«Адымдау» тәсілімен жүгіріп келіп биіктікке секіру техникасы
«Адымдау» әдісімен биіктікке секіруде жүгіру белдеуге 30 – 45◦ бұрышпен орындалады итерілу белдеуден алыс тұрған аяқ арқылы жүзеге асады. Секірілуші итерілгеннен кейін денесін тік жағдайда ұстап жоғары ұшады. Секіруші денесімен және серпілетін аяқпен белдеуге кіріп итерілген аяқты жайлап төмен жібереді. Белеуден өткен кезде қозғалыстар орындалады. Белдеудің арғы жағында серпілетін аяқты түсіру есебінен итерілген аяқ доға сызығы бойынша тізені бұра отырып белдеуден өткенде сыртқа қарай жылжытылады. Бас иық және барлық дене алға қарай иіліп белдеуге қарай бет алады. Белдеуден өткен сәтте басты иіп иықты алға жіберіп секіруші бөксесін көтереді. Дененің белдеу жаққа қарай шамалы қозғалысы белдеуден дұрыс өтуге мүмкіндік береді. Қолды дене бойымен жіберу де белдеуден ттімді өтуге көмектеседі. Жерге сермелген аяқ пен түседі содан кейін итерілген аяқ түседі.
Жүгіріп келіп биіктікке секіру техникасын бағалаудың шарттары
Қозғалыс дағдысын қайта құру үшін техникалық шеберлік денгейін анықтау мен оны жетілдірудің әр — түрлі кезендерінде қол жеткен табыстарды бағалау үшін пайдалану үлкен маңызға ие.
Биіктікке секірудің техникалық шеберлік денгейін спортшының неғұрлым жоғары денгейге жеткен жағдайында оның қозғалу мүмкіндіктерін қалайша толық пайдалануына қарап анықтауына болады.
Техникалық тимділікті есептеу үшін қозғалыс потенциялы мына формула бойынша анықталады:
«Фосбери – флоп» әдісімен секіруге оқып – үйрену
«Фосбери – флоп» әдісімен секіруді оқып үйрету үшін жұмсақ паралон маталары қажет. Жүгіріп келіп «фосбери флоп» әдісімен биіктікке секіру техникасын тиімді меңгеру үшін, жаттығушылар бастапқы дайындықтардан өтуі керек. (жүгіру, жылдамдықпен жүгіру, секіру). Сонымен бірге олар акробатикалық дайындықтың бастапқы курсынан өтсе, тіптен жақсы болар еді. Содан кейін ғана, оқып үйретуді бастауға болады. Төменде «фосбери флоп» әдісімен бйіктікке секіру техникасын үйретудің реттік тәртібі келтірілген.
1.тапсырма: жаттығушылардың жүгіріп келіп «фосбери флоп» әдісімен бйіктікке секірудің техникасымен танысу.
Құрал жабдықтар: 1. Секіру техникасын көрсету. 2. Көрнекі құралдарды көрсету: кинограмма, кинокольцов-ка және басқалары. 3. Секіру техникасының негізгі шарттарын түсіндіру.
2. тапсырма Орталық жүгіру күші әсер жағдайында доға үлгісімен секіру техникасын үйрету.
Құрал жабдықтар: 1. Радиусы 12-15м шеңбер бойымен жүгіру 2. Доға қисығын 12-15м ден 10-8м ге дейін бірте бірте қысқарта отрып шеңбер бойымен жүгірту. 3. Түзу жолмен жүгіріп келе жатып, сонғы 3-5 адымда доға бойынша жүгіруде жылдамдықты арттыру. 4. Түзу жолмен жүгіріп келе жатып бірте – бірте соңғы 3-5 адымда жылдамдықты доға үлгісі бойынша арттыру.
Әдістемелік нұсқау: жаттығушы шеңбер бойымен жүгіргенде оның орталық нүктесі денені иінкіреп жүгірудің дұрыс техникасын меңгереді оқытушы бұл жағдайда еңкеюдің иықпен емес бүкіл денемен жүзеге асырылатынына назар салуы қажет. Бұл жерде аяқты баппен бүгу және бос аяқты бөкседен алға қарай қозғалтып аяқпен табанды жұмысқа қосып жүгіру техникасын игереді. 1 және 2 жаттығуларды орындағанда қолмен дұрыс істеуі қажет қолдар ассиметриялық қозғалысты орындайды — «сыртқы» қол алға қарай жіберіліп қана қоймай, денеге көлденең жіберіледі де, ал «ішкі» қол бұл жағдайда көбірек артқа жіберіледі 3 және 4 жаттығуларды орындағанда жоғарыда көрсетілген қозғалыстарды жүгіріп келе жатып және доға бойынша жүгіргенде игеру қажет. Сонымен бірге жаттығушы доға бойынша жүгіргенде жылдамдықты арттыруын назарға алуы қажет.
3.Тапсырма доға үлгісі бойынша жүгірген жағдайда итерілу техникасын оқып үйрену
Құрал жабдықтар: 1. Жерде нық тұрып. Сонғы артқы жағдайдан ішке қарай бөкседен сермелу. 2. Осы жаттығуды шеңбер бойында тұрып, бір орында жасау. 3. Итерілетін аяқты жерге қойып, сермелетін аяқпен және қол мен жасау. 4. Итерілетін аяқты жерге қойып, жүгіріп келе жатып аяқпен және қолмен сермеу. 5. Итерілетін аяқты жерге қойып шеңбер бойымен жүгіре отырып әрбір қадам сайын сермелу, сәлден кейін әрбір 3-5 қадам сайын. 6. Жүгіріп келе жатып, алдымен түзу бойымен содан кейін доға бойымен итерілу. 7. Жоғары ілініп тұрған допты иықпен қағу. 8. Түзу жолмен жүгіріп келе жатып гимнастикалық столға секіру, ол сонғы 3-5 қадамдарға доға үлгісіне көшіріледі. 9. Доға бойынша жүгіріп келіп, белдеуге секірілу (белдеу секірушінің бойынан жоғары көтерілген).
Әдістемелік нұсқау: 1 және 2 жаттығуларды орындағанда серпілетін аяқтың жанбасы ішке қарай бұрылып ал тізе табаны мен бірге сыртқа қарай бағытталуын ескеру қажет. Бөксе де алға қарай шамалы ішке бұрылып жіберілуі керек – бұл дене массасы жалпы орталық нүктесін итерілген кезде итерілу сызығының бойында ұстауға мүмкіндік береді. Ос жерде сондай – ақ қолмен сермелу жасалады. 3 және 4 жаттығуларда итерілетін аяқты жерге қою тәжірибесі игеріледі. 5 және 6 жаттығуларда осы қозғалыстар доға бойымен жүгіруге жаттықтырылады. Итеруді аяқтағаннан кейін жерге аяқ пен түсу қажет. 7. Жаттығуды орындағанда доға бойымен жүгіру жылдамдығын арттыруға назар салуы керек. Бұл жаттығулар итерілуді толық аяқтап оны сәтті орындауға мүмкіндік береді.
8. Жаттығу сермелуді және секірушінің бйіктікке ұшуды жақсы итеруге мүмкіндік береді. Доға бойынша жүгіруден кейін итерілу жекелеп жүргенде орындалады.
4.Тапсырма белдеуден өту техникасын менгеру
Құрал жабдықтар: белдеуден өту қозғалысын игеру 1. Матта арқамен жатып аяқ тізеден бүгіледі. Өкшеге және жаурынға тіреліп, жанбас пен бөксені жоғары көтере келіп, денені ию. 2. Гимнастикалық ортекенің үстіне көлденеңнен жатып белдеуден өту жағдайын жасау. 3. Тік тұрып иілу. 4. Матта арқамен жатып аяқты жоғары көтеріп, белдеуден өту жағдайын игеру. 5. Жерге түсетін шұңқырға арқамен түсіп, екі аяқпен итеріліп, белдеуден өту қозғалысын жасау. 6. Осы жаттығуды аса биікке ілінбеген резинкадан өту арқылы жасау, оны бірте бірте бірте биіктете түсу. 7. Осы жаттығуды мостикпен итеріліп жасау. 8. Доға бойынша жүгіріп, 3-5 адымнан секіріп орындау. 9. 5-7 қадаммен жүгіріп келіп секіруге әрекет жасау.
«Адымдау» әдісімен секіруді оқып – үйрену
1. Тапсырма. Секіру техникасымен таныстыру
Құрал жабдықтар: секіру техникасын көрсету және т.б. кинограмма көрсету және т.б.
2. Тапсырма. Итерілу техникасын үйрету.
Құрал жабдықтар: итерілетін аяқпен тұрып, сермелетін аяқпен және қолмен артқа сермеу, сермелетін аяқпен қолды алға – жоғары қарай қозғалтып, итерілуді орындау. 2. Сол жаттығу бірақ айақты итерілетін жерге қойып, сермелу қозғалысын жасап, итерілу. 3. 2,3 және 5 адымнан кейін итерілу.
Тақырып. 10. Ядроны итеру техникасын жіктеу.
Сауалнама
1. Ядроны ұстау тәсілі.
2. Позаллар сипаттамасы: екпін алу, снарядты қуып жету, пиналдық күш түсіру, тепе -теңдікті сақтау.
Тапсырма
1.Ядроны орнында тұрып және ырғып итеру әдісіне еліктеу қимылын орындау.
2. Нығыздалған допты тік – жоғары , алға итеру.
3.Нығыздалған допты жанымен тұрып лақтыру жағына бағыттау.
4.Гантель, штангіні пайдаланып күшті нығайту жаттығуларын орындау.
5. Нығыздалған допты, ядроны ырғып итеру.
6. Жылдамдық – күш қасиеттерін қолданудан тыс снарядтарымен дамыту.
Әдістемелік нұсқау
Ядро итеру – жылдамдық күш сипатты жаттығулар ол иықтан бір қолмен қосымша қозғалысты орындап белгілі бір шектеулі (шеңбер диаметрі 2.135 м) жерде орындалады.
Снарядтың салмағы ерлерде 1,257кг, ал әйелдерде 4кг, осы снарядтарды итеру үшін үлкен күш қажет.
Ядро итеру әдісі
Ядро итеру бұрышы 45º шеңбердің ішінде тұрып орындалады. Ядроны ұстау. Ядро сәл ашылған оң немесе сол қол саусақтарында орналасады. Жаңа бастаған спортшылар ядроны алақанға таяу салып ұстайды. Ядро орналасқан қол бұғана шұңқырына мойынның жанында орналасады, ядроны мойынға қысып ұстайды.
Сермеу. Сермеудің мақсаты артқа ырғу және бұрылу арқылы итерушіні қозғалысқа дайындау. Ең көп тараған түрі артқа ырғып итеру. Сонымен қоса сермеудің мақсаты қозғалудың бастапқы кезінде лақтырушы – снаряд жүйесінен нәтежелі жағдай туғызу. Итеруші лақтыратын жаққа арқамен шеңбердің арт жақ бөлігінде тұрады. Сол аяқ сәл артқа табанның басына немесе оң аяқтың жанына қойылады. Ядроны оң қолмен иық үстінде ұстайды. Бүгілген оң қол жоғары немесе алға – жанға қарай бағытталған.
Алға еңкейе және сол аяқты көтеріп спортшы оң аяқта тұрады. Содан кейін оң аяқты бүгіп сол аяқты төмен түсіріп жинақталады. Бүгілген сол қол дененің алдында, оң қолдың шынтағы жанына қарай әкетіледі. Осы қалыпта тұрған лақтырушының мақсаты снарядты шеңберден шығара, оны қалуын қамтамасыз етіп аяқ бұлшық еттерін сығып келесі екпін алуға дайындалады.
Снарядқа екпін беру. Екпін беру ырғып немесе бұруымен орындалады. «Ырғу» деген сөз қозғалыс сипатын дәл бермейді. Шынында ол жедел ортаға сырғанап қозғалу болып табылады. Осылай қозғалу сол аяқтың артқа белсенді сермеуі және оң аяқтың жазылуы мен басталады. Дене сәл түзетіледі. Нәтежесінде итеруші жедел табанның ұшы арқылы шеңбердің ортасына сырғанай қозғалады немесе оң аяқтың өкшесі арқылы қимыл жасайды көбінесе бұндай әдісті бойы аласа спортшылар қолданады. Оң аяқ жерге тиісімен жедел ішкі және сәл сол жаққа бұрылады. Сол аяқ жолға қойылады. Сол қол алға төмен түсіріліп жабық қалыпты сақтауға көмектеседі.
Финалдық қозғалыс (күш түсіру). Сол аяқ жерге тимей итерілу басталады ол сырғанағандай тәріздес. Қозғалудың бірінші бөлімін ұстау осы қалып спортшының жанымен итерілу жаққа келгенше жалғасады. Осы ұстау сәтінде бұлшық еттер созылады. Қозғалыс үдей бұру сипатта болады. Осы кезге дейнгі бұлшық ет жиырылады. Арғарай жанбас көтеріле бұрылып оң аяқ жазылып дене жедел қимылдай итеретін жаққа бейімдейді. Иық алға жоғары ірке бұрылып қол ядроны итерумен аяқтайды. Сол аяққа финалдық күш түседі сәл бүгіліп оң қолдың түзетілуімен бір уақытта түзетіледі. Сол қол иықтың бұрылуына және кеудені алға жоғары шығарылуына шынтақ артқа әкетілед. Бас итеретін жаққа бұрылады. Итерілу аяқтың жедел ауысуымен аяқталады. Себебі тепе -теңдікті сақтауға шеңберден шығып кетпеуіне өз үлесін қосады.
Ядро итеруге үйрету.
Ядро итеруде сақтық жан – жақты қарастыруды талап етеді басты міндет спортшыларды зардап соққыдан сақтау. Ядро итерудің әдісі негізі тез жіне денені бірте бірте түзету. Үйретудің бірінші кезеңінде нығыздалған доппен орнында тұрып аяқен қолдың қозғалысын үйлестіру үшін арнайы жаттығулар қолданылады.
1. Ядроны ұстау және снарядқа дұрыс күш түсірумен таныстыру.
2. Ядроны орында тұрып итеру. Орында тұрып ядроны итеруге үйрету үшін лақтыратын жаққа қарап тұрып алға, жанымен, арқамен снарядты лақтырады.
3. Ырғақпен екпін алу (артқа бір аяқпен секіру)
4. Ырғақ жасап ядро итеру. Жас спортшылардың орнында тұрып ырғақта орындаудағы және ядроны толық итерудегі дағдыны қалыптастыру.
Тақырып 1.11 Найза, граната лақтыру әдісін жіктеу.
Сауалнама
1. Найза, граната әдісінің даму тариқы
2. Граната және найза лақтыру әдісін поза бойынша жіктеу
3. Финалдық күйге түсіруге үйрету
Тапсырма
1. Найзаны пайдаланып жалпы және арнайы жаттығулар орындау.
2. Найзаны ұстау және ығыстыру әдісіне үйрету
3. 5 -10м аралықтан найзаны нысанаға тигізу
4. Найзаны орнында тұрып 2-3 жүгіру адымының әдісін еліктеу арқылы орындау
Найзаны лақтыруға мынандай ретпен үйретіледі.
1. Найзаны ұстаумен таныстыру және снарядқа дұрыс күш түсіре білу
2. Найза мен артқа қысқан қолмен лақтыруға үйрету
3. Найзамен жүгіруге үйрету иық үстінде ұстап жүгіру. 60м жерден жай жылдам найзамен жүгіру
4. Екпін алып жүгіруден лақтыруға үйретуге көшу. Найзамен екпін алуға доп, тас басқа домалақ бұйымдар қолдануға болады. Бастапқы кезде екпінмен жүгіріп найза лақтыруды қысқа аралықта жәй жүгіріп, содан кейін екпін аралығы ұзартылады, жылдамдық көбейеді.