Жерге түсу
Жерге дұрыс түсу алысқа секіруде үлкен маңызға ие. Көптеген секірушілер жерге дұрыс түспеу салдарынан өздерінің тиісті нәтежелеріне жете алмайды. Секірудің барлық тәсілдеріне топталу, жерге түсуге дайындалу ұшу траекториясының хордасын аттамастан бұрын басталады, бұл жағдайда дене массасының жалпы орталығы өзінің бастапқы денгейіне жетеді, яғни итерілген сәттегі биіктікке деңгейлес келеді. Жерге түсуге дайындалу бірінші кезекте жанбасты көтеру мен, тізені кеудеге жоғары көтеріп, денені неғұрлым июмен қамтамасыз етеді. Сирақтар бұл жағдайда төмен түсіріліп, қолдар жоғары артқы жағдайда болады. Осв ерекшеліктер жерге түсер алдында орындалуы керек. Аяқтарды бүгу және оларды ұстап тұру құмға түсер алдында орындалады. Жерге түсер алдында өкше бөкседен сәл төмен болуы керек. Дене бұл жағдайда көп иілмеуі қажет, өйткені ол аяқты неғұрлым жоғары көтеруге кедергі келтіреді. Шынтақтан бүгілген қолдар жоғарғыдан төмен түсірііп, төмен сәл ғана артқа қарй жіберіледі. Табан жерге тиісімен аяқтарды тізеден бүгілу басталады. Бұл жерге түсер кездегі соққыны жеңілдетеді де, дене массасының жалпы орталығының кедергіден өтер кездегі қозғалысына мүмкіндік береді.
Жерге түсуді орындай отырып секіруші бөксе мен аяқтарды белдің тұсынан бүгіп, сәл ғана алға қарай жіберіледі. Жерге түсуден басқа – топталып түсу әдісінде аяқты жоғары көтеріп, бір мезгілде денені алға қарай бүгеді. Секірушінің денесі неғұрлым бүгілетін болса, бөксе жанбас тұсы соғұрлым артқа жіберіледі, ол аяқта ұстап тұруға қиындық тудырады. Сондықтан топталып түсу әдісінен секіруші жерге түскенде тиісті жерге түсу нүктесіне жақындай алмайды. В.М Дьияковтың мәліметіне қарағанда 25 см жуық жоғалтады.
2. Жүгіріп келіп, биіктікке«Фосбери-флоп» әдісімен секіру
Доға үлгісі бойынша жүгіріп келіп орындалған «Фосбери – флоп» техникасын талдау итерілген кезде жүгірудің орталық күші пайда болатынын көрсетті. Міне бұл тәсілдердің айрықша ерекшелігі осында.
Жүгіріп келіп биіктікке секіру – бұл спорттың күрделі түр.
Оны сипаттап шығу үшін мынандай негізгі құрлымдық салаларға бөлуге болады. Екпін алу, итерілу және белдеуден өту.