Малды аталық іздер және аналық және аналық ұялар жүйесі бойынша өсіру

Малды аталық іздер және аналық және аналық ұялар жүйесі бойынша өсіру
Табындағы және тұқымдағы әрбір малдың өзіндік ерекшеліктері болады, олар дене бітіміндегі, өнімділік сипаты мен деңгейіндегі айырмашылықтарға ғана емес, сондай-ақ мұндай қасиеттерді ұрпағында сақтай алу қабілетіне де байланысты. Әдетте шарушылыққа пайдалы бағалы қасиеттерін ұрпағына жақсы бере алатын мал жаппай пайдаланылады, олардың ұрпағы да табынға, тұқымға өзгелерден гөрі күшті жақсартушы әсер етеді. Мал неғұрлым бағалы болса, тұқымда оның тұқым қуалайтын қасиеттері соғұрлым көбейе, беки түседі.
Егер осындай мал аталық болса, оның еркек және ұрғашы төлдерін, немере төлдерін тұқымға қалдырады. Сұрыптау және жұп құру арқылы бағалы аталықтың ұрпағын шебер пайдаланудан малдың өнімділігі ұқсас тобы – аталық іздер алынады. Егер осындай көрнекті мал аналық болып шықса, онда оның ұрғашы ұрпағын ,ұрғашы немерелері мен ұрғагшы шөберелерін тұқымға қалдыра отырып, мал топтайды. Осындай ерекше мол өнімділігі мен жақсы қасиеттері бар бір аналықтан тараған, соған өнімділігі мен қасиеттері жөнінен ұқсас және осы қасиеттерін ұрпағына тұрақты бере алатын ұрғашы мал тобын аналық ұя деп атайды.
Мал тұқымын асылдандыру жұмысына әрбір табында және тұтас алғанда тұқымда малды аталық іздер мен апалық ұялар бойынша өсірудің айрықша зор маңызы бар. Тұқымға тән құндылықтардың бәрін әрбір малдың бойында түгел қалыптастыру мүмкін емес. Тұқымның түрліше артықшылықтары оның құрылымына кіретін аталық іздер мен аналық ұяларда жинақталады да, алдағы уақытта тұқымды жетілдіру үшін қажет болатын икемділіктері қалыптастырады. Аталық іздер мен аналық ұяларды шығару – баяу әрі машақатты шаруа. Ол кейбір малдың артықшылықтарын мал тобының артықшылықтарына айналдыруға мүмкіндік беретін терең, мақсатты тұқым асылдандыру жұмыстарын жүргізуді талап етеді.
Малды аталық іздер арқылы өсіруді қолданғалы 100 жылдан астам уақыт өтті, ал оның кейбір элементтері тіпті XVII ғасырда белгілі болған. Тұқым асылдандыру ісінің теориясы мен практикасының дамуына қарай бұл тәсіл барған сайын жетілдіріліп, қазіргі уақытта малды аталық іздер мен апалық ұялар бойынша өсіру тұқыммен жұмыс жүргізудің ең тиімді әдісі болып табылады.
Аталық іздің мынадай түрлерін ажыратады: генеалогиялық немесе формальдық із, туыстық топ, инбредтік аталық із, жал,ан аталық із және зауыттық аталық із.
Генеалогиялық топ бір көрнекті ата-тектен шыққан бірнеше буындыұ ұрпақтардан құралған көптеген малдан тұрады. Мұндай топтың малдары олардың негізін салушыларға туыстығына қарамастан, әр текті болып келеді. Оларды шежіре бойынша аталық жағынан шығу тегі ғана біріктіреді, ал топтың негізін салушы олардың арғы ата-тегі болып табылады.
Генеалогиялық топ деп аталатын бұл терминді әдетте екі жағдайда қолданылады.
1. Тұқымға генеалогиялық талдау жасауда жекелеген туыстық топтар мен бір кезде бағалы және кең тараған ескі, бірақ қазіргі кезде жойылып кеткен зауыттық аталық іздердің арасындағы шығу тегі жөніндегі байланысты анықтайды. Мысалы, қара ала тұқымның шығу тегі жөнінен голланд тұқымының әйгілі ескі аталық іздерінің негізін салушы Адемамен байланысқан көптеген осы заманғы аталық іздері мен туыстық топтарды және шежіре кестесінің оң жағында Адема атты мал бар барлық басқа да малды Адеманың генеалогиялық тобына жатқызуға болады. Қырдың қызыл сиыры тұқымында Премьера бұқасының генеалогиялық тобы 20 зауыттық аталық ізді қамтиды.
2. Белгілі бір бағалы аталықтың бірнеше ұрпақта көбейтілген, бірақ әлі де айтарлықтай жетілдірілмеген және селекцияланбаған, зауыттық аталық із ретінде әлі танылмаған ұрпағы. Мысалы, ірі қараның тұқымында – Хартонның, Анероидтың және т.б. генеалогиялық тобы, Сычев тұқымында – Левонның, Орлеанның және т.б. генеалогиялық тобы бар.
Генеалогиялық немесе формальды аталық із дегеніміз – белгілі жоспарсыз, мақсатты сұрыптау мен таңдаусыз алынған бір бағалы аталықтың бірнеше буынға жататын ұрпағын қамтитын малдың тобын білдіретін ұқсас ұғымдар. Мұндай топта біртектілік байқалмайды және мұндай малды байланыстырып тұратын жалғыз белгі – бұл тікелей әкесінің шежіресі жағынан бір ата-тектен шығуы. Формальды іздер, негізінен алғанда, аталықтарды шығу тегіне қарай сұрыптау қаншама қатаң жүргізілсе және олардың қаншама көпшілік бөлігі кейін препотентті жақсартушылар болып шықса, мұндай аталық іздер шарушалыққа пайдалы белгілердің көрсеткіштері соғұрлым жоғары, генеалогиялық іздің сапалық ерекшелігі соншама айқын байқалатын болады.
Туыстық топ ұғымы аса нақты ұғым емес. Бұл терминді әдетте мынадай жағдайларға қолданылады:
— белгілі бір дәрежеде туыстық байланыстары бар малды шығу тегіне қарай топтарға бөлу үшін табынға талдау жасауда. Мұндай талдау аталықты ұрпағының қасиеттері бойынша бағалау жөніндегі, аналық ұялар мен аталық іздердің бар екенін анықтау жөніндегі мәселені шешуден бұрын жүргізіледі;
— тұқымды апробациядан өткізу жөніндегі комиссиялар мен кеңестер тұқымның генеалогиялық құрылыммын анықтау үшін.
Кейбір авторлар туыстық топ, генеалогиялық немесе формальды аталық із деген ұғымдарды толығымен ұқсас ұғымдар деп түсінеді.
Инбредті іздер малды өте қатаң сұрыптау арқылы болашақта іздерді будандастырудан гетерозис құбылысын алатындай есеппен жақын туыстық жұптастыруды қолдану жолымен арнайы шығарылады. Инбредті іздермен жұмыс жүргізу аддитивті емес тұқым емес тұқым қуалаушылықты пайдалануға және малды өте көп мөлшерде жарамсыздар тобына шығаруға негізделген, оны ірі және өсімталдығы шамалы малға қолдануға болмайды. Осыған байланысты инбредті іздерді шығарып, пайдалануды негізінен алғанда құс шарушылығында, кейде шошқа шарушылығында қолданады.
Н.А.Кравченко «жалған аталық із» терминін енгізген. Мұндай аталық із табында өте бағалы аталықтар жоқ болғанымен, аса көрнекті аналықтар кездесетін жағдайларда қалыптасады. Мұнда бағалы аналықтарды бірнеше буындық ұрпақтар бойында кездейсоқ аталықтармен бірте-бірте жұптастыру арқылы аталықтардың емес, аналықтардың тұқым қуалаушылығы нығайтыла түседі.
Зауыттық аталық із (ескі терминология бойынша «қанның зауыттық линиясы») – аса көрнекті аталықтан шыққан мал тобы, олар соның атыменн аталады, соған тән өнімділік қасиеттері мен басқа да ерекшеліктері бар; бұлар жүйелі, мақсатты сұрыптау мен жұп таңдау арқылы сақталып, жетілдіріледі де, ұрпақта неғұрлым жақсы қасиеттері сақталады.
Малды аталық іздер бойынша өсіру әдісінің түпкі мақсаты да нақты зауыттық аталық іздері бойынша шығаруды, жүргізуді және пайдалануды көздейді. Н.А.Юрасов аталық ізді микротұқым, тұқымның ерекше бір бөлігі ретінде қарастырады. Кең көлемді селекцияны тұқым асылдандыру жұмысының ұйымдастырылуы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізетін жүйе ретінде енгізу дәстүрлі жеке селекция әдісіне малды шығу тегіне қарай бағалау, асыл тұқымды мал шаруашылығында малды аталық іздер бойынша өсіру, жұп таңдау, өндірістік мал фермаларында және барлық шарушылықтардың табындарында белгілі бір ізге жататын аталықтарды пайдалану, бағалы аналық ұяларды қалыптастыру жатады.
Асыл тұқымды мал шаруашылықтарында малды аталық іздер бойынша өсіру – сүтті мал өсірудегі тұқым асылдандыру жүйесінің, кең көлемді селекцияның тиімділігін айтарлықтай арттыратын, маңызды элементтерінің бірі және солай болып қала береді. Алайда аталық іздер бойынша өсіру әдістерінің өзі жетілдіріліп, малдың асыл тұқымдық қасиеттерін бағалаудың жаңа тәсілдерімен жарақтануы керек.
Н.Г.Дмитриев қазіргі заманда аталық іздердің маңызы кемімейді деп атап көрсетеді, өйткені олар селекциялық тұрғыдан алғанда тұқымның барынша белсенді құрылымдық бірліктері болып қала береді және аталық іздер арқылы өсіру кең көлемді селекцияның құрамдас бөліктерінің бірі болып саналады.
Малды аталық іздер бойынша өсірудің негізгі мақсаты – олардың ататегінің тұқым қуалайтын артықшылықтарын сақтау ғана емес, сонымен бірге бірнеше буын бойында бағалы жаңа нәсілдік қасиеттерді жинақтау жолымен іздерді байыта түсу. Аталық іздер бойынша өсіру тұқымды жетілдіру үшін кейбір малдың аса көрнекті қасиеттерін барынша толық пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл тұқымның құрамын және кейбір малдың бүкіл жеке ерекшеліктерін мұқият зерттеуді қажет ететін шығармашылық процесс.
Аталық ізге жататын малдың айрықша құндылығы мынада: олар өздерінің мол өнімділігін ұрпағының бойында неғұрлым жақсы сақтайды және аталық іздермен жүргізілетін жұмыс неғұрлым жақсы әрі дұрыс болса, мұндай қасиеттер соғұрлым жақсы байқалады. Сондықтан аталық іздер бойынша өсіру және жақсы азықтандырумен ұштастыра жүргізу – қажетті қасиеттері бар мал алудың ең сенімді әдісі.
Малды аталық іздер бойынша өсіруді шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: аталық іздер құру, аталық іздермен жұмыс, іздер аралық кросстар алу.
Аталық іздер құру. Аталық іздер құрмастан бұрын, ең алдымен, жұмыстың мақсаты мен міндеттерін, сонлдай-ақ тәсілдері менижоспарын анықтайды. Жаңа аталық іздер шығару жаңа тұқым шығарудың басы болуы мүмкін. Бұл жағдайда аталық негізін салушыны шығаруға есептелген арнайы ойластырылған бірқатар жұптастырулар жүргізіледі. Алайда жаңа аталық іздің қолда бар тұқыммен жұмыс істеу барысында да пайда болуы ықтимал, бұл таңдаулы малдың ішінен жаңа аталық із құруға негіз салатын мол өнімді, ерекше қасиетті аталық із құру үшін тиісті жұптастырулар жүргізудің барысында мүмкін болады. Демек, бұл жағдайлардың екеуіне де аталық із құру үшін негіз қалаушы көрнекті тұқымдық аталық анықталуы немесе арнайы шығарылуы тиіс.
Жаңа аталық із шығарудың ең қарапайым және кең таралған жолы – топтың басқа өкілдеріне қарағанда едәуір артықшылықтары бар мал пайда болған кезде ескі аталық ізден оны тармақ ретінде бөліп алу. Жаңа аталық іздің негізін қалаушыны таңдау барысында оның бойында қажетті белгілер мен қасиеттердің кешені болып қана қоймастан, сонымен бірге, біртекті жоғары бағалы ұрпақ беруі де талап етіледі, яғни ол препотентті жақсартушы болуы тиіс. Негіз қалаушы аталықты таңдағаннан кейін ұрпақта оның артықшылықтарын сақтау және нығайту міндеті тұрады. Аталық із құрудың бұл кезеңінде негіз қалаушыға және оның ұрпағына мінез-құлқы, өнімділік деңгейі және басқа да барлық ерекшеліктері жөнінен барынша ұқсайтын бағалы аналықтардан жұп таңдайды. Туыстық жақындығы жоқ мұндай бағалы аналықтардан жұп таңдауда кеңінен пайдалану жаңа аталық ізде қажетті тұқым қуалайтын қасиеттердің күшейе түсуіне септігін тигізеді.
Туыстық емес гомогенді жұп құрудан басқа, негіз қалаушымен жұптастыру үшін оның таңдаулы ұрғашы ұрпағы мен ұрғашы немерелерінің біраз бөлігін бөліп қояды. Мұндағы мақсат – көрнекті негіз қалаушыға инбредтелген мал алу және оларды аталық із жалғастырушылары ретінде пайдалану мүмкіндігіне ие болу. Ізбасшысының мұндай ұрғашы ұрпағы мен ұрғашы немерелерінде болашақ аталық ізге тән қасиеттер мен ерекшеліктер айқын байқалуы тиіс, сонымен қатар дене бітімі мықты, экстерьері кемістіксіз, жақсы болуы қажет.
Аталық ізді сақтап өсіру. Аталық із малын көбейту, олардың қасиеттерін бекіту және одан әрі жетілдіру жұмыстары үшін із жалғастырушыларын дұрыс таңдаудың зор маңызы бар. Мұндай із жалғастырушылар қалаушының тікелей еркек ұрпағы, одан соң еркек немерелері, еркек шөберелері және т.с.с болуы мүмкін.
Құрылған аталық іздің қасиеттерін бекіте түсу мақсатында, негізінен алғанда, орташа инбридингті пайдалану арқылы гомогенді жұп құру жүргізіледі, яғни бағалы негіз қалаушының қасиеттерін тезірек жинақтап, күшейте түсу қажет.
Мұндай инбридингті шебер қолдану арқылы ізге жататын малдың іздің негізін қалаушымен генетикалық ұқсастығын сақтауға мүмкіндік береді. Аталық ізді жетілдіру үшін оны жалғастырушыларға туыс емес, нәсілдік қасиеттері, тұқым қуалаушылығы бағалы және сонымен бірге өздерінің негізгі сапалық ерекшеліктері бойынша өсірілетін аталық ізге сай аналықтардан жұп құрудың маңызы зор. Мұндай аталықтардың өздерінің және олар енгізетін көрнекті ататектерінің жақы нәсілдік қасиеттері аталық ізді жаңа, бағалы белгілермен толықтырып, онда зауыттық «капиталдың» жинақталуын арттырады, сөйтіп негіз қалаушының өзімен салыстырғанда едәуір бағалы ұрпақ алуға мүмкіндік береді, демек, аталық іздің олан әрі жетілуіне септігін тигізеді.
Аталық із өсіруде құрамына кіретін малдың біртектілігін сақтауға тырысады. Бірақ біртектілік дегеніміз – бірден-бір мақсат емес, ол осы аталық ізге тән белгілі бір қасиеттердің айқын байқалуы болып табылады. Бір аталық іздің бойында тұқымға тән шарушылыққа пайдалы белгілердің бүкіл жиынтығын айтарлықтай жоғары деңгейде сақтау өте қиын болады, кейбір көрсеткіштері бойынша ол басқаларынан едәуір ерекшеленіп тұрады. Мысалы сүтті мал шарушылығында бір аталық ізден сүт көп алынса, екіншісінен – майы көп сүт алынады, үшінші аталық ізден сүттілік және сүтінің майлылығы жөніндегі жақсы көрсеткіштерімен қатар, жақсы сапалы ет береді, т.с.с. Шошқа шаруашылығындағы аталық іздер мегежіндердің өсімталдығы мен сүттілігі, тез жетілгіштігі, бордақылану қасиеттері жөнінен ерекше болып отырады. Қой шарушылығында бір аталық іздің жүні қалың боса, екінші аталық іздің жүні ұзын, үшінші аталық іздің жүн талшығының жуан-жіңішкелігі өзгеше болады.
Демек, әрбір аталық іздегі малдың оған тән ерекшеліктері бойынша ұқсастықтары байқалуы тиіс. Аталық із неғұрлым біртекті болса, ол соғұрлым асыл тұқымдық тұрғыдан алғанда тұрақты және бағалы болып саналады. Бірақ аталық іздер арасында тұқымды одан әрі жетілдіруде барынша икемді болуға мүмкіндік беретін айырмашылықтар да болуы тиіс. Аталық іздердің ішіндегі біртектілік өздігінен пайда болмайды, оны бірнеше ұрпақтың бойында осы іздің бағалы ерекшеліктерін сақтап, дамытуға бағытталған мақсатты із ішіндік сұрыптау мен жұп таңдау арқылы қалыптастырады. Мұнда аталық ізді сақтап, өсіру, жетілдіру үшін шығу тегі жөнінен олардың негізін салушымен байланысы бар барлық малды емес, аталық із стандартына барынша толық жауап беретін олардың ең жақсы бөлігін ғана пайдаланады. Бұл аталық іздің ядросын құрайтын модельдік мал болып табылады.
Малды аталық ізге лайық деп есептеу үшін оның шығу тегін ғана білу жеткіліксіз, сонымен қатар, осы ізге қатыстылығы жөнінде малға жан-жақты баға беру, өнімділік қасиеттерін және басқа сыртқы ерекшеліктеріне қарап бағалау арқылы ғана түптілігі пікір айтуға болады. Аталық іздің стандартынан айтарлықтай ауытқитын және бағалылығы шамалы малды ізбен жүргізілетін алдағы жұмыстарды пайдаланбайды. Кейде аталық із ерекшеліктерінің тұқым қуалауы ұрғашы ұрпақ арқылы ғана емес, сонымен бірге жалғастырушының ұрғашы ұрпағының ұрғашы ұрпағы арқылы да өтеді. Демек, аталық із аналық мал арқылы да жалғаса алады.
Волга облысындағы «Молочное» асыл тұқымды мал зауытының табынындағы қара ала тұқымның Верхотура сиырының шежіресі осыған мысал болады.
Верхотура сиыры әйгілі Боукес бұқасының ұрғашы ұрпағы бола отырып, Аннас-Адема аталық ізіне жатады. Алайда оның енесі Соления сиыры атасы Нагоняй жөнінен Пимус аталық ізінің негізін салушыға (III-IV) инбредтелген. Верхотура сиырында экстерьерлік ерекшеліктері мен өнімділік сипатына қарай Аннас-Адема аталық ізімен салыстырғанда, Примус аталық ізінің типі жақсы байқалады.
Аталық ізді жалғастырушылардың әрқайсысы оның негізін салушымен тұқым қуалайтын ортақ ұқсастығы бола отырып, бұған қоса оларлдың жеке ерекшеліктері де бар. Аталық ізді жалғастырушыларға жеке ерекшеліктері жөнінен көзге түсетін аналықтарды жұптау белгілі дәрежеде осы іздің басқа жалғастырушыларының ұрпақтары тобына осылайша жіктеп, бұл осы ізді тармақтары деп алаталы.
Аталық іздің тармақталуы – осы іздің дамуына байланысты жүргізілетін жұмыстардың маңызды ерекшеліктерінің бірі. Ф.Ф. Эйснер аталық ізбен тиімді жұмыс жүргізу үшін онда кем дегенде үш тармақ болуы тиіс деп есептейді.
Таңдаулы тармақтарға көп көңіл бөлінеді, олардың ұрпағын көбейту кезінде артықшылық жасалады, ал нашар тармақтар әлсіреп, аталық ізді сақтау және жетілдіру үшін өзінің маңызын жояды.
Жалпы алғанда, әрбір аталық із малды жүйелі түрде сұрыптау және жұп таңдау жағдайларында ғана, оның ішінде, олардың өнімділік қасиеттерін дамытуға септігін тигізетін азықтандыру және күтіп-бағу жағдайларында ғана сақталып, жетілуі мүмкін. Аталық іздермен жүргізілетін тұқым асылдандыру жұмысының деңгейіне қарай олар жақсарушы тұрақты және нашарлау бағытындағы іздер болып бөлінеді. Жақсартушы аталық іздегі кейбір тармақтарының малы және орта есеппен алғанда әрбір келесі ұрпағы алдыңғы ұрпағынан артық болады. Мұндай аталық іздер бағалылығы шамалы іздерді ығыстыра келе, тез таралады, жақсы пайдаланылады, сөйтіп тұқымды жақсартушы әсер етеді.
Тұрақты аталық іздегі малдың сапалық көрсеткіштері ұрпақтар буыны қанша ауысса да, шамамен бір деңгейде сақталады. Мұндай аталық іздер бағалы ататектен шығып, олардың тұқым қуалаушылық ерекшеліктерін сақтайтындықтан, кейбір асыл тұқымды және көптеген қатардағы фермалардың табынын жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін, бірақ жалпы алғанда олардың түұымды жетілдірудегі маңызы шамалы. Егер аталық ізде жақсы тұқымды жалғастырушыларды шығарудың сәті түспесе, әрбір жаңа ұрпақ нашарлап, бұл ізді басқа аталық іздер ығыстыра бастайды, сөйтіп ол жойылады. Бірақ аталық іздегі малдыңшежіре кестесінің сол жақ жартысында аталық іздер кроссына пайдалануға болатын бағалы нәсілдік қасиет сақталуы мүмкін.
Белгілі бір аталық іздің ішінде өзінің өнімділік көрсеткіштер мен басқа да ерекшеліктері ( кейін күшейіп, сұрыптау мен жқп таңдау арқылы дамытылатын) жөнінен көзге түсетін айрықша бағалы тармақ пайда болса, онда мұндай тармақ дербес жаңа аталық ізге айналуы мүмкін. Ал ескі аталық із өзінің маңызынан айырылады немесе басқа тармақтармен қатар сақтала береді. Мысалы, ірі қараның симментал тұқымында Сидонис аталық ізінен бөлініп алынған Колос және Модус бұқаларының аталық іздері бар. Бұлар тіршілік етеді; Сидонис аталық ізі Боготырь – Могара ескі аталық ізінен шыққан.
Тұқымдағы әрбір аталық із белгілі бір уақытта оның негізін қалаушыдан қашықтауына қарай онымен генетикалық ұқсастығы кеміп, аталық ізге енесі жағынан енгізілген нәсілдік қасиеттері араласып кетеді. Тұқымда жаңа аталық іздердің пайда болуы мен ескі іздердің жойылуы үздіксіз жүріп отырады. Алайда әрбір аталық іздің тіршілік ету ұзақтығы оның негізін салушы мен із жалғастырушылардың препотенттік дәрежесіне, сондай-ақ осы ізбен жүргізілетін тұқымды асылдандыру жұмысының ауқымы мен тиімділігіне байланысты. Асыл тұқымды артықшылықтары көп аталықтар жетіспейтін жағдайларда аталық іздің тіршілік етуін ұзартуға тырысу оның генетикалық ерекшелігін жоюға әкеп соқтырады. Осыған байланысты өмірі қысқа аталық іздерге ( 3-4 ұрпақ) артықшылық берілуі тиіс. Ұрпағының қасиеттері жөнінен мұқият тексерілген бағалы жақсартушы тұқымдық бұқалар осындай аталық іздердің негізін салушы болуы тиіс. Мұндай аталық іздерді инбридингті пайдалана отырып, сақтаған жөн. Бұл генотиптерді бекітуге асыл тұқымды және өнімділік бағалылығы жоғары малды шығаруға кепілдік береді. Мұндай жағдайда аталық іздің негізін салушының қасиеттері толық дәрежеде тұқым қуалай беріліп, ізді жақсартушы аталықтардың үлесі жоғары деңгейде сақталатын болады.
Әрбір тұқымда оны ойдағыдай жетілдіру үшін, аталық іздердің тиімді мөлшері болуы тиіс. Кейбір тұқымдарда аталық іздердің шамадан тыс көп болатыны анықталған. Мысалы, ірі қараның симментал тұқымында каталогтар бойынша 87аталық із және 21 туыстық топ бар деп есептеледі. Қырдың қызыл, қара ал және басқа тұқымдарда да аталық іздердің саны көп. Тұқымды көптеген аталық іздерге бөлу аталықтардың саны көп болуын талап етеді, ал бұл сұрыптаудың қатаңдығын кемітеді. Осыған байланысты Н.Г.Дмитриев жергілікті тұқымдар үшін аталық іздердің саны 5-6, ал кең таралған тұқымдар үшін әрбір аймақтық тип шегінде осындай мөлшерде болуы тиіс деп есептейді. Әрине, бұл қатаң шектелген лимит емес.
Аталық іздер –аралық кросстар. Аталық іздер кросстары дегеніміз- әр түрлі аталық іздерге жататын малды өзара жұптастыру.Аталық іздер кросстарын жүзеге асыруда тұқымның ресурстары толығырақ пайдаланылады. Бір аталық іздің бағалы қасиеттері келесі аталық іздің қасиеттерін толықтыра келе, іздер аралық кростар арқылы алынатын ұрпақтың нәсілдік қасиеттерін байытады. Бұл тұрғыдан қарағанда аталық іздер кростары әрбір ізде жинақталған барлық құндылықтың синтезі болып табылады. Көптеген жағдайларда аталық іздер кростары кезінде нәсілдік қасиеттердің гетерозис туғызатын сәттері де байқалады. Әдетте, өнімділік қасиеттері жөнінен аса көрнекті малды аталық ңздердің сәтті кростары нәтижесінде шығарады. Іздер кростары мал өнімділігін тез арттыруға және шарушылыққа пайдалы басқа да белгілерін жақсартуға жәрдемдесумен қатар, форма түзуші рөл де атқарады, сөйтіп бағалы жаңа аталық іздерге бастама жасайды.
Әрбір тұқымда негізін салушылары сәтті кростар нәтижесінде алынған кең танымал іздер болады. Ірі қараның қырдың қызыл тұқымында әйгілі аталық іздің негізін салушы Воедило бұқасы кезіндегі танымал Бенц-Удалой және Премьера атылық іздерінің кроссы нәтижесінде шығарылған. Симментал тұқымында бір аталық іздің негізін салушы- Сигнал бұқасы атақты Вородка сиырының (ІҮ- 6505- 6,04) атасы Мергель және Гетман аталық іздерінің кросы арқылы алынған.
Симментал тұқымының аса көрнекті рекордшы сиыры Рябушка 1413 (ІҮ – 14541-3,89) Беляк және Этап аталық іздерінің кросы нәтижесінде, Мальвина 2843 (ІҮ – 14431- 3,94) – Марс-Модус аталық іздерінің кросы нәтижесінде шығарылған.
Орыстың желісті жылқысы тұқымында өзіндік ерекшелігі болған Жесть айғыры (1600 м қашықтықты 1 мин. 59 5/8 секундташауып өткен) Талантливый және Налим аталық іздерінің кросы арқылы алынған; осы тұқымның Властный айғыры ( 1,58,7) – Гильдейц және Воломайт аталық іздерінің кросы нәтижесінде шығарылған.
Кростарды алу көбіне гетерогенді жұп құру арқылы жузеге асырылады. Бірақ гетерогенділік дәрежесі аталық іздері жөнінен өте ұқсас малды жұптастыруға дейін алуан түрлі болуы мүмкін.
Аталық іздер өсіру мен кростар алу өзара тығыз байланысты, олар гомогенді және гетерогенді жұптауды ұштастыру арқылы бірін-бірі толықтырып отырады. Егер гомогенді жұптау арқылы нәсілдік қасиеттері бекіген жақсы селекцияланған аталық іздерді кростайтын болса, одан жақсы нәтижелер шығады. Крос арқылы алынған аса бағалы мал жаңа аталық іздердің негізін салушыларға айналғанда, олар аналақтарды жұптастыру тағы да гомогенді сипатқа ие болып, ұрпағында бір аталық іздің негізін салушының қасиеттерінен ғана емес, кросталған аталық іздердің шежіресіндегі ата-тектер аттарын қайталау арқылы жақсы үйлесімділікке тән ерекшеліктерді бекітуге мүмкіндік береді. Сәтті шыққан кростар және оларды іздестіру жиынтық немесе әмбебап аталық іздер шығару үшін материал түзеді.
Кростар кезінде аталық іздердің бәрі бірдей өзара жақсы үйлесе бермейді.Кейде кросталатын бағалы аталық іздер өзара қосылудан жоғары нәтиже бере алмайды, бірақ олардың кез келгенін басқаша үйлесімділікке пайдалану арқылы өнімділік қасиеттері тамаша ұрпақ алуға болады. Зоотехниялық әдебиеттерде аталық іздердің сәтті алынған кростарына көптеген мысалдар бар, бірақ сәтсіз кростар бұданда көп болады, әсіресе ол тек туыстас жұптастырудан сақтану үшін жүргізілген кростардың ішінде жиі кездеседі. Сәтті үйлесілімділікті кең көлемде қайталауға болады, бұл неғұрлым бағалы жануарлар шығаруды алдын ала болжауға және жоспарлауға мүмкіндік береді. Кростың тиімділігі үшін аталықтарды қай ізден, аналықтарды қай ізден пайдаланылатыны да бәрібір емес, бірақ барлық жағдайларда аталықтардың асыл тұқымдылық қасиеттері генеологиялық үйлесімділіктің нәтижелеріне әсер ететін болады.
Өндірістік шаруашылықтар үшін аталық іздерді ауыстыру принципі бойынша жұп таңдау негізгі жүйе ретінде қолданылған мен оны асыл тұқымды мал фермаларына, әсіресе, асыл тұқымды мал зауыттарына да тән жүйе деп қабылдау дұрыс деп есептеуге болмайды. Мысалы, кезінде Сумы обылысындағы Ленин атындағы шаруашылықтың асыл тұқымды мал зыуытында инбридингтен қырыққандықтан селекция аталық іздерді ауыстыру арқылы жүргізілген, ал бұл шаруашылық ірі қараның Лебедин тұқымын шығарудың шын мәніндегі бесігі болып есептеледі. Мұндағы табынның генеалогиялық құрылымын талдау аналық мал басының 10 пайызы ғана аталық іздер ішіндегі жұптау арқылы алынғанын, қалғандары әртүрлі 111 варианттары бар аталық іздер кростарының нәтижесі болып табылатынын көрсетті. Мұның ішінде 28 крос сүт өнімділігі жөнінен табын бойынша алғандағы орташа көрсеткіштен асып түсетін, ал 32 крос бұл көрсеткіштен төмен болатын жануарлар берген.
«Тұқым асылдандыру ісінде асыл тұқымды мал шаруашылықтарында өсірілетін аталық іздерді жиі алмастырудан өткен жаман нәрсе жоқ» — деп есептейтін ғалымдар мен селекционерлер ойы дұрыс. Асыл тұқымды мал табындарында да аталық іздер кросы сөзсіз болып отырады. Олар жоспары аталық іздердің ядросы құрамыеһна кірмеген аналықтарға жаңа іздің аталықтарын жұптау арқылы жузеге асырылады. Бірақ мұндай кростар табынды селекциялаудың басты әдісін құрамайды.
Кейде аталық іздерді өсіру барысында оның өкілдерінің инбридтелетіні көбейіп, инбредтік депрессия қауіпін туғызу мүмкін. Бұдан сақтану үшін инбридтті аналықтарды басқа аталық іздердің оған туыстық жақындығы жоқ аталықтары мен жұптастыруға мәжбүр болады. Мұндай әдіс «қанды тазарту» әдісі деп аталады. Инбредті аталықтарды оларға туыстық жақындығы жоқ басқа аталық іздердің аналықтарымен ( аудбредті) жұптастыру «топкроссинг», ал аталық іздердің инбредті аталықтарын басқа іздің инбредті аналықтарымен жұптастыру «инкроссинг» деп аталады.
Аталық іздер бойынша өсірудің тұқымды таза өсіруде ғана емес, сондай-ақ тұқымаралық будандастыруда да айтарлықтай маңызы бар. Егер өкілдерді жаңа тұқым шығару үшін( тұқым түзуші будандастыру) немесе қолда бар тұқымды жақсарту үшін( түзетуші будандастыру) таңдайтын болса, онда кез келгенін емес, белгелі бір бағалы аталық іздерге жататын жануарларды ғана таңдайды. Бұдан соң жақсы будандарды «өз ішінде өсіру» арқылы бастапқы тұқымдардың қасиеттерін бойына сіңірген жаңа аталық іздер қалыптасады.
Соңғы жылдары көптеген отандық тұқымдарды шетелдік малдың, әсіресе голштин, швиц, голланд, ангель тұқымдарының әртүрлі репродукцияларымен будандастыру жаппай сипат алуда. Мұнда жануарлардың жаңа тұқым, жаңа типтерін тұқым түзуші будандастыру әдісімен немесе түзетуші, кейде сіңіре будандастыру жолымен өсіріп отырған бар тұқымдарды жақсарту бағытында жоғарыда аталған тұқымдардың мол генетикалық қуатын пайдалану көзделген. Бұл жағдайда әр түрлі ұрпақты будан бұқалары арасынан қажетті негіз қалаушыларын таңдап, олардың ұрпағын таңдап қатаң сұрыптау жолымен жаңа аталық іздер шығару қажеттігі туады, мұндай аталық іздерді өсіруде шетелдік және отандық тұқымдардың бағалы генетикалық қуаты жақсы үйлесіп, нығайтыла түседі. Пайдаланылатын аталықтарды ұрпағының қасиеттеріне қарай мұқият тексеріп, оларды сұрыптау қарқынын арттырмайынша, сондай-ақ жұп құру жүйесін дұрыс ойластырмайынша және жаңа преспективалы аталық іздерді қалыптастырмайынша будандастыру одан күткендей нәтиже бермейді. Мысалы, лебедин малын жақсарту үшін швиц тұқымын пайдалану 1974 жылдан басталады, өйткені бұл жылы мұнда американлық селекцияның 14 таза тұқымды швиц бұқасы әкелінген болатын. Олардан көптеген будан мал, оның ішінде бастапқы тұқымдар қанның үлесі жартылай 120 бұқа алынады. Одан соң аталықтардың құрамы швиц тұқымы жөнінен ¼ — және 1/8 қанды 50 бұқамен толықтырылады. Барлығы 13 жылдың ішінде 180-нен астам швиц және швицтелген тұқымды бұқалар пайдаланылды. Мұнда әрбір кезеңде лебедин тұқымының таза тұқымды аталық іздерге жататын бұқаларын өсіру және кему үлесі кеми берді. Қорытындыда акмерикандық селекцияның таза тұқымды 14 швиц бұқасының үшеуі ғана тұқымға айтарлықтай жақсартушы әсер еткен. Қан үлесі әр түрлі көптеген будан бұқалардың ішінде жақсартушылардың үлесі бұдан да аз болған. Мұнда жақсартушылардың ішіне енген швиц және будан бұқалардың арасында бірде-біреуі ұрғашы ұрпағының орташа өнімділігі жөнінен және лебедин тұқымын көптеген таза тұқымды аталық іздеріне жататын бұқаларына жол бере отырып, рекордшы сиырларының мөлшері жөнінен бірінші орын ала алмайтынын атап көрсету керек. Бұл кездейсоқ жағдай емес, өйткені лебедин және басқа тұқымдарды қалыптастыру мен жетілдіру көптеген селекционерлердің ұзаққа созылған әрі білікті еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Келтірілген мысал кез келген будандартыруда пайдалынылатын аталықтардың асыл тұқымдық қасиеттерін мұқият тексеру, барлық будандастыру ұрпақтарында жедел сұрыптау және бастапқы тұқымдардың бағалы генетикалық қуаты жақсы сақталып, нығайтыла түсетіндей жаңан аталық іздерді қалыптастыру қажеттілігін тағы да дәлелдей түседі.
Шошқа шаруашылығанда аталық іздер бойынша өсірудің кейбір ерекшеліктері бар. Аталық іздердің негізін салушы мен оларды жалғастырушыларға бірдей ат қояды да, тек аталық іздерді, мысалы былайша ажыратады: Драчун, Самсон, Леопард, Дельфин және т.с.с, ал аталық ізге жататын әрбір қабанның өз номері болады. Мысалы, Драчун 8529 аталық іздің негізін салушы, Драчун 7821, Драчун 1795, Драчун 3949, Драчун 67 және т.с.с – оны жалғастырушылар.
Шошқа шаруашылығандағы аталық іздерді ашық, ішінара жабық, толық жабық іздер деп те бөледі. Ашық аталық іздердің жануарларын әдетте, аутбредті жұптастыру жолымен өсіреді. Бұл асыл тұқымды мал шаруашылықтарында қолданылатын негізгі әдістерінің бірі. Асыл тұқымды мал шаруашылықтары оқтын-оқтын өзара аталықтарда және аталық іздердің мегежіндерін бір-бірімен алмастырып отырады, сондықтан бір қатар асыл тұқымды мал шаруашылықтарындағы шошқаларлдың шығу тегі ортақ болады.
Ішінара жабық іздерді өсіру белгілі бір шаруашылықтармен шектеледі және мұнда әдетте тек өз аталық іздері пайдаланылады. Мұндай аталық іздердің жануарлары, әдетте, орташа инбридинг арқылы өсіріледі. Жабық аталық іздерде аталықтарды да, мегежіндерді де осы аталық іздердің шегінде ғана пайдаланады, мұнда жақын инбридингтен құтылу қиын. Сондықтан асыл тұқымды мал шарушылықтарының тәжірибесінде аталық іздер өсірудің мұндай әдісі сирек кездеседі.
Асыл тұқымды мал табындарында малды нақты бір белгілері бойынша жіктеп, селекциялаудың негізінде шошқа тұқымында арнайы аталық іздер шығару барған сайые кеңінен қолдануда. Мұнда арнайы әкелік және енелік аталық іздер шығады. Мұндай аталық іздердің үйлесімділікке тексерілген кейінгі кростары көбіне керекті белгілер жөнінен гетерозис эффектін туғызады.
Арнайы аталық іздер құру тәжірибесі мынаны көрсетті: тез жетілуге, азықтың өніммен өтелуіне, төлдің еттілік қасиеттеріне бағытталған селекция әкелік аталық іздерде жақсы нәтиже береді, ал өсімталдыққа, сүттілікке, ұядағы төлдердің біркелкі әрі ірі болуына бағытталған селекция енелік аталық іздерде жоғары нәтиже береді.
Әр түрлі арнайы аталық іздерді будантастыру өнеркәсіптік негізде шошқа етін өндіретін кешендерде барынша тиімді пайдаланатын үш іздік немесе үш тұқымдық будандарды алуға материал береді.
Тұқымның өнімділік және асыл тұқымдық қасиеттерін жетілдіру жөніндегі тәсілдердің жалпы жиынтығында аналық ұялармен жұмыс істеудің зор маңызы бар, өкінішке орай көп жағдайда бұған жеткілікті көңіл бөлінбейді. Мәні мен жүргізу техникасы жөнінен аталық іздер мен аналық ұялардың маңызындағы айырмашылықтар былайша дәлелденеді: бір аналық ұя құрамына кіретін малдың санына қарағанда бір аталық іздегі малдың саны әлде қайда көп болады және аналық ұямен жүргізілетін жұмыс бір тапынмен шектеледі, ал аталық ізбен жүргізілетін жұмыс көптеген табынға және тіпті бүкіл тұқымға таралады.
Аталық іздерді, негізінен алғанда, асыл тұқымды мал шаруашылықтарында шығарып, жетілдіреді, ал басқа асыл тұқымды мал шаруашылықтарында оларды қатардағы фермалардың тапындарын жақсарту үшін көбейтіп, пайдаланады. Аналық ұяларды кез келген шаруашылықтарда, оның ішінде қатардағы фермаларда шығарып, көбейтеді және жетілдіреді, оның үстіне әрбір табындағы аналық ұялар санын шектемеуге болады.
Кейде аналық ұялар таңдаулы сиырлардан қалған тайыншалардан табында өзінен-өзі қалыптасады, бірақ әдетте бағалы аналық ұяларды аталық іздер секілді жануарларды жақсы азықтандыру және күтіп-бағу жағдайларында мақсатты сұрыптау және жұп таңдау арқылы шығарады. Мұндай аналық ұяларды аталық іздер секілді зауыттық ұялар деп атауға болады. Аналық ұялармен жұмысты шебер жүргізу нәтижесінде бір қатар ұрпақтар болында өнімділік деңгейі тапын бойынша алғандағы орташа көрсеткіштен және әйгілі аталық іздердің орташа көрсеткіштерінен әлдеқайда асып түсетін аса бағалы ұрпақ алатынын көрсететін көптеген мысалдар бар.
Ресейдің Черников облысындағы Октябрьдің 10 жылдығы атындағы шаруашылықтың асыл тұқымды мал зауытында Мальвина 2843 ЧС-2115 сиырның аналық ұясы қалыптасқан, бұл аналық ұя бұрынғы Мальва ЧСМ-795 ұясына дербес бөлініп шыққан симментал тұқымының аса көрнекті рекордшысы Мальвина (IV-14437-3,94) препотентті жануар болып шықты, ол рекордтты өнімділік көрсеткен төмендегідей саңлақтар ұрпағын берген: ұрғашы ұрпағы Мандарин (IV-11209-3,8), Молва ( ІІІ-10156-3,81), Магнолия ( ІІ-8097-4,0); ұрғашы немересі Мелодия (ІІІ-13783-3,8), Мережка (ІІ-8309-3,84), Мечта (IV-12131-3,81). Мальвина ұясын қалыптастыруда оның негізін салушы мен ұрпақтарына рекордты өнім берген сиырлардан шыққан асыл тұқымдық құндылығы жоғары бұқаларды жұптастырудың зор маңызы болғанын атап көрсету керек.
Чернигов облысының «Тростянец» асыл тұқымды мал зауытында Вильха ЧСМ-143 симментал сиырының сүті майлы аналық ұясы шығарылған. Бұл бұрыннан келе жатқан жаңа көп санды аналық ұялардың бірі – егіз туылған Волта ЧС-89 (ІҮ-6477-4,4) және Вата ЧСМ-737 (ҮІІІ-6160-4,4) атты ұяның негізін салушылардың ұрғашы ұрпақтары арқылы өтетін екі тармақ бойынша дамыған. Әр түрлы асыл тұқымды мал шаруашылықтарында осы аналық ұя сиырларынан туылған 9 бұқаны пайдаланған. Вата сиырының тармағы дербес аналық ұя ретінде бөлініп шыққан, оның өкілдерінен майлылығы жоғары көп сүт сауылған. Ватаның ұрғашы ұрпағы Ванна ҮІІІ лактацияның 300күн ішінде майлылығы 4,4% 6182 кг сүт берген (тұқымның стандарты 3,8%). Оның төрт ұрғашы ұрпағынан мынадай өнімділік алынған: Важная – ҮІІІ-5349-4,02, Ватрушка – ІІІ -6124-4,0, Веха – Ү-8200-4,27, Ворона – ҮІІ-4915-4,78. Бұл аналық ұядағы ерекше құндысы – Ворона сиыры арқылы өтетін тармақ. Оның атақты Воротка атты ұрғашы ұрпағының өнімділігі бірқатар лактация ішінде мынадай болған: І-3238-4,23; ІІ-3963-5,17; ІІІ-4688-4,87; ІҮ-6508-6,04; Ү-6387-5,35; ҮІ-6625-5,33; ҮІІ-5389-5,58; ҮІІІ-3734-5,20; ІХ-5074-5,30; Х-3584-5,74. Воротканың ұрпағы да сүтінің маймылығы жөнінен бірегей ерекше мол өнімді болып шыққан. Оның ұрғашы ұрпағы Верная сиырының сүтінде майлылығы 5,34%, Валакада — 5,13%; ұрғашы немересі Махиновкада – 5,12%, Норада – 5,04% және Каннада – 5,81% болған.
Чернигов облысы Октябрьдің 10 жылдығы атындағы шаруашылықтың асыл тұқымды мал зауытындағы Орлица аналық ұясының 20 сиыры лактацияның 300 күн ішінде орта есеппен майлылығы 3,76% 6038кг сүт берген. Ленинград облысындағы «Лесное» асыл тұқымды мал зауытында қара ала мал тұқым малының мынадай аналық ұялары шығарылған: Лучинка – оның өкілдерінің орташа сүттілігі 5022 кг, сүтінің майлылығы 4,05% (тұқымның майлылығы жөніндегі стандарты 3,6%) және Закалка – 5105 кг және 4,03%, Прачка – 5357 кг және 3,93%. Вологда облысындағы «Молочное» асыл тұқымды мал зауытында аналық ұялардың көпшілігінің өнімділігі табнның орташа көрсеткіштерінен әлдеқайда асып түскен. Малдың аса сүттілігі оның майлылығымен ұштаса отырып, тұқым стандартынан асып түсетін таңдаулы аналық ұялар 56-кестеде келтірілген.
56-кесте. «Молочное» асыл тұқымды мал зауытындығы таңдаулы аналық
Аналық ұяның негізін салушының аты мен нөмірі Аналық ұядағы сиырлардың саны Жануарлардың жасына қарай түзету енгізілгендегі лактацияның 305 күні ішіндегі сүттілігі, кг Сүттегі майдың мөлшері, %
Веревочка 4826 18 6699 3,62
Фанаферия 4385 18 6563 3,86
Гитара 137 26 6556 3,79
Вестница 4972 36 6522 3,71
Масленная 9098 21 6489 3,80
Кольцевая 7888 30 6456 3,80
Лакомка 8342 12 6427 3,78
Труха 3130 10 6418 3,70
Запоковка 7340 14 641 3,76
Утопка 3840 17 6364 3,75
Тульпанка 2826 9 6313 3,96
Нега 2496 29 6291 3,83
Скрипка 1804 13 6256 3,74
Фаворитка 4520 17 6225 3,67
Фольклерка 4416 9 6202 3,85
Георгиевка 123 25 6179 3,84


Ярослав облысындағы «Горчиха» шаруашылығының ярослав тұқымының ірі қарасын өсіретін асыл тұқымды мал зауытында сүтінің майлылығы жөнінен аса көрнекті аналық ұялар шығарылған. Грезка Я-15384 аналық ұясының 13 сиыры орта есеппен майлылығы 4,64% 3133 кг сүт берген, Гроза ЯЯ-14315 аналық ұясының 18 сиыры майлылығы 4,77% 3413 кг сүт берген, Дина ЯЯ-14821 аналық ұясының 27 сиырының өнімділігі, тиісінше 3566 кг және 4,54%, ал Гаврюшка аналық ұясының 25 сиырының өнімділігі 3255 кг және 4,57 % болған.
Болашағы зор, генотипі бай аналық ұялардың тұқым жетілдіру үшін айрықша маңызды болатын себебі – олардың өкілдерінен аса көрнекті аталықтар туылып, олардың көпшілігі жаңа бағалы іздердің негізін салады. Мұндай аналық ұялар, бейнелеп айтқанда, тұқымның ең бағалы аталықтарын алатын «жақсы тыңайтылған топырақ» болып табылады.
Мал тұқымын асылдандыру жұмысында аталық іздер мен аналық ұялар арқылы өсіру өзара тығыз байланысты, бұл аталық іздерде де аналық ұяларда да тұқымның бойындағы тұқым қуалайтын бағалы қасиеттерді жақсы жинақтауға мүмкіндік береді.
Кострома облысындағы «Караваево» асыл тұқымды мал зауытында шығарылған Симпатия аналық ұясы ірі қараның Кострома тұқымын шығару және оны одан әрі жетілдіру барысында, сондай-ақ сүттілігін арттыруда зор рөл атқарды. Одан 4 ұрғашы ұрпақ қалған. Солардың ішіндегі ең бағалылары Сильная (ІІ-7089-4,37) мен Схема (Ү-10534-4,67) болып шықты. Тұқымның сүті майлылығы жөніндегі стандарты Кострома облысындағы «Караваево» асыл тұқымды мал зауытында шығарылған Симпатия аналық ұясы ірі қараның Кострома тұқымын шығару және одан әрі жетілдіру барысында, сондай-ақ сүттілігін арттыруда зор рөл атқарды. Кострома облысындағы «Караваево» асыл тұқымды мал зауытында шығарылған Симпатия аналық ұясы ірі қараның Кострома тұқымын шығару және оны одан әрі жетілдіру барысында, сондай-ақ сүттілігін арттыруда зор рөл атқарды. Кострома облысындағы «Караваево» асыл тұқымды мал зауытында шығарылған Симпатия аналық ұясы ірі қараның Кострома тұқымын шығару және оны одан әрі жетілдіру барысында, сондай-ақ сүттілігін арттыруда зор рөл атқарды. – 3,8%. Сильнаядан Свбодная сиыры (ІІІ-9088-4,10) мен Смена (ІҮ-9720-3,73) сиыры алынған. Схема сиырынан бірнеше ұрғашы және 3 еркек ұрпақ алынған.
Олардан шарушылықта Суровый және Силач қана қалдырылған.
Суровый бұқасының 12 ұрғашы ұрпағы сүтінің майлылығы 4,0-4,63% болған. Алайда жаңа аталық іздің негізін салған Силач бұқасы ерекше бағалы болып шықты. Оның алуан түрлі аналықтардан алынған 24 ұрғашы ұрпағы сүтінің майлылығы 4,0-4,9% аралығында болған. Солардың ішінде сүттілігі мен сүтінің майлылығы жақсы ұштасқан мынадай сиырларлы атауға болады: Камса (Ү-120005-4,01%), Крина (ІҮ-8943-4,64), Почка (ІІІ-9315-4,25), Серенада (ІҮ-8221-4,14). Силачтың көптеген ұрғашы ұрпағында сүттің жоғары майлылығы бірқатар лактация бойында тұрақты сақталған. Мысалы Крина сиырының өнімділігі мынадай көрсеткіштермен сипатталады: І-3391-4,76; ІҮ-7140-4,27; Ү-8943-4,64; ҮІ-7077-4,70; ҮІІ-5059-4,90; ҮІІІ-4843-4,20.
Аналық ұяның құрамына кіретін жануарлардың тұқым қуалайтын жеке ерекшеліктері мен оларға жұптастырылатын аталықтардың ерекшеліктеріне қарай, аталық іздегі секілді, жеке тармақтарға жіктелуі мүмкін. Тармақтардың таңдаулылары жақсы көбейіп, аналық ұяны одан әрі жетілдіруде жетекші рөл атқарады. Өздерінің мол өнімділік қасиеттері бойынша айтарлықтай ерекше тармақтар мақсатты сұрыптау мен жұп таңдаулы арқылы нығайтылып, дамиды да, дербес жаңа аналық ұяларға айналуы мүмкін. 56-суретте симментал тұқымды Орлица сиырының аналық ұясының тармақталуы көрсетілген.
Бұл аналық ұяда саны жөнінен де Самора сиыры арқылы өтетін тармақ ерекше көзге түскен. Бұл тармақтың 24 сиыры орта есеппен лактацияның 300 күн ішінде 7327 кг-нан сүт берген. Ал Орлица ұясының 12 сиырының сүттілігі орта есеппен тек 6179 кг болған. Осындай ерекшелік арқылы өзгешеленген Самора сиырынан шығатын тармақ дербес аналық ұяға айналған.
Жаңа аналық ұяны немесе жаңа тармақты қалыптастыру үшін пропотенттік дәрежесі жеткілікті мол өнімді малды жұптау маңызды. Мысалы, «Молочное » асыл тұқымды мал зауытының табынындағы Нейлоновый 9770 сиырының ұясындағы төрт тармақтың 13 сиыры лактацияның 305 күні ішінде майлылығы 3,70% 5864 кг, ал бесінші тармақтың рекордшы Уфа 3386 (9638-3,71) сиыры арқылы өтетін төрт ұрпағы майлылығы 3,69% 7010 кг-нан сүт берген.
Аналық ұяны мақсатты сұрыптау және жұп таңдау арқылы өсіру онда бағалы генетикалық қуаттың жиналуына себепші болады. «Молочное» асыл тұқымды мал зауытының табынындағы аналық ұялардың өнімділік қасиеттеріне сүт өнімділігі 8000 кг-нан асатын сиырлардың тигізетін әсері жөніндегі мағлұматтар 57-кестеде келтірілген.
Аналық ұяларлың өкілдеріне аталықтар таңдауда да генеалогиялық үйлесімділікті ескеру қажет. Егер аталық белгілі бір аталық ізге жататын болса, онда аталық ізбен аналық ұяның кроссын зерттеу қажет. Мұнда да , аталық іздер арасынлағы кростағыдай, сәтті және сәтсіз үйлесімділіктердің болуы мүмкін. Бір жағдайда белгілі бір аталық іздің барлық немесе көпшілік аталықтарды белгілі бір аналық ұямен ұқсас үйлесімділік байқатады, ал басқа жағдайларда белгілі бір іздің аталықтары өздерінің тұқым қуалайтын жеке ерекшеліктеріне байланысты оларды аналық ұяларға жұптастыруда әр түрлі нәтижелер көрсетеді: біреулері – сәтті, екіншілері – сәтсіз үйлеседі. Сәтті үйлесімділіктерді іздестіру және жұп таңдау кезінде оларды қайталау аналық ұяны жетілдіру қарқынын тездетеді.
Егер бағалы аналық ұяның өкілдеріне нақты бір қажетті белгі нашар болса, онда түзетуші жұп құруды қолданады, біздің мысалдарымызда суалатын сүттің шамасын жоғары деңгейде сақтай отырып, ұрпақ сүтінің майлылығын арттыруда себепші болатын бұқаларды жұптастыру көрсетілген.
57-кесте. Аналық ұялардың өнімділігіне рекодшы сиырларының тигізетін әсері.

Аналық ұялар тобы Аналық ұялар саны Лактациясы аяқталған сиырлар саны Жануарлардың жасына қарай түзету енгізілгендегі лактацияның 305 күні ішіндегі сүттілігі, кг Сүттегі майдың мөлшері, %
Негізін салушылар бойынша рекордшылар болып табылатын аналық ұялар 12 78 6603 3,68
Рекордшылардан шыққан тармақтары бар аналық ұялар 15 145 6142 3,74
Рекордшылары жоқ аналық ұялар 19 255 5840 3,78
Табынның орташа көрсеткіштері (ІІІ және одан жоғары лактация ішіндегі — 328 5668 3,72

Аналық ұяның негізін салушының өнімділік қасиеттері өте жоғары болған жағдайларда оған енесі осындай көрсеткіштерге жеткен аталық табу қиын болады. Мұндай жағдайларда ұрпағында аналық ұяның негізін салушының нәсілдік қасиеттерін шоғырландырып, нығайта түсу үшін оған жақын инбридинг қолданады. Мысалы, Чернигов облысындағы Октябрьдің 10 жылдығы атындағы шаруашылықтың асыл тұқымды мал зауытындағы симментал малының табынында сүті аса жоғары майлы Медуза сиырының аналық ұясы қалыптастырылан. Оның 12 лактациясының әрқайсысында сүттің майлылығы 3,10 пайыздан жоғары болған, ал ІҮ лактация ішінде ол майлылығы 6,08 пайыз 5033 кг сүт берген.
Медузаның ұясын өсіру үшін оған әр түрлі бұқаларды жұптаумен қатар, оны өзінің еркек ұрпағының ұрығымен ұрықтандыру жөнінде шешім қабылданды. Медуза мен оның еркек ұрпағы Модныйдан Меткая деген сиыр алынды. Ол жақсы жетіліп, дене бітімінен ешқандай әлсіздік белгілері байқалмады. Меткая өз енесінің көрсеткіштерін толығымен қайталамағанымен, сүтінің майлылығы жөнінен аса бағалы сиырлардың бірі болды. Бес лактация ішіндегі Меткаяның өнімділігі мынадай: І-3131-4,78; ІІ-4055-4,99; ІІІ- 4496-4,66; ІҮ-3546-5,08; Ү-5007-4,60.
58-кесте. Леопард қабанын барлық ұрғашы ұрпағының қасиеттеріне қарай және Волшебница ІІ, Реклама туыстық топтарының аналықтарымен үйлесуіне қарай бағалау.

Қабанды бағалау



Өсімталдығы
Сүттілігі
Денесініңұзындығы
Бірінші торайлағандары Көп торайлағандары Бірінші торайлағандары Көп торайлағандары
Барлық ұрғашы ұрпағы бойынша +3,42 +1,69 +0,76 +3,85 +3,9
Волшебница ІІ туыстық тобынан таралған ұрғашы ұрпағы бойынша +4,29 — +6,16 — +6,02
Реклама туыстық тобынан таралған ұрғашы ұрпағы бойынша -1,58 +2,07 +5,78 -14,20 +11,6

Шошқа шаруашылығында жануарларды аналық ұялар бойынша өсіру кеңінен және зор тиімділікпен қолданады. Н.Н.Завадовский өткен ғасырлың 1915-1916 жылдары ірі ақ шошқаның тұқымдарына талдау жүргізе отырып, бұл тұқымның барлық қабандары шығу тегіне қарай төрт туысқа, ал мегежіндері 19 аналық ұяға бөлінетін жіктеу жасаған. Мұнда мегежіндерді аналық ұяға жатқызу тікелей енесінің шығу тегіне қарай жүргізілді; аналық ұяның негізін салушы – ұрғашы ұрпағы – ұрғашы немерелері – ұрғашы шөберелері және т.с.с. Әрі қарай өсіруде аналық құрамында ата-тегінің 16-20 буындық қатарына дейін болса да бастапқы ұяның негізін салушылары жазылған жануарлар жинақталады.
Мұндай аналық ұяларды талдай келе, П.Н.Кудрявцев мынадай заңдылықты анықтады: олардың сыртқы ерекшеліктері жөнінен де, негізгі өнімділік қасиеттері жөнінен де, бір-бірінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Әр түрлі аналық ұяларға жататын мегежіндердің өнімділігін зерттеу негізінде және жетекші асыл тұқымды мал шаруашылықтары табындарының мегежіндер өсіретін бөлігіне генеалогиялық талдау жасау арқылы П.Н.Кудрявцев сонау 1935-1936 жылдары-ақ Н.Н.Завадовский жіктеуінің шошқалар қасиеттеріне байланысы жоқ, оларды аттарына ғана байланысы жіктеу болып табылады деген қорытындыға келген, сөйтіп асыл тұқымды мал өсіру жұмыстарында ататегінің ІІІ-ІҮ қатарларындағы шығу тегі ортақ малды бір туыстық топқа біріктіріп, ұсақ микросемьялар құруға бағдар ұстануды ұсынды.
Белгілі бір аналық ұяны өсіруде өзінің қасиеттерін ұрпағына жақсы бере алатын бағалы мегежіндер шығу мүмкін. Мұндай мегежіндерді сұрыптау мен жұптастыруды шебер жүргізу арқылы олардың өз ұяларын қалыптастырып, жетілдіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *