Кеңестік тіл білімі.
1. Кеңестік тіл білімі ең басты міндеттерінің бірі.
2. 20-30 жылдары совет тіл біліміндегі бірнеше лингвистикалық бағыттар.
3. Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы академик Н.Я.Мардың рөлі.
Кеңес лингвистері алдында маркстік-лениндік тіл білімін дамыту міндеті тұрды.Бүкіл Кеңес ғылымының, солардың ішінде тіл білімінің де философиялық негізі – маркстік диалектикалық материализм деп жарияланды. 20-30 ж. кеңес тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды. Ондай лингвистикалық бағыттың бірі – үнді-европалық компаративтік лингвистиканың Россиядағы бір тармағы – салыстырмалы-тарихи тіл білімі болатын.
Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады. 20ғ. 30-шы ж. Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастыру міндеті тұрған кезде оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді. Марр тіл туралы жаңа ілімді яфет тілдерін жан-жақты зерттеу, оның басқа семьядағы тілдермен қатынасын айқындау негізінде ғана қалыптастыруға болады деп санады.Кеңес Одағы Коммунистік партиясының орталық органы «Правда» газеті 1950 жылы Кеңес тіл біліміндегі тоқыраушылықты сынап, бұл саладағы ғылыми жұмысқа дұрыс бағыт сілтеу үшін еркін айтыс ұйымдастырды.Тіл біліміндегі айтыстан кейін Кеңес тіл білімінің ерекше назар аударған мәселесі «Тіл туралы жаңа ілімінің» қателіктерін, оның тигізген зиянды зардаптарын жан – жақты ашып көрсету болды.
Дәрісті қорытындылау:
1. Кеңес өкіметі жылдарында қалыптасқан Кеңестік тіл білімі көп салалы, жан – жақты дамыған, озық тіл біліміне айналды.
2. 20ғ. 30-шы ж. Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастыру міндеті тұрған кезде оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді.
Бақылау сұрақтары:
1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды?
2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. М.Березин. «История лингвистических учении» М.,1975
2. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979
3. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974