Ежелгі Үнді тіл білімі

Ежелгі Үнді тіл білімі.

1. Көне үнді тіл білімі.Оны туғызған себептер.
2.Яски мен Панини еңбектері. Панини жазған санскрит грамматикасы.

Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы 5 ғасырдан басталады. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған «Веда» деп аталатын жазба ескерткіштері болған. Біздің дәуір алдындағы 6 ғасырларда белгілі болған бұл ескерткіштер жинағын үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазірде де солай санаушылық бар көрінеді. Бұл «киелі» жырлар тілінде сол уақыттағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Соларды айқындау және «Веда» тілін сөйлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, беретін түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен «Веданың» тілін зерттеген. Ежелгі Үндістандағы тіл білімі, негізінде, осы төрт бағытта дамыған. Зерттеушілердің айтуынша, Панини еңбегі — тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика. Ол санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады.
Дәрісті қорытындылау:
1. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған «Веда» деп аталатын жазба ескерткіштері болған.
2.Яски «Веда» тілінің бес томдық сөздігін жасап, түсінік берген адам.
3.Панини еңбегі — тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика. Ол санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады.
Бақылау сұрақтары:
1.Көне үнді тіл білімін туғызған себептер қандай?
2. Яски мен Панинидің қандай еңбектері бар?
3. Панини жазған санскрит грамматикасының мәні қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
2. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *