Ежелгі Грек тіл білімі. Рим тіл білімі.
1. Грек тіл білімі тарихының даму жолының басталу кезеңі.
2. Грек тіл білімі тарихында филология дәуірімен философтардың тіл жайындағы пікірлері.
Ежелгі дәуір тіл білімінің тағы бір отаны — Ежелгі Греция. Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері – атаудың табиғаты, зат пен оның атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер.
Заттың өз атауына қатысы жөніндегі мәселе Ежелгі Грецияда бірнеше ғасырға созылған және Грек философтарын екі топқа бөлген аса күрделі мәселе болған. Олардың Героклит бастаған бір тобы – атау зат тың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз табиғат туындысы десе, Демокрит бастаған екінші тобы оған қарсы – зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс – шартты, кездейсоқ байланыс деген тұжырым жасайды.
Ежелгі Грек философтарының тілге байланысты сөз еткен екінші проблемасы – тілдің шығуы жөніндегі мәселе. Бұл мәселеде де олар дұрыс шешімге келе алған жоқ. Грек ғалымдары көтерген тағы бір проблема – грамматикалық мәселелері. Грамматиканы да алғашында философия, әсіресе логика ғылымына тәуелді, соның бір саласы ретінде, логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қараған.
Дәрісті қорытындылау:
1. Ғалымдардың айтуына қарағанда, Грек тіл білімі Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» жырының тілін зерттеуден басталыпты.
2. Грек тіл білімін екі кезеңге бөліп қараушылық бар. Оның бірі – философиялық кезең, екіншісі – филологиялық кезең деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
1. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата?
2. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж