Допты екі қолмен төменнен қабылдау.
Мақсаты: Допты екі қолмен төменнен қабылдау әдісін үйрету, меңгерту.
Қарсы жақ ойынға қосқан шабуылдай және алдап соққан доп екі қолмен төменнен қабылданады.
Суретте волейболшының доп қабылдауындағы негізгі тұрысы көһрсетілген. Тізесі бүгіліп, қолы допты қабылдауға алдын-ала даярланған. Қолы допты тосып алады да, допты қайтару үшін оған қарсы қимыл жасаудың қажеті жоқ.
Доп қол жіліншігімен қабылданады. Саусақтар жұмылып, төмен түсіріледі. Жұдырықпен қабылдау қауіпті, өйткені доп оған дәл тимей қисық ұшып, алаңнан шығып кетуі мүмкін. Допты қайталау үшін және ағынын бәсеңсіту үшін қабылдау кезінде екі қолдың арасы ашық болады. Бірақ оларды барынша жақын ұстау керек. Допты екі қолмен төменнен қабылдау үшін мынадай жаттығуларды пайдалануға болады:
1. Төменгі қалыпта доп қабылдаудың бастапқы жағдайынан, аяқты жаза отырып ілінген допты соғу.
2. Домалай түсіп келе жатқан допты төменнен қабылдау. Бұған арналған қондырғыны оңай жасауға болады. Ол үшін екі тақтай бір-біріне науа тәрізді етіліп қағылады. Оны гимнастикалық қабрғаға немесе ағашқа т.б. орнатуға болады. Бұл қондырғы жеке адамға, мысалы үйде жаттығу жасауға аса қолайлы.
3. Серігі лақтырған немесе жоғарыдан берілген допты бір орында тұрып немесе орын ауыстырған соң қабылдау.
4. 3-ші жаттығуды қайталай отырып, тор арқылы біріліп допты 4,3,2,6 аймақтарда қабылдау.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» — М., 2001.
2. Матвеев Л.П. — «Теория и методика физического воспитания» — М., 1991.
3. «Мектепте волейболды оқыту» — әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990