Иліп ұзындыққа секіру тәсілі
Бұл секіру мынандай жағдайда орындалады: «адымдап» келіп ұшқан секіруші серпілген аяқты төмен — артқа түсіріп, осы сәтте сәл ғана алға қарай жылжыған итерілген аяққа қосады. Сөйтіп, екі аяқта біршама артта қалдырылып, серпілген аяқ түзетіледі, ал итерілген аяқ тізе буынынан иіледі.
Сол сәтте бөксе алға жылжып (ДМОК салыстырғанда) секіруші бел және кеуде тұсынан бүгіледі. Бұл қозғалысқа жартылай бүгілген қолды екі жағына немесе артқа – жоғары қарай жіберу жағдай туғызады. Иілген секіруші шамамен ұшу жағдайының жартысын ұшып өтеді. Осындай жағдайда секіруші бір сәттік үзілісті сезінеді.
Дененің созылған бұлшық еттері әдемі иілуге мүмкіндік береді және жерге түсу үшін аяқты жеңілдетеді. Тізеден бүгілген аяқтар тез артқа алға қарай жіберіліп, дене алға қарай иіледі, ал қолдар алға – артқа қарай түсіріледі.
Егерде секіру техникасы жетілдірілсе, итерілу техникасы бұзылмастан орындалып, ұшу кезіндегі иілу мен жерге түсу дайындалу өз уақытында орындалады, орлай болса бұл тәсіл неғұрлым тиімді.