Ол жіктеу, сілтеу есімдігімен түбірлес ана, анау сөздерінің құрамындағы -а, -у элементтері жайлы да осы айтылғандарды қайталау керек. Қосымша айта кететін жай: ескі жазбалар тілінде, сирек те болса ан есімдігі кездеседі. Осы ан мен анау, ана есімдіктері төркіндес. Ал ан о баста шығу тегі жағынан ол есімдігінің фонетикалық варианты: о/а. Соңғы -к-ді ол құрамындағы -л-дің өзгерісі деп қарау керек пе, әйтпесе өз алдына дербес тулға деп есептеу керек пе — ол жағы айқын емес. Алайда ескерткіштер тілінде ұшырасатын ан (атау тұлға) есімдігінің құрамындағы -к ол құрамындағы -л-дің фонетикалық варианты болмаса керек. Қайта ан құрамындағы -к-мен, сен жіктеуліктерінің құрамындағы -н-мен тектес болуы мүмкін. Алтай тілдерін зерттеушілер кейбір тілдерде қолданылатын ын, ін есімдіктері де осы ұялас сөздер деп есептейді. Сонда ол сілтеу есімдігінің алғашқы түбірінің мынадай фонетикалық варианттары болған деп қарауға болады: а//о//ы//і. ы, і дыбыстарынан басталатын варианттардың ізі ескі жазбалар тілінде ұшырасады: інче (інча) (солай, сондай, ҚБ), ынчып (ын-чып, сондай, солай, ТЖ-)> ынару (ы-нару, немесе ын-ару, оған, соған, -ғару барыс септік, ТЖ). Бұлардың сол тілдегі қолданысын еске алсақ, ол есімдігімен ұялас екеніне күмән тумайды, а дыбысымен келетін варианттың да ескі жазбалар тілінде ізі бар: анча (ан-ча, ҚБ), анчада (ан-ча-да — сонда, сол кезде), анчақынча (ан-чақ-ын-ча—■ сол шақта, сол кезде. ТЖ-)> аңтағ (ан-тағ—андай, сондай. ҚБ). Бұл сөздердің қазіргі қазақ тіліндегі анша (анша — мұнша), ан-дай (ғ — й) сөздерімен тұлғалас екені ешбір дау туғызбайды. Сөйтіп бұл фактілерге қарағанда, қазақ тіліндегі ана, анау сөздері құрамындағы а мен ол дегендегі о бір түбірдің екі варианты болып шығады.
Осы ан түбірі әне, әнекей сездерінің құрамында да ұшырасады, ән түбірі осы тұлғасында жалпы алтайлық ін (ын) есімдігімен тікелей байланысты, і>ә ауысуы тарихи тұрғыдан жеке фактілер ыңғайында ұшырасып отыратын құбылыс. Ән түбірі осы көрсетілген екі сөз құрамында ғана ұшырасуы да оның ескі қалдық екенін көрсетеді.
Сол сілтеу есімдігі нақ осы тұлғасында қазіргі қазақ тілінен басқа қарақалпақ, ноғай тілінде кездеседі. Басқа тілдерде бұл есімдіктің фонетикалық сипаты мынадай: башқұр, татар тілдерінде — шул, қырғыз тілінде — ошол, ошо, кұмық тілінде — шол, со, түрік түрікмен тілдерінде — шу, якут тілінде сити. Осы фактілерді салыстыра келгенде с дыбысымен айтылу қыпшақ тобына тән екендігін байқауға болады. «Кодекс куманикусте» сол, шол тұлғасының екеуі де ұшырасады. Бір-бірінен мағыналық айырмашылығы жоқ, тек дыбыстық қана ерекшеліктері бар бұл сөздердің жалпысына ортақ түбір мен жасалу, қалыптасу жолын айқындауда қырғыз тіліндегі ошол тұлғасы басты тірек болса керек. Нақ осыған ұқсас тұлға «Құдатқу білікте» кездеседі: ошул. Қырғыз тілінде және «Құдатқу білікте» ұшырасатын осы тұлғаны құранды деп қарауға әбден негіз бар: ош-ол (ул). Бұлай деуге қазақ тіліндегі осы сілтеу есімдігінің алдыңғы элементі ос (ош) және қазіргі өзбек тіліндегі ушбу есімдігінің алдыңғы морфемасы уш дәлел. Осыларды салғастыра келгенде, бір кезде тіл құрамында есімдіктерге қабаттаса айтылатын ош (немесе уш) күшейтпелі сөзі болған деп шамалауға әбден болар еді. Күшейтпелі ош (уш) сөзі сілтеу есімдіктерімен қабаттаса алдынан айтылған да, келе-келе әр түрлі фонетикалық өзгеріске түсудің салдарынан қазақ тілінде сол, бас-қа тілдерде шул, т. б. тұлғада қалыптасқан болса керек. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде сөздің алғашқы күйін сақтап қалған тіл деп тек қана қырғыз тілін атауға болады. Қазақ тілінде сол түрінде қалыптасуын ош-ол//ос-ол-шо-л//со-л/Іш-с арқылы, яғни, алдыңғы дауыстының редукциялануы деп қана түсіндіруге болады. Соңғы -л дыбысы факультативті элемент. Түркі тілдерінің бірсыпырасын-да бұл (-л-сіз айтылу) әбден орныққан құбылыс.