-мақ, -мек. V—VIII ғасыр ескерткіштері

-мақ, -мек. V—VIII ғасыр ескерткіштерінде -мақ форманты есід-мек тәрізді бір-екі сөз құрамында ғана ұшырайды. Ал ортағасырлық жазбалар тілінде бұл формант аса жиі қолданыс тапқан тұлғалардың бірі. Қашқари бұл тұлғаны масдар деп түсіндіреді. Қазіргі тілдерде -мақ форманты негізінен үш түрлі қызметте ұшырасады. Істі атқаруға ниетті екенін білдірудің тәсілі ретінде ол, әрине, келер шақ мәнін береді. Қимыл есімі есебінде қолданылады (көрмек, білмек — ерге сын). Сонымен қатар, инфинитив мәнін де береді. Қазіргі қазақ тілінде осы үш түрлі қызметтің алғашқы екеуі бұл тұлғаның негізгі мәндері. Инфинитив қызметінде қолдану XIII—XIV ғғ. қыпшақ жазбаларының тілінде ұшырасады. Орта ғасыр жазбаларында -мақ, сонымен бірге, істі атқаруға ниеттілікті (форма намерения) білдіретін тұлға мәнінде де қолданылған. Инфинитив мәнінде қолданылуы қазақ арасында XIX ғ.-да қолданылған кітаби жазба тілде кездеседі. Алайда қазақтың халық тілі мұндай ретте тұлғасын қолданады.

         Орхон-Енисей жазбаларында, сол сияқты кейінгі дәуірлерге қатысты жазбалар тілдерінде -ш (-ыш, -іш), -ч (-ынч, -інч) қимыл есім форманттары жиі ұшырасады. Алайда бул екеуінің арасындағы өзгешелігі — алдыңғы аффикс етістіктің таза, қосымшасыз түбіріне тікелей жалғанады да, соңғысы тұлғалы, яғни, ырықсыз етіс тұлғасының үстіне барып жалғанады. Қазіргі қазақ тілінде бұлардың екеуі де фонетикалық өзгеріске ұшыраған: ш>с,ч>ш. -алыс, барыс, жатыс, шығыс, қалыс, батыс, келіс, өкініш, күйініш, сүйініш тәрізді сөздер осы тұлғаның негізінде қалыптасқандар.

зақстан тұрғындары тілінің, әсіресе фонетикалық және морфоло-гиялық сипатын білумен қатар, жазба тіл мен сөйлеу тілінің ара-сындағы кереғарлықтың дәрежесі туралы толық мәлімет алуға болады.

Оңтүстік Сырдария бойын мекендеген қазақтардың тілі М.А.Терентьевтің «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская» (СПб, 1875) және «Хрестоматия турецкая, персид-ская, киргизская и узбекская» (СПб, 1876) деген еңбектерінде лингвистикалық және филологиялық талдаулар объектісі болды. Оңтүстік қазақтарының сөз үлгілері Я. Я. Лютштың «Киргизская хрестоматия. Сборник образцов народной л-итературы киргизов Туркестанского края» (Ташкент, 1883) деп аталатын еңбегінде бе-рілген. Ал сол заманғы қазақ жазба тілінің үлгілері И. Н. Бере-зиннің «Турецкая хрестоматия» атты сериясының III томында бе-рілген (СПб, 1890). Қазақ руларының атаулары, діни салтқа байланысты сөздер, этнографиялық атаулар А. И. Левшиннің «Опи-сание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей» (СПб, 1832) атты зерттеу еңбегінде барынша толық жинақталған. В. В. Григорьев 1862 ж. орыс алфавиті арқылы қазақ дыбыстарын белгілеудің жолдары туралы мақала жазды (УЗКУ, отд. ист. фил. наук, 1862, г. в. 2). Бұл қазақ сездерін мүмкіндігінше дүрыс берудің жолдарын түсіндіруге арналған еді. Григорьевтің бұл ең-бегінің қазақ тілі материалдарын қағазға түсіруге практикалық мәні зор болды.

1894—97 жылдары қазақ тілін зерттеуде үлкен белес болған еңбек — профессор П. М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак-киргизского языка» атты екі кітаптан тұратын зерттеуі жа-рық көрді. Мелиоранский еңбегінде сол заманғы қазақ тілінің синтаксистік жүйесі бірінші рет түсіндірілді. Бұл еңбектің ғылыми мәнін былай қойғанда, XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ-тардың сәйлеу жүйесі, сөйлем құрау жүйесі маман ғалым түсінік-темесімен бізге жетті. XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басында-ғы қазақ тілінің сездік коры, фонетикалық жүйесі мен грамма-тикалық құрамы В. В. Катаринскийдің кітаптары арқылы белгілі. Оның «Грамматика киргизского языка» (Оренбург, 1897), «Краткий русско-киргизский словарь» (Оренбург, 1895, 1898), «Киргизско-русский словарь» (Оренбург, 1897) атты еңбектері тек қана Орынбор маңындағы қазақтар тілін қамтып қоймайды. Сыр-дария бойы қазақтары тілінің де негізгі ерекшеліктерін қамтиды. Оңтүстік қазақтары тілі Ешмұхамбет Букиннің «Русско-киргиз-ский словарь» (Ташкент, 1885), «Русско-киргизские разговоры» (Ташкент, 1884) еңбектерінде біршама толық берілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *