Ескерткіштер   тілінде  алғашқы -ып + турур + мен формасында ұшырасуы

Қазіргі түркі тілдерінің бірқатарында (азербайжан, ұйғыр, қырғыз, түрікмен) еткен шақтың бұл түрі жіктелу үлгісінің өзіндік қолданысымен айрықшаланады. -ыпты тұлғалы өткен шақ Орхон-Енисей жазбаларында кездеспейді.   Ескерткіштер   тілінде  алғашқы -ып + турур + мен формасында ұшырасуы XIII—XIV ғасырлардан басталады. «Тефсир», «Оғызнамада», сонымен бірге XVII ғасыр шығармалары «Шежіре-и-терекме», «Шежіре-и-түркіде» қолданылған: «Заид Расулға айтыб турур» («Тефсир»), «Барчасының атларыны йуқарыда бир бир айтыб турурмиз (Ш.Тер.). Көне қыпшақ тілінің ескерткіші «Кодекс куманикусте» де кездеседі. «…дунйаға тириклик берип турур, Христос бизге тоғуп турур». XIV ғасыр жазбаларынан белгілі -ып + тур + мен формасы XV ғасырдан кейін өнімді қолданыла бастаған. «Кодексте», «Ат тухвада» -ып + тыр + мен түрінде езулік вариантымен берілген. Осы қолданыстың ізін қазіргі түркі тілдерінің ішінде хакас, шор, тува, қырғыз, алтай тілдерінен көруге болады. XV ғасырдан бергі ескерткіштерде актив қолданыста кездесе бастаған -ып + мен формасының алғашқы фиксациясы XIII—XIV ғасыр жазбаларынан көрінеді; «Тефсир», «Оғызнамада» бірен-саран ұшырасуы байқалады: «Балықны йах-шы сақлабсен» («Оғызнама»), «Ул, не ким сен келтүрүб сен («Тефсир»). Белгілі бір дәуірлерде -ып көсемшелі өткен шақтың үш түрінің де қатар қолданылуы кездесіп отырған. Мұндай ерекшелік грамматикалық тұлғалардың саралана бастауының алғашқы сатысының көрінісі болса керек. Тілдің ішкі заңдылықтары негізінде әрқашан сұрыпталу процесінің жүріп жатуы бір функцияны атқаратын бірнеше вариантты формаларының ең ықшамдысын ғана таңдауға алып келеді. Қазіргі қазақ және туыстас түркі тілдеріндегі -ып көсемшелі өткен шақ формасы, сөйтіп о бастағы -ып + турур + мен тұлғасының ықшамдалуы нәтижесінде дамып қалыптасқан.

         Назар аударар жайт — ескерткіштер тіліндегі -ып формантты өткен шақтың білдіретін мағыналық қырлары. Э.Наджиптің көрсетуінше «Гүлстанда» бұл тұлға екі түрлі мағына берген. Бір жағдайларда берген мағынасы қазіргі қазақ, өзбек, ұйғыр тілдеріндегідей болып келеді. Яғни, сөйлеуші куә болмаған, қатыспаған немесе оның еркінен тыс болған я басқа біреулерден естіген іс-әрекетті білдіруі ұғынылады: «Сорды кім мұңа не болып турур: айт-тылар, хемр ішіп, ұрұс етіп кісі өлтүрүп турур («Гүлстан»). Екінші бір жағдайларда жоғарыдағыдай модальдік реңк болмайды да, беретін мағынасы -ды, -ған тұлғалы еткен шақ формасымен сәйкес келеді.

Өткен шақ ішінде аналитикалық формалардың да езіндік қалыптасу жолын байқауға болады. Күрделі шақ тұлғаларының көмекші етістік тіркесі арқылы жасалатыны белгілі. Орхон-Енисей жазбаларында, «Диван луғат ат-түрік», «Құдатқу біліг», «Хибат-ул хақайық», «Тефсир», «Оғызнамада» көмекші етістік ерті, ерді түрінде келсе, XV ғасырдан бергі дәуірде бұл тұлғамен еді формасы да қатар қолданыла бастаған. Ал қазіргі кезеңде түркі тілдеріндегі аналитикалық шақ формасының сыңары ретінде еді көмекші етістігі қолданылады. Тарихи тұрғыда ең көне аналитикалық шақ формаларының біріне -мыш ерті тұлғасы жатады. Алғаш Орхон-Енисей ескерткіштерінен мәлім болып, XV ғасырға дейін актив қолданылған. «Алп ер бізіңе тегміш ерті» (Күлтегін);   «мусылман болмыш ердиләр» («Тефсир»). Түркі тілдерінің дамуы барысында оғыз тобындағы тілдерде өнімді қолданылып, нәтижесінде осы топқа тән ерекшелікке айналған. Жазба ескерткіштерде XIII—XIV ғасырлардан бастап кездесетін күрделі өткен шақ түлғасы -ған. «Бабырнама», «Шежіре-й-терекме», «Шежіре-й-түркіде» жүмса-лып отырған: «Сизлер аңа ынанған ердіңіз» («Тефсир»).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *