Кедергіден жүгіру әдісін жіктеу


1. Жүгіру тұрақты түрде мына дистанцияда жүргізіледі.
Ерлер Әйелдер
110х400м 100х400м
Әрбір жекеленген жолда он кедергі болуы керек, олар төмендегідей кестеде көрсетілгендей қойылады:
Кедергі сөре сызығыннан кедергі аралығының ақырғы биіктігі кейінгі бірінші қашықтығы кедергіден кедергі мәреге дейінгі аралық.


Ерлер
Дистанция, Кедергі сөре сызығынан аралығының мәреге
м ақырғы биіктігі, кейінгі бірінші қашықтығы дейінгі аралық
110 1,067 13,72 9,14 14,02
400 0,914 45,00 35,00 40,00

Әйелдер
0,840 13,00 8,50 10,50
0,762 45,00 35,00 40,00

3,02.2. 110 м. қашықтыққа кедергiден ceкipy
Кедергi койылғанан 110 м. дистанцияны спортшы 51-52 адымда жүгiрiп өтедi; I-шi кедергiге дейiн кедергi арасын 27 адымда; кедергiден өткенде 1О кедергi адымы мәре бөлiгiн 6-7 адымда.
Сөре және сөрелiк қозғалыс. Жүгiру аласа сөреден басталады, жүгiруде сөрелiк аяқ, тiрегiш колданылады. Кедергiден жүгiру аласа старттан, жай жүгiруге қарағанда көп қиын: кедергiден жүгiрушi белгiленген ара қашықтықта (13,72 М.) ең жоғарғы жылдамдықпен жүгiрiп, бiрiншi кедергiнi нәтижелi өтуi керек. Сөрелiк қозғалыстың бiрiншi адымында кедергiден жүгiрушi, жай жүгiрушiге қарағанда ертерек көтерiледi: дистанцияның, 8-1 О метрiнде, ол оңтайлы жүгiру қалпында болып, сөрелік қозғалыстың екі түрін атауға болады: біріншісі — 7 адымда, екіншісі — 8 адымда. 7 жүгіру адымын, көбінесе, бойы биік және күштері мығым спортшылар қолданады. Бұндай сөреде сермелетін аяқ алға қойылады. Алдыңғы аяқ тірегіш сөре сызығынан 40-50 см. алдыңғы дән.
Бұл сөрелік қозғалыс вариантында кедергіден жүгіруші тез жоғарғы жылдамдықты алып, жүгіру адым ұзындығы бір қалыпты өседі, бірақ сөрелік қозғалыстан, дистанция бойымен жүгіргенде жүгіруші ырғағы әр түрлі болғандығы қиыншылық тудырады.
8 адымдық екпін алғанда сөре сызығына итерілетін тірегіші алға қойылады (40-66 см. сөре сызығының алдыңғы және артқы аяқ тірегіштің аралығы 20-40 см.). Мұндай сөрелік қозғалыста спортшы табиғи адым ұзындығы қысқартады, бірақ дистанция бойымен жүгіргенде тұрақты ырғақ сақтайды. Адым ұзындығы мынадай болуы мүмкін:
65 + 115 + 130 + 145 + 160 + 180 + 195 + 175 — 11,65 см
Kедергіден өту — техниканың ең қиын элементі: Бұл — итеруден басталады. Итеретін аяқ жерге табанының басына жедел қойылады. Осы жағдай кедергіге шабуыл жасағанда, дененің ортақ масса күші жоғарғы қалыпта болып және жылдамдықты жоғалту аз мөлшерде болады. Итеру бұрышы 65-700. Кедергіден жүгірушінің барлық әрекеті, «шабуыл жасау» деп аталады. (сурет 57, кадр 1-4) кедергі шабуыл жасауда ең басты элемент, ол сермелетін аяқтың қозғалысы, тізеден бүгілген аяқ жедел, алға-жоғары бағытталған. Сермелетін аяқтың шабуылы аяқталатын сәтте, сирақ қозғалысы тасталып ашылады. Сермелетін аяқтың мұндай қозғалысы тепе-¬теңдік жылдамдықты жоғары деңгейде ұстайды.
Кедергіден жүгіруші шабуыл жасаған сәтте (сермелеген аяқ түзу болған кезде) дене жедел алға еңкейеді. Сермелетін аяққа қарама-қарсы қол шабуыл алдында шынтақтан 6үгіледі. Сермелетін аяқ түзелген сәтте, қол жазылып, алға жіберіледі, сәл ішке, алақан төмен бағытталған. Кейбір жүгізушілер шабуыл кезінде алға екі қолмен қозғалыс жасайды.
Итерілетін аяқ тізеден бүгіліп, сырт жаққа бағытталып, тез жоғары-алға қозғалады. Сермелетін аяққа қарама-қарсы қол сырт жаққа бағытталып, тез жоғары¬, алға қозғалады. Сермелетін аяққа қарама-қарсы қол сырт жаққа артқа¬ төмен бағытта болады. Сермелетін аяқ жақтағы қол, жай жүгіру кезіндегідей үгіліп, алға қозғалады. Кедергіден дененің ортақ массаның өтуі кедергіден түсу фазасы деп аталады. Кедергіден сермелетін аяқтың түсуі Д.Ом проекциясына таяу түседі. Аяқ табанының тұмсығына қатты қойылады. Итерілетін аяқ түсерде тіземен жедел алға қозғалады.
Кедергіден түсер сәтте денені еңкейтіп ұстаудың маңызы өте зор -ол шабуыл жасайтын қалыптағыдай болады. Қол кедергіден түсерде жедел қимыл жасап, жай жүгірудегідей жұмысқа дайындалады. Сермелетін аяқ жақтағы қол тез алға шығарылады, осындай қозғалыс итерілетін аяқтың тез қозғалуына өз әсерін тигізеді. Сермелетін аяққа қарама-қарсы қол артқа ығыстырылған сәтте шынтақ буыннан бүгіліп, жай жүгірістегідей қозғалыс жасайды. Кедергіден жүгірушінің осындай кедергіден өту әрекеті жылдамдықтың аз жоғалуына және кедергі арасын тез жүгіруді қамтамасыз етеді.
Кедергілер арасын жүгіру үш адымда орындалады. Дистанция бойымен жүгіргенде жүгіру адымның параметрі практикалық жүзінде өзгерусіз қалады және кедергіден жүгіру ырғағына сипаттама береді. Бірінші адым — ең қысқа, екінші — ең үлкен, үшінші 10-15 см. қысқа, екінші адымға қарағанда. Ақырғы адымды қысқарту келесі кедергіге шабуыл жасауға жақсы жағдай тудырады.
Кедергі араларында кедергіден жүгіруші өжет, қайратты, бірақ денені босаңқы ұстағанда өз нәтижесін береді.
Сөреге жету ақырғы кедергіні өткенде басталады және спринттерлік жүгіру болып табылады. Кедергіден жүгіруші осы дистанция бөлігінде
(14,02 кедергіден жүгіруші қыздарға сөреден жүгіруде қолайлы 7 адымдық жүгіру.
100 м. қашықтыққа кедергіден жүгіру техникасы
Кедергі қойылған 100 м. аралықта спортшы қыздар 49-50 адым жасайды; сөреден бірінші кедергіге дейін 7 немесе 8 адым, мәре бөлігін 5 адымда; дистанция бойымен жүгіру техника жағынан еркектермен бірдей.
Сөре және сөрелік қозғалыс жүгіру жағынан 11О м. кедергіден жүгіруге ұқсас. Сөрелік қозғалыста адым ұзындығы бірте-бірте ұзарады. І¬ші кедергіге итерілер алдындағы аяқтан итерілетін аяқ 10-15 см. қысқа. 8 адымдық екпін алуда (алдыңғы тірегішке итерілетін аяқ қойылады) осылай аяқты қою кедергіге кіруге өте ыңғайлы жағдай жасайды. Кедергіден жүгіруші сөреден шыққанда спринтерлер сияқты жүгіреді. Ересек кедегіден жүгіруші қыздарға сөреден жүгіруде қолайлы 7 адымдық жүгіру.
Дистанция бойымен жүгіру құрылымы жағынан спринтерлік жүгіріске ұқсас, бірақ кедергіден жүгірудің өз техникасы бар — ол кедергіден жүгіру адымы.
Кедергіден өткенде итеру бұрышы 60-70%. Итерілу кедергіден 195-¬200 см. жерден басталады. Кедергіге шабуыл жасағанда, аяқты соза қойған ағдайда, жедел жылдамдық қамтамасыз етілмесе, қозғалыс жылдамдығы 1 төмендейді, ал таяу қою кедергіден секіруге әкеледі, спорт шеберлерінің кедергіден жүгіру адымы (300-31О м.), ол І-ші разряд спортшыларына қарағанда орта есеппен 10 см. кем. Жүгіру адымының азаюы, көбінесе, кедергіден түскен аралықты азайтып, кедергіге кірер адымды ұзарту. Ол кедергіні тік бұрышпен итеріп шабуыл жасауға жағдай жасайды.
Сермелетін аяқ кедергіден өткенде сәл бүгіліп, ерлердің 11О м. кедергіден жүгіру тәріздес сирақ сілтеп тасталмайды. Сермелетін аяқ кедергінің екінші жағына жедел қозғалыс жасайды. Итерілетін аяқ кедергіден доға тәріздес, табан сырт жаққа бұрылған бойы алға тасталады, тізе, табан мөлшерінен жоғары, бұл қалып сан-бұлшық еттерінің алға қозғалуын және кедергі арасын жүгіруді І-ші адымда тез қолданылуын қамтамасыз етеді. Итерілетін аяқты алға бағыттамай жөғары бағыттау, ол үлкен қате, бұл, көбінесе, дененің ерте көтерілуіне әкеп соғады.
Кедергіден жүгіруде тепе-теңдікті, тұрақты тік қозғалысты қолмен, шынтақтың бірдей қозғалысы қамтамасыз етеді. Кедергіден апап өткен кезде, сермелеген аяққа қарама-қарсы қол сәл түзетіліп, алға тасталады, кедергіден түсер сәтте итерілетін жақтағы қол жанына төмен, артқа қозғалыс жасайды. Артқа қозғалған кезде шынтақ негізгі болып келеді, қолдың астынан итерілетін аяқтың тізесі етеді.
Әйелдердің кедергіден жүгіріп өтудегі кейбір ерекшеліктері мынандай.
 Дене көп алға бүгілмейді және кедергіге кіргенде қатты ырғақпен тасталмайды.
 Сермелетін аяқтың сан мен тізесі кедергіге кіргенде жоғары көтерілуі, бұл жамбасты алға шығарып, кедергіге жедел шабуыл жасауға өз үлесін қосады.
 Кедергіден кідірмей, тоқтаусыз жүгіріп өтуі.
 Кедергіден өткенде итерілген аяқты алға тастағанда денені жедел еңкейтіп, сермелген аяқты тарта түзету.
Кедергі арасын үш адымда жүгіру дистанция бойымен жүгіргенде адым ұзындығы әр түрлі болып келеді. Бірақ ырғақ тепе теңдігі сақталады. Кедергіден түскеннен кейін 2 адым ұзартылады, ал үшіншісінде қысқартылады. Кедергі арасы мен жүгіргенде, адым ұзындығының жобасы мынадай: І-адым 160, екінші 200, үшінші 190, кедергіге итеру аралығы 200. Мәреге жету ақырғы кедергіден өткеннен кейін басталады және мәре сызығына дейі. 5 спринтерлік адым жасалады. Мәре бөлігін жүгіріп өткенде дене босаңқы, қысылмай ерте және терең еңкеймеуі керек. Себебі көп мөлшерде еңкею сермелген аяқтың ақырғы кедергіден төмен өтуіне әкеледі, ол кедергіге соғылуға, тіпті құлатып кетуге өз әсерін тигізеді. Бұл тепе¬теңдіктің жоғалуын және мәре бөлісіндегі жылдамдықты төмендетеді.
Сауалнама
1.Кедергіден жүгіру аралығы, кедергілер биіктігі,
2.Әйгілі кедергілерден жүгірушілердің әдісін жіктеу.
3. Сөре және сөрелік қозғалыс әдісін жіктеу.
4.Кедергіден өту әдісін, кедергіге шабуыл жасау, кедергіден өту,кедергіден түсуді шындау .
5. Кедергілердің аралығын жүгіру әдісі қайталау.
6. Кедергіден жүгіру әдісін жетілдіру.
Тапсырма.
1. Кедергіден жүгурі мектептерінің жаттуғыларын орында тұрып, швед сатыларың пайдаланып орындау.
2. Кедергіден жүгіру әдісін кедергінің жанында сермелетін және итерілетін аяқтын қозғалысын жетілдіру, кедергіден толық жүгіру жүйесін орындау.
3. Аласа сөреден жүгіріп 1 кедергі шабуыл жасау.
4. Аласа сөреден 2-3-4ші кедергіден жүгіру, аралықтыта 3 адымда жүгіру.
Әдістемелік нұсқау.
Кедергіден жүгіру 40-тан 400м аралықтан өтеді. Үйрету кезінде әртүрлі биіктікте қойылған кедергіден жүгіру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *