Жіктеу есімдіктері

Жіктеу есімдіктерінің III жағы болып табылатын ол сөзін де алдыңғы ізбен о-л тәрізді құрама бөлшектерге бөліп қарауға болар еді. Соңғы элементі осы есімдіктің септелетін негізінде кездеспейді. О-ның, о-ны, т. б. Ал көмектес тұлғасы онымен түрінде айтылғанмен, -ны морфемасын ілік септіктің қысқарған түрі деп қарау керек (салыстыр: оның-мен, оның үшін, оның бірле). Оның бер жағында, сілтеу есімдік мәнінде жұмсалғанда ол сезі тек о түрінде айтылуы да кездеседі: о жаңта, о үйде, о не, т. б. Түркі тілдерінің бірсыпырасында, мысалы, азербайжан, құмық, түрік, өзбек тілдерінде III жақ жіктеу есімдігінде айтылмайды. Сонымен, ол есімдігінің арғы, бастапқы түбірі — о деп қарауға толық негіз бар. Ойландыратын мәселе, алайда, сол элементін түсіндіру болса керек. В. Котвич тұңғыс-маньчжур тілдерінде III жақ жіктеу есімдігі і, ін түрінде, қырғыз тілінде ал түрінде айтылатындығына сүйене отырып ін (і) III жақ жекеше түрі, оның кепшесі — а (н) түрінде айтылған деп жорамалдайды, -ан морфемасы біздің тілімізде анау, анда, ана жақта сездері құрамында кездеседі. Сонда, оның айтуынша, ал қырғыз тілінде а (н) мен о (л) сөздерінің қосындысынан барып пайда болған. Соңғы -л-ді Котвич нақтылаушы (ут-вердительная частица) қосымша деп қарайды. Сөйтіп жайлы пікір осындай. Бұл пікірдің қалайда ойландыратын жағы мынада: ол есімдігі септелгенде жатыс септікте (онда) түсініксіз пайда болады. Нақ осы -н ана, анау, анда есімдіктерінің құрамында кездеседі. Қазіргі тілдің құрамында онда, анда сөздерінің арасында пәлендей лексикалық айырмашылық жоқ. Бірақ о/а параллелін кейбір түркі тілдерінде есімдіктердің септелуінде кездесетін сәйкестікпен түсіндіруге болар еді. Мысалы, хакас тілінде: ол, анын, т. б.

Біз, сіз есімдіктерінің құрамындағы элементі жайлы айтылып жүрген пікірлерді екі топқа бөлуге болады. Зерттеушілердің біразы булардың алғашқы түбірі бі, сі деп қарайды да, соңғы бір кезгі екілікті, қосақты білдірген қосымша деп есептейді. Мұнда біз сөзі бір кезде мен және сен дейтін мағынада қолданылған болып шығады. Осы тұрғыдан келіп -з ауыз, көз, егіз тәрізді сөздер құра-мындағы -з-мен салыстырылады. Бірсыпыра зерттеушілер біз сөзінің осы тұлғасының қалыптасуын мынадай схемамен түсіндіреді бі-сі, біз, сі-сіз. Бұл пікірді ұсынушылар да екілік (парность) ядеясын берумен байланыстырады. Алдыңғы пікірден айырмашылығы: алдыңғылар -з екілікті (парность) білдірген қосымша деп қараса, соңғылар екі сөздің бірігуінен, соның салдарынан ілгері ықпал заңдылығына сәйкес ның -з -ға айналуы, соңғы қысаң дауыстының түсіп қалып, бүкіл сөздің ықшамдалуы деп есептейді. Соңғы пікір сөз қүрамында болуға мүмкін өзгерістерге негізделгендіктен және сөздің лексикалық мағынасымен үйлесіп жататындықтан дәлелді тәрізді. Тек бұл жағдайда біз, сіз сөздерінің құрамындағы элементімен бірдей деп тануға ешқандай негіз болмай қалады. Есімдер құрамында кездесетін -з элементі сөз болғанда, әр кез көңіл аударуға тиіс құбылыс мына сияқты: мағыналық жағынан бір-бірімен ұштасып жататын, ұялас лексикалық мән беретін есімдер мен етістіктер қатарларын салыстыра қарағанда әрқашан есім сөздерді мағыналас етістіктерден оқшаулап, олардың есімдер тобына жатуының грамматикалық белгісі есепті көзге түседі. Мысал үшін мынадай сөз қатарларын салыстырып керейік: көз — көр, семіз семір, т. б. Осындай фактілерге қарағанда, -з тілдің белгілі бір дәуірінде есімдерге тән қосымша болған ба деп те ойлауға болады. Қалай болғанда да біз, сіз сөздерінің құрамындағы сөздің бастапқы түбірінің қүрамында болмаған, кейін ғана қосылған морфема. Солай екендігін бүгінгі түркі тілдерінің фактілері де дәлелдейді. Қазақ — сіз (дер), тува — силер, алтай — слер, шор — силер, хакас — сірер, чуваш — эсир; тува, алтай, шор тілдерінде басқа түркі тілдерінде айтылатын айтылмай, көптік жалғау сі (си) түбіріне тікелей жалғанады. Бірақ сол тілдерде де, басқа тілдердегідей, бірінші, екінші жақтық жіктік есімдіктері жекеше түрінде мен, сен (мин, син) түрінде мен айтылады. Ал чуваш пен хакас тіліндегі варианттар –р ға аяқталады. Олардың құрамынан да түркі тілдерінің бәріне ортақ сі (си) түбірін көруге болады: сірер, э-си-р. Хақас пен чуваштық варианттар біз, сіз есімдіктері бі-сі, сі-сі, яғни, екі сөздің бірігуі, сөйтіп фонетикалық өзгерістерге түсу арқылы пайда болған дейтін пікірді дәлелдемейді. Егер ол тілдерде де түркі тілдерінің барлығына ортақ бі, сі түбірлері сақталған болса, біріккен уақытта (бі-сі, сі-сі) соңғы қайдан шығуы мүмкін дейтін сұрақ туады. Өйткені байырғы түбірдің құрамында жоқ. Бұл жағдай чуваш, хакас варианттарының құрамындағы түбірге қосылған қосымша деп қарауға негіз болады. Сонымен, біз, сіз есімдіктері екі түбірдің бірігуі арқылы емес, түбір мен қосымшаның бірігуінен жасалған болса керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *