ОНДАТР ТЕРІСІ

ОНДАТР ТЕРІСІ

Ондатр отаны — Солтүстік Америка. Біздің елге ондатр тұңғыш рет 1927 жылы әкелінді, қазір бұл жәндік бұрынғы Кеңес Одағының барлық территориясында мекендейді. Жыл сайын ондатрдың бірнеше миллион данасы дайындалады. Ондатр терісі көбінесе Батыс Сібірден, Қазақстанның (негізінен Балқаш көлінен) және Өзбекстаннан (Әмудария сағасы) дайындалады. Ондатрдың екі түрлі түсі болады: сарғыш және қара. Ондатрдың кепшілік бөлігі сарғыш түсті, ал қара ондатр Санкт-Петербург, Псков, Новгород облыстарында және Қраснодар өлкесінде аздап кездеседі.

Ондатр терісінің жүні жылтыр, ұзындығы орташа. Жотасындағы жабын талшығы біршама ірі, қою жүмсақ түбіттен едәуір ерекшеленіп тұрады. Жота жүні сарғыш, қызылқоңыр. Бүйір жүні ақшылдау, бауыр жүні боз-ақ түсті. Қара ондатрдың жота және бүйір жүндері қоңырқай немесе қарақоңыр, сарғыш реңі жоқ, түбіті қара-сұр. Бауыры — боз-ақ түсті. Ересек ондатрдың бауыр жүні жотасынан гөрі өскелең. Терінің әр түрлі жеріндегі жүн талшығының ұзындығы біркелкі емес. Ең ұзын жүні санында, ең қысқасы бауырында.

Ондатр терісінің тканінде емізікті қабат күшті дамыған. Бұлай болатын себебі, терінің көпшілік бөлігінде жүннің түлеуі әр түрлі сатыда өтеді. Ондатрда жүннің алмасуы — түлеуі баяу өтеді, тек көпшілік жәндіктердің толық түлеп жетілген жүні болады. Мұндай жағдай теріні илеуді қиындатады, әрі жабын талшығының түсуіне себепші болады. Ондатр терісі тозуға біршама берік, оның тозуға беріктігі қамшаттың 50 %-індей, Терісін сыпырар алдында ондатрды кептіреді. Оны сан жағынан тіліп, бітеудей сояды. Құйрығы мен сирақтарының төмен-гі бөлігін алып тастайды. Сыпырып алынған теріні ластан, қаннан,майынан тазартып, теріні бүлдіріп алмауға тырысады. Терінің майын өтпейтін пышақпен мыжғылауға болмайды, мұндайда май дермаға сіңіп кетеді де сақтаған кезде тотығып, теріні жарамсыз етеді. Терінің жүнін ішіне қаратып кереді де, құрғақтай кептіріп консервілейді.

Кейде теріге горчица ұнтағын сеуіп консервілейді. Бүл әдіс шикізатты жақсы сақтауға, алғашқы өңдеуді жеңілдетуге (мәселен майсыздандыруды) мүмкіндік береді. Мүндай консервілеу жақсы нәтиже берді. Мех өнеркәсібі жылына 1—1,5 млн ондатр терісін өңдейді. Көпшілік теріні қызылқоңыр түске бояп, қара-күзен мехының түріне келтіреді. Теріні әуелі ағартып алып, ақшыл реңге—сұр-көгілдір, сарғыш түске де бояйды. Терінің біраз бөлігін табиғи түрінде шығарады. Ондатр терісін түтастай, немесе жотасы мен бауырын пайдаланады.

Иленбеген ондатр терісін ГОСТ 2966-67 бойынша сорттайды. Теріні мөлшеріне қарай ірі — аумағы 650 см астам және үсақ —аумағы 400-ден 600 см 2 дейін деп беледі. Иленген терінің

аумағы 3-тен 8 дм дейін (орташа 4,5 дм 2 ). Терінің орташа салмағы 40—45 г. Ондатр терісі жүнінің өскелеңдігіне карай үш сортқа бөлінеді. I сортта жуні жылтыр, әрі жақсы жетілген —қылшығы мен түбіті қою терілер жатады. Бауыры мен бүйірінде шелі түтастай көк болуы мүмкін, бірақ жота терісінде көгі шамалы болуы желке ортасында және жотасының алдыңғы бөлігінде қызыл-қоңыр рең болмауы тиіс (қызыл-қоңыр рең болса, терінің осы бөлігінде жаңа жүн талшықтары жетіле бастағандығын көрсетеді),

II сортқа жүні сиректеу тері жатады. Ересек ондатр терісінің жүні сирек, жылтыры шамалы, ескі қылшықтары қалған, ал жас ондатрдың терісі — жылтыр, жуні жетілмеген, әсіресе жота жүні тақыр. Жас ондатр терісінің шелінде көктің болуы еленбейді, ал ересек ондатрдың терісінде көк теңбіл түрінде немесе терінің бүкіл аумағында ептеген көк болуы мүмкін.

III сортқа жүні сирек,,ескі кемескі қылшығы және жаңадан шыға баетаған талшығы бар ересек ондатр терілері мен жылтыры шамалы, қылшығы мен түбіті шамалы жетілген, жотасы ойдымдалған жас ондатр терілері жатады. Тері тканінде көктің болуына шек қойылмайды.

Жүні күңгірт, өңсіз қылшығы қүрғақ, әрі тез сынатын, түбіті сирек, тері ткані қалың, әрі қатқыл, ақшыл немесе қызылқоңыр теңбілі бар терілер (ересек ондатрдың жазғы терісі), сондай-ақ жас ондатрдың жүні «Үрпиген», тері ткані жұқа терілер

стандартқа жатқызылмайды да, оларды аулауға тыйым салынады.

Ондатр терісінің негізгі ақаулары: жыртылу, тесілу, оқ тесу, тістелу, қырқылу, жарылу, көктемгі түлеу белгілері (жүнінің көмескіленуі және аздап сиреуі, шелінің қалыңдап, қатаюы), майының жөнді алынбауы, бүктелген күйінде кептірілуі. Терінің ақауын айырғанда қалыпты және ақауы шамалы, орташа, көп деп беледі.

Өңделген ондатр терісін ГОСТ 11106-64 бойынша сорттайды. Жүнін әрлеу әдісіне қарай теріні қырқылмаған, қырқылған, қылшығы қырқылған; ал түсі бойынша — табиғи және боялған деп бөледі. Табиғи терінің жотасы күрең-қызылқоңыр, бүйірі ашық қызылқоңыр және бауыры боз-ақшыл болуы тиіс. Түбіті сұр, ұшы қызыл-қоңырлау.. Боялған теріні қара және түрлі түсті деп бөледі. Қара түсті тері жүнінің ең кемі 2/3 үзындығы қара түсті, ал түбі қара немесе қарақошқыл болуы мүмкін. Түрлі түсті терілерге қызылқоңыр, көгілдір, сарғыш және басқа түстер жатады. Түсі жотасынан бүйіріне қарай, қылшық ұшынан түбітіне дейін әлсіреуі мүмкін.

Қазіргі кезде анилиң бояуымен қара түске боялған ондатр терілері шығарылмайды, себебі анилин бояулары тері тканінің беріктігін едәуір әлсіретеді.

Қырқылмаған тері үш сортқа, ал қырқылғаны және кылшығымен қоса қырқылғаны — екі сортқа бөлінеді. Стандартсыз иленген терінің әр түрлі сорттарына қойылатын талап иленбеген теріге қойылатын талапқа ұқсас. Егер қырқылған терінің жүні өскелең, бүкіл тері аумағының түбіті тегіс, қылшығы майда болса I сортка, егер жүнінің өскелеңдігі шамалы, жылтыр, бүкіл тері аумағында түбіті тегіс, қою болса II сортқа жатқызады.

Терідегі ақаудың аз-көптігіне және мөлшеріне қарай иленген ондатр терісін қалыпты және А, Б, В тобындағы ақаулы деп бөледі. Ақауына жататындары: тігіс орны, қырқылу, тесілу, қылшығының мыжылуы, жүні түсіп тақырлану, қырқылған тері де қылшығының қалуы (егер терінің бүкіл аумағында 20 %-тен астам қылшық қалса, онда оны қырқылмаған деп есептейді).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *