Кітап — шабыт кебіні

Кітап – шабыт кебіні. –«Өлім кешіріммен келеді. Қайтыс болған адамның жақсылығын ғана айтқызып, айып міндерін ұмытқызады.» Кебіні жоқ, көрі жоқ адам болмас. Құдай қаласа, ақ өлім келген соң ақ кебінге оранып қабырге түстің –ақ делік. Ал, арғы жағдай не болмақ? Абайда «үй жолдасың» деген ұғым бар: «Әділеттік, арлылық, махаббат пен — Үй жолдасың қабірден әрі өткенде.» Абайдың «Үйі» -Түп иесі Тәңірі. Түп иеңді жерде көксеп, оған қайтқаныңда тілектес досың болар үшкіл- Әділеттік, арлылық, махаббат. Өмірден өткеннің ғұмырнамасы да осы Абай белгілеген Үшкілге арқа сүйеуі міндет саналады. Әрбір ғұмырнаманың өлшеуі – әділдік пен ақыл. Ғұмырнама жасақтау-жақсы нәрсе, жақсы іс. Әрбір жақсы нэрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса — жарамайды. Өлшеуінен асырса боғы шығады. Жауынгерлік заманда қазақ соғысқа өзінің бойына шақ болар кебінін қолтығына қыстыра аттанған. Мата- тән кебіні. Әділеттік, арлылық, махаббат- жан кебіні. Кітап- шабыт кебіні. Шыңғыс ханда аманат еткен: Ұлы шабытпен еске алыңдар деп.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *