Жалпы тіл білімінің пәндік ерекшеліктері.
1. Жалпы тіл білімінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері
2. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы.
3. Тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы.
Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол – бүкіл лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімі 1963 жылдан бастап енгізілді. Бұл пәннің мақсаты – студенттерге теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру.
Тіл білімі салалары: 1. Интралингвистика. Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді. Интралингвистика тілдің ішкі жүйелілік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Интралингвистиканың негізгі салалары – фонетика, лексикология, грамматика. Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Сондықтан оны социологиялық лингвистика, металингвистика (мета – грекше жарты), сыртқы лингвистика, немесе тілдің қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттеуіне байланысты функциялық лингвистика деп те атайды. Экстралингвистика социолингвистика, менталингвистика салаларына бөлінеді. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента – латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді. Менталингвистика тіл менойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді.
Дәрісті қорытындылау:
1. Жалпы тіл білімі лингвистиканың теориялық саласы ретінде ХІХ ғасырдан бастап қалыптаса бастады.
2. Жалпы тіл білімі 1963 жылдан бастап енгізілді.
3. Лингвистиканың объектісі – адамдардың дыбысты тілі.
Бақылау сұрақтары:
1. Жалпы тіл білімі қашан қалыптаса бастады?
2. Жалпы тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001
2.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974
3.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999