1.Тері жабыны – сыртқы жабынымен бірге сыпырылып алынған өлі жануардың терісі
2. Түкті жабын – түк, денені жауып тұратын немесе бағалы терілі аңның тері жабыны.
3. Шағылысу – бағалы терілі аңдарды жұптастыру мезгілі
4. Тері ақаулығы – тері жабынының жарақаттану дәрежесі
5. Бағалы терілі аңдардың тері жабынындағы ойық – тері ақауы, аңдардың айқасуы нәтижесіндегі мездраның бүлінуі.
6. Азықтану нормасы – ғылыми түрде негізделген белгілі бір жануардың энергия және қоректік заттарға тәуліктік қажеттілігі
7. Негізгі аналық – өндірістік кезеңнің басындағы негізгі бағалы терілі аңдардың табының аналығы.
8. Табынның өсімділігі – аналықтың бір күшіктегендегі барлық өлі және тірі күшіктерінің саны.
9. Бағалы тері – таңдалмаған бағалы терілі аңның терісі. Аңшылықта алынған немесе аң шаруашылығында өндірілген тері.
10. Тері түгінің көлемділігі – бағалы терілі аңның түгінің ұзындығы, оның құрлымын тудыратын терінің серпімділік және мықтылық қасиеті.
11. Ас қорыту – асқазан-ішек жолындағы асты химиялық және механикалық өңдеу.
12. Май жиналатын орын –сол арқылы аңшылық аңдар және құстар қоректенетін қанықтыру процесі жүретін орны.
13. Түлеу – жануар тері түгінің өзгеру процесі.
14. Тұқымдас – биологиялық систематикадағы биологияның таксиномиялық категориясы
15. Аңшылық шаруашылық – бағалы терілі аңдарды асырайтын орын.
16.Щед- бағалы терілі аңдар үшін бірнеше торлар орнатылған айналдыра қаша.
17. Күшіктеу — бағалы терілі аналық аңның тууы
18. Жас өлтірілген аң – тері алу үшін өлтірілуге белгіленген бағалы терілі жас аң.
19. Терінің сорты – бағалы терілі аңдардың тауарлық қасиеттерінің белгілі бір жиынтығы, тері түгінің және мездрасының сапалық көрсеткіші.
20. Аңшылықтану –әр түрлі бағалы терілі аңдардың тұқымдарын қолда өсіру арқылы тері өндіретін, мал шаруашылығының саласы.