Латын әліпбиі.
Түркі тілдес елдердің латынға ауысуы 20 ғаырдың басында талқылана басталған. 1926 жыл Әзербейжан астанасы Бакуде түркі тілдес елдердің латынға ауысуы туралы Одақтық жиналыс өтті. Қазақстанда арнаулы комиссия құрылып, жоба жасалынды. 1929 жылы 7 тамызда КСРО Орталық атқару комитеті мен КСРО Халық комиссарлары кеңесі латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас Түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылды.
Бір ғасырда 3 түрлі әліпби ауыстырудың тарихына қысқаша шолу жасадық. Қысқа уақыт аралығында болған бұл Әліппе өзгерісітері қазақ халқының рухани өміріне зор өзгерістер алып келді.
1. ғасырлар бойы үзілмей жеткен рухани мәдениетімізді табиғи сұрыптаудан өткізіп, кейінгі ұрпаққа жеткізбеу;
2. ХХ ғасыр басындағы ұлттық қозғалыс және ұлттық үкімет саналатын «Алашорданың» кезеңінде қалыптасқан ғылми еңбектердің ұлттық сипатына айырылуына және коммунистік жүйеге түбегейлі көшуіне кепілдік берді.
Мәскеу КСРО құрылған алғашқы кезеңінде мақсатты түрде жүзеге асырылған Әліпби өзгерісі арқылы тегі мен тілін ұмытқан мәңгүрт ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бар күш салды.
«Рухани жаңғыру» бойынша өткен ғасырға бір сәт көз жіберіп қойсақ. Ертеңгі ұл-қыздарымыз бізді де солай еске алатынын ұмытпайық. Адам ұрпағымен мың жасайды деген…