тустер кездеседі: жотасындағы қызылқоңыр жабын талшығы сұрғылттау-қызылқоңырдан,қоңырқай-қызылқоңырға дейін немесе қоңыр түске дейін, бауыры ақшыл-сарғыш, түбіті -қоңыр-қызылқоңыр түстен ақшыл-қызылқоңыр түске дейін құбылады; маржан түстілері — жотасындағы жабын талшығы қызылқоңыр, бауырында — сарғыш, жабын талшығыньщ ұшы көбінесе ақ, жота түбіті сарғыш. Бұған маржан түсті және ақсары реңді италиялық сазқұндыздар жатады.
Күміс түстілері — жабын талшығы қоңырқай-сұрғылт, жота тубіті қызылқоңыр, бауыр жүні күміс түстес ақшыл-сұр; сарғыш түстілері — жабын талшықтары қоңырқай сарғыш, ұшы ақшылдау, түбіті ақшыл-қызылқоңыр, алтын түстілері —жабын талшығы алтын түсті немесе тұтастай ақшыл-алтын түсті, түбіті сарғыш немесе ақшыл-сары, реңі алтын түстес (түбіт талшығының ұшы едәуір қоңырқай болуы мүмкін); ақ түстілері — жабын және түбіт талшықтары ақ; қара түстілері — жотасындағы жабын талшығы қара немесе шымқай қара, бауыр жүні қоңырқай-қызылқоңыр немесе қара, түбіті қоңырқай-қызылқоңыр не шымқай қара.
Сазқұндыз терісінің негізгі ақаулары — жарылу, тесілу, қажалу, жүн талшығының жапырылуы, тістелуі, тықырлануы, терінің негізгі түсінен өзгешеленетін түс теңбілдері, жүнінің жидуі, терісін сыпырғанда бауыр жағынан тілу (сазқүндыз терісін әдетте жотасынан тіледі), терінің тұтастығының сақталмауы (бауырынан тілуі), майының дұрыс алынбауы.
Сазқұндыз терісін ақаулық дәрежесіне қарай қалыпты және ақауы аз, орташа, көп терілер деп бөледі. Иленген сазқұндыз терісін ГОСТ 12133-66 бойынша сорттайды. Тері жүнін әрлеу әдісіне карай қырқылған және қырқылып, кылшығы алынған деп бөледі.
Қыркылмаған табиғи теріні түсіне карай қызылкоңыр, маржан түстес, күміс түстес, сарғыш, алтын түстес және ак түсті деп бөледі. Жүн талшығының сипаттамасы иленбеген терінікімен бірдей.
Қылшығы жүлынып, кырқылған және қырқылмаған терілерді қоңырқай-қызылқоңыр, мұнда жотасы мен бауыры қоңырқай-қызылқоңыр түсті және кызылқоңыр, бауыры қызыл-қоңыр немесе ақшыл-қызылқоңыр деп бөледі. Сазкүндыз терісі әр түрлі түске боялуы мүмкін, бірақ міндетті түрде түсі бірыңғай болуы тиіс.
Қырқылмай иленген әр түрлі сорттағы теріге қойылатын талаптар шикізатқа қойылатын талаптарға үқсас.
Егер қырқылған терінің жүні қою, қылшығы жиі, түбіті тығыз болса I сортқа, егер жүн талшығы онша қою емес, кылшығы мен түбіті едәуір сирек болса II сортқа жатқызылады. Қырқылып, қылшығы жұлынған теріде түбіті қою, жүмсақ болса I сортқа, ал түбітінің қоюлығы мен жұмсақтығы шамалы болса II сортқа жатқызады.
Иленген тері ақауларына — тігіс, тесілу, тістелу, қырқылу, Кажалу, басқа түспен дақтану және қырқылып, кылшығы түтас жұлынбай қалу сиякты кемшіліктері жатады. Теріні ақаулық дәрежесіне карай калыпты және ақауы шамалы, орташа, көп деп бөледі.