Ойынның шабуыл мен қорғаныстағы тактикасы

Ойынның шабуыл мен қорғаныстағы тактикасы.
Мақсаты: Шабуыл мен қорғаныс тактикасын меңгерту, әдістерін үйрету.

Шабуылдай соғуда жүгіру, секіру және жерге түсу сәттері ерекше бөлінеді. Жүгірген кезде бір адымнан үш адымға дейін орындалады.
Секірген кезде қолдың қимылын аяқтың жазылуымен сәйкестенділген жөн. Доп секірудің ең жоғарғы нүктесінде соғылады. Жерге жұмсақ түскен жөн (аяқты міндетті түрде бүгеді) (1 сурет)

Шабуылдай соғуды үйрену үшін:
1. Бітеу допты (1 кг) екі қолмен секіріп барып бастан асыра лақтыру
2. Гимнастикалық төсеніште тіземен тұрып допты саусақпен еден-қабырғаға сауасқпен соғу.
3. Серппеге орнатылған допты біо орында тұрып, секіріп барып, жүгіріп келіп шабуылдай соғу.
4. Іліп қойылған допты шабуылдай соғу. (2 сурет)

5. Әріптесі соққан допты соғу.
6. 3-аймақтан берілген допты 4-аймақта соғу.
Оқушылар көп жағдайда допты қаттырақ соғуға құмар болады. Алайда мұның өзі қозғалысты тежеп, дұрыс дағдылануға зиянын тигізеді. Ең бастысы қозғалысты доптың үшу траекториясымен сәйкестендіре білу. Әбден дағдыланған соң барып допты соғу күшін арттыруға болады. Шабуылдай соғу әдісін дұрыс игере алмағандарға тор арқылы әріптесі лақтырған допты соғу сияқты жаттығулар орындалады.
Тосқауыл қою, шабуылдаушы соққыдан қорғанудың сенімді жолы
(3 сурет). Оның мәні доптың келе жатқан бағытына тордың үстіне қолды уақтылы қоя білу. Шабуылдай соғуға доптың берілу бағытына және шабуылшының тұрған қалпына қарай тосқауыл қоюшы секіруге дайындалып, сонымен қатар шабуылшының қозғалысын қалт жібермей бақылайды. Тосқауыл қоюшы қолдары соғылған доппен тордың үстіне кездесетіндей есеппен секіреді және қол мен саусақтар жоғарыдан төмен қарай бағытталады.
Тосқауыл қоюды игеру үшін:
1. Бір-екі адыммен немесе екі аяқпен бір орыннан секіріп, іліп қойған бітеу допты алу.
2. Шабуылдаушы тор арқылы екі қолмен доп лақтырғанда тұғырда тұрып тосқауыл қою.
3. Іліп қойған допты шабуылдай соққанда бір орыннан секіріп тосқауыл қою.
4. Тұғырда тұрып шабуылдай соққан допқа тосқауыл қою.

Шабуылдағы және қорғаныстағы әдісті қозғалыстар волейболшылардың ойын кезіндегі әрекетін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Допты ойынға қосу кезінде ойыншы қарсы жақтың оны қабылдауын барынша қиындатуғы тырысады. Көбіне доп нашар ойыншыға, немесе алаңнан бастапқы , немесе бйір сызығына қарай бағытталады. Соңғы шабуылға доп берген ойыншы оған қарсы қарап тұрады.
Оқушылар доптың үшу қашықтығы мен жылдамдығына қарай оны екі қолмен жоғарыдан немесе төменнен қабылдауды игереді. Бір ойыншы жоғарыдан екі қолмен, немесе бір қолмен соғып, түрлі траектория бойынша доп береді. Екіншісі жоғарыдан не төменнен екі қолмен допты қабылдайды, келесіде тордың екі жағынан орындалады.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» — М., 2001.
2. Матвеев Л.П. — «Теория и методика физического воспитания» — М., 1991.
3. «Мектепте волейболды оқыту» — әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *