Электрондық және виртуалдық кітапханалар және каталогтар. Электрондық оқулықтар мен қашықтық курстар. Виртуалдық мектептер.
Мақсаты: Электрондық және виртуалдық кітапханалар және каталогтар жайлы түсінік беру
• Электрондық оқулықтар
• Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты
• Виртуалды шындық
• Қашықтан оқытудың негізі
• Қашықтан білім берудің сипаттамалары
• Қашықтан оқыту әдістері.
• Қашықтан оқыту құралдары
Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды енгізу. Өйткені, бүгінгі таңдағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқу материалдарын ұтымды игеруде электрондық оқулықтардың атқаратын рөлі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдар графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.
Электрондық оқулықтар – ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың тұжырымдық негізі модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады.
Электрондық оқулық — оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияларға негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
— кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;
— жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электрондық оқулық қажетті оқулықты тез мүмкіндік береді;
— гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Ең бастысы, электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:
— белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;
— электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест, материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
— электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын, яғни, берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру;
— белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.
Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда экранда пайда болатын оң жақ тік төменгі көлденеңінен жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен, оңға–солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді. Сондай-ақ кейбір пәндерге, атап айтқанда, физика, химия, биология секілді пәндерге қатысты үрдістерді анимациялап көрсету, тіпті кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін MPEG, AVI типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік әдістемелік деңгейін арттырады.
Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процессін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы принципті басшылыққа ала отырып, қазіргі заман талабына сай сабақтарда жүйелік бағдарламаны пайдаланып, оқу бағдарламасын да электрондық оқулық негізінде құрған өте тиімді. Әр сабақтарға арналған бейне көрініс электронды оқулықтарда бар. Бұл электрондық оқулықтарды пайдаланып сабақ өткізу өте тиімді, мұғалім көп ізденбей дайын сабақтарды өз жұмысында пайдалануға толық мүмкіншілігі бар. Әсіресе, логика, алгоритм, интернетке шығу, WEB сайт құру.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтардың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруіне зор ықпал етеді. Себебі, көптеген электронды оқулықтарда оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.
Мазмұны қиындау бір үлкен тақырып бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жай түрде көрсетуге пайдалы. Электронды оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіндік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет элементі – аудио хабарлар.
Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулықтарды сабақта пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін электронды оқулықтарды тиімді пайдаланып отырсақ білім берудегі еңбегіміз жақсы нәтижеге жетер еді.
Электрондық оқулықтың мазмұндық бөлігі гипермәтін арқылы жүзеге асырылады. Бұл мәліметтер жиынтығы ретінде ақпараттық–оқу ортасы болып саналады. Ол білім беру міндетті білім деңгейі талаптарына сай электронды оқулықты жасаушы автордың көзқарасымен іріктеледі. Гипермәтіндер сол пән саласы бойынша бейне материалдармен толықтырылады.
Электрондық оқулықтың операциялық бөлігі интерактивті режимдегі тапсырмаларды орындауға негізделген. Бұл әдістің жүзеге асуы, негізінен, оқыту әдістемесіндегі педагогикалық мәселенің дайындалу деңгейіне және сонымен қатар қашықтықтан оқыту әдістемесіне байланысты.
Электрондық оқулықтың бағалық — нәтижелік бөлігі тесттер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісінде кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, электрондық оқулық көмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.
Электрондық оқулықтар пән саласындағы жетекші мамандар, педагогдидактика — әдіскерлер және программист – дизайнер – операторлардың бірігуімен оқу бағдарламасына сәйкес жасалынады, олар қарым-қатынас арқылы білім бағдарламасының мазмұнын анықтайды. Алайда, берілген бағдарлама оқыту әдісінің позициясын жағынан негізі психологиялық–педагогикалық және әдістемелік талаптарға жауап беретіндей болуы керек.
Электрондық оқулықтар – оқытудың автоматтандырылған процесі болып табылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен немесе өздігінен модульдермен, гипермәтіндермен, тапсырмалармен, тестілермен таныса алады.
1-сурет. Электрондық оқулықтың құрылымы
Мұндай мәтіндік және компьютерлік деп бөлінетін екі дидактикалық бөліктен тұратын электрондық оқулықтарды оқу процесінде пайдаланудың моделін 2-суреттегідей бейнелеуге болады, ал бастауыш мектепте мұның алғашқы қадамдары ғана қалана бастайды. Мәселен, оқушының өз бетімен жұмыс жүргізуі мүмкін емес, оған мұғалімнің басшылығы өте қажет. Сондықтан бұл модельге түбегейлі болмағанмен өзгерістер енгізеді.
Бұл модельге сәйкес оқу материалының мазмұны электрондық оқулықтағы модульдер көмегімен беріледі. Оқу материалы компьютерлік жаттықтырғыштар, тапсырмалар арқылы сабақта бекітіледі. Электрондық оқулықтарда компьютерлік жабдықтары әдістемелік нұсқауларымен енгізіледі. Электрондық оқулықтармен жұмыс оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, оқу материалын тереңірек білуге талпындырады, таным белсенділігін күшейтеді, сонымен қатар оқу процесін қарқындандырады.
2-сурет. Электрондық оқулықты пайдалануға негізделген оқытудағы ақпараттық технологияның моделі.
«Электрондық оқулықтар жасаудың педагогикалық техникалық құрылымы оқыту үрдісінің заңдылықтарына негізделіп, бір-бірімен байланысты төрт бөліктен тұрады» — деп көрсетеді Г.Қ.Нұрғалиева өз еңбегінде.
Электрондық оқулық материалдарын оқу процесінде жаңа материалды оқу (танымдық іс-әрекет, аналитикалық талдау); оқушылардың ізденіс жұмыстары (тапсырма бойынша жеке көзқарасты компьютерде бейнелеу, белгілі бір сұрақ төңірегінде ізденіс жүргізу, тақырып бойынша материалдарды жүйелеу, жинақталған компьютерлік материалдарды өңдеу); аралас сабақ (оқып-үйрену, қайталау, жалпылау); өз бетімен оқу (ақпарат блоктары арасындағы қатынас бойынша жаттығу, жеке дара шығармашылық жобалармен айналысу); білім тексеру (логикалық тапсырмаларды, тестілерді пайдалану); қайталау (оқу материалдарын, тапсырмаларды қайталау) үшін пайдалануға болады.
Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты – оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық–ізденіс қабілетін дамыту.
Білім берудің кез келген саласында, соның ішінде гуманитарлық оқытылатын пәндерге «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады.
Жалпы орта білім саласына ене бастаған қазіргі мультимедиалық құралдардың бірі «виртуалды шындық» деп аталатын технологияға негізделген модельдеудің әр түрлі құралдары болып табылады.
«Виртуалды шындық» нағыз бар немесе ойдан құрастырылған нысандарға немесе процесстердің электрондық модельдері жатады.
Виртуалды шындық – бұл дыбыстық, көзге көрнекті, тактильді және т.б. ақпарат түрлерін бейнелейтін және қолданушының көлемді виртуалды кеңістікке енуін, реалды уақытта бұл кеңістіктің нысандарына қатысты қолданушының жылжуына жағдай жасайтын мультимедиалық құралдар.
«Виртуалды шындық» жүйелері адамның ортамен тікелей қарым – қатынасын қамтамасыз етеді. Олардың ішінде қолданушы компьютердің жадысындағы ортадағы нысанды қолымен ұстай алады. Бұл әрекетті датчиктері бар қолбақ киіп іске асыруға болады. Басқа жағдайда экранда бейнеленген затты «аударуға» және оны басқа жағынан қарастыруға болады. Қолданушы «ақпараттық киім-кешекпен», «ақпараттық қолбақпен», «ақпараттық көзілдірікпен» (көзілдірік — мониторлары) немесе басқа аспаптармен қамтамасыз етіліп, виртуалды кеңістікке қадам баса алады (6-сурет).
Осындай тәрізді мультимедиалық құралдарды мектепте қолдану қабылданатын ақпаратты ойластыру және тану механизмін өзгертеді.
Тәуелсіз еліміздің рухани және экономикалық өрлеуі, білім берудің қазіргі жаңа құрылымы мен оқу-әдістемелік мазмұнының өзгеруі оқытушылардың өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану арқылы жаңа инновациялық әдістері ретінде қашықтықтан оқыту жүйесі жетекші рөл атқарады. Қашықтықтан білім беру дегеніміз – оқытушы мен оқушының қазіргі заманда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үрдісінде пайдалануды жүзеге асыруы. Компьютермен жұмыс істеу оқушының танымдық қабілетін арттыра отырып білім нәтижесіне көз жеткізеді. Компьютер арқылы оқыту мынадай міндеттерді қамтиды:
— оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашады;
— оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындайды;
— дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттырады;
— ойлау қабілетін дамытады.
Жалпы қашықтықтан оқытуды сырттай конференция өткізуге мүмкіндік беретін спутниктік байланыс: кабельді теледидар, компьютерлік желілер мен CD-ROM дискілері, электронды пошта желілері, т.б аудио-видео құралдары арқылы ұйымдастыруға болады. Бүгін интернет немесе теле көрсетіліммен ешкімді таңдандыру мүмкін емес, себебі олар оқу-танымдық қызметінде үнемі қолданылып жүр.
«Ауыл мектептерін қашықтықтан оқыту» жобасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру – бүгінгі күннің басты мақсаты.
Қашықтықтан оқытуды жүзеге асырудың негізгі әдістері электронды оқулықтар мен «Қашықтықтан оқытудың жер серіктестігі» арнасы болып табылады. Ал қарама-қарсы байланыс интернет арқылы жүзеге асырылады.
Қашықтықтан оқытудың Жер серіктестігі арнасының басты мақсаты – ауыл мектептерін ашық білім кеңістігіне қосып, ауыл оқушыларының білім сапасын арттыру, ауыл мектептеріне ғылыми-әдістемелік көмек көрсету. Қашықтықтан оқыту Жер серіктестігі арнасы барысында біз дәстүрлі сабақтың ауқымын кеңейтіп, ақпараттық ортаны едәуір жоғарылатып, білім беру үрдісін көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеміз, яғни бұл арнаның басты ерекшелігі және тиімділігі оқушы мен оқытушының арасындағы байланыс көзбен көру арқылы жүргізіледі. Мұнда бейнетаспаға түсіріліп алынған сабақтар мен телебағдарламалар басты рөл атқарады, яғни кез келген пәннен түсірілген белгілі бір тақырыптағы телевизиялық оқу сабақтары оқытушының сабақты жүргізу әдісін бейнетаспаға жазып алумен ерекшеленеді.
Компьютерлік телекоммуникациялы тиімді кері байланысты қамтамасыз етеді, ол әрі оқу материалын, әр оқушылармен қарым қатынасты (электрондық почта, телеконференция арқылы) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Қашықтықтан мұндай оқыту қашықтан оқыту деген атауға ие болды.
Қашықтан білім беру жүйесі деп арнайы ақпараттық білім беру ортасының көмегімен ақпарат алмасу құраладарының қызметіне бағытталған кез келген қашықтықта халыққа ұсынылатын білім беру қызметін түсінеміз.
Оқытудың мұндай түрін құру идеясы компьютерлік технологиялар кеңінен таралғанға дейін пайда болды. Қашықтықтан оқытудын тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады.
Әрбір кезеңнің сипаттамасы оқушылар мен мұғалімді байланыстыратын коммуникациялық база болып есептеледі. Бірінші кезеңнің коммуникациялық базасын әдеттегі почта атқарды, ол корреспонденция алмасу арқылы жүзеге асты. Радио, теледидар, аудио және бейне техникалардың таралуымен дистанциялық оқытудың екінші кезеңі анықталады.
Қашықтан оқытудың бірінші және екінші кезеңдері оқытушымен оқушылардын арасындағы асинхронды байланыспен сипатталды.Интерактивті коммуникациялық технологияларды дамуы дистанциялық оқытудың үшінші буынының базасын қалыптастырады. Бұл кезеңде ақпарат алмасу негізінен синхронды болып табылады,яғни ақпарат алмасу шынайы уақыт режимінде жүзеге асты.
Қашықтан білім берудің педагогикалық – психологиялық негіздерін жеке мәселелері: ұйымдастырушылық, әдістемелік, технологиялық аспектілері ғалым, мамандардың зерттелуінде қарастырылады, олардын әр қайсысы өз кезегінде қашықтан оқытудың идеясын педагогикалық практикаға еңгізу, ғылыми зерттеулерді, ұйымдастырумен үгіттеуге өз үлестерің қосты: А.А.Андреев, Д.М.Джусубалиева, А.А.Дувонов, В.А.Каймин, В.Г.Кенелев, Г.К.Нурғалиева, Е.С.Полат, И.В.Роберт, В.П.Техомиров, А.В.Хуторской.
Уйлестірілген класс моделі әр жерде орналасқан бір класс, оқушылар тобынын есептелген курсті интерактивті телекоммуникациялық технологиялар кенейткен жағдайда пайдаланылады.
Өз бетімдік оқыту моделі,оқушыларды анықталған уақыт кестесі бойынша белгілі бір класс бөлмесінде отыру қажеттілігінең босатумен сипатталды.
Ашық оқыту моделі дистанциялық топтын ішінде оқушылардың қарым – қатынасын ұйымдастыру үшін оқушыға курсті интерактивті телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, өзіне қолайлы жылдамдықпен оқуға мүмкіндік беретін курсті баспа түрінде беретін және басқада құралдары пайдалануын қамтиды.
Қашықтан оқытудың негізі – курстін оқу матералдарынын: әдебиеттермен аудио бейне кассеталардағы жазулар,компьютерлік программалар тақырыптар бойынша арнайы іріктелген оқушылардын өзіндік жұмысы.
Қашықтан білім берудің сипаттамалары:
— қаланың шалғайта орналасқан орталық аудандары үшін теңдесі жоқ мүмкіндік;
— курстын модулмен құрылуы;
— аудиторияларда және оқытушалырдың қажеттілігін шамалылығына байланысты оқытуға жұмсалатын шығынның салыстырмалы түрдегі төмендігі;
— жоғары жинақтылық;
— оқушылардың бос уақытын барынша үнемдеуі.
Қашықтан оқыту әдістері. Қашықтан оқыту дәстүрлі оқыту тәрізді екенін зерттеулер көрсетті, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б зерттеушілердің жұмыстарына сүйене отырып, бес жалпы дидактикалық оқыту әдісін ерекшелеуге болады: ақпараттық рецептивті, репродуктивті, проблемалық, зерттеу және эвристикалық.
Қашықтан оқыту құралдары.Қазіргі және болашақ оқыту құралдары:
— қағаз оқу басылымы;
— желілік оқылу басылымы;
— электрондық оқу басылымы;
— аудио оқу ақпараттық материалдары;
— зертханалық дистанциялық практикумдары;
— вертуалдық шыңдық негіздеріндегі оқыту құралдары.
Қашықтан оқыту түрлері. Әлеуметтік гуманитарлық пәндерді практикалық оқытуда, білім беруді дәстүрлі формаларында да, регламентті оқыту формалары: лекция, семинарлар, зертханалық сабақтар, бақылау жұмыстары, курсттық жұмыстар, емтихандар, өз бетіндік жұмыс және т.б. кеңінен таралған.
Қашықтан оқыту – оқулық материалын жеткізу, оны өз бетімен оқып-үйрену, оқыту үрдісі қандай да бір нақты оқу орнының орналасқан жеріне тәуелсіз болған жағдайда оқытушы мен оқушылар арасындағы сұхбатты ұйымдастыру үшін қолданылатын дәстүрлі және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген оқытудың интеграциялық нысаны.
Қазақстанда қашықтан оқыту жүйесін халықтың мынадай категориялары қажет етеді:
— ЖОО студенттері;
— Орта мектеп оқушылары;
— Түрлі деңгей басқарушылары;
— Аймақтық басқару органдары жетекшілері;
— Жұмыспен қамту қызметінде тіркелген тұлғалар;
— Екінші білім алуға немесе біліктілігін өзгертуге ниет білдірген тұлғалар;
— Қандай да бір білім саласындағы біліктілігін арттырғысы келетін тұлғалар.
Қашықтан оқытудың негізгі ақпараттық технологиялары:
• оқу-әдістемелік материалдар жинақтарын құрамдастырып, оқушыларға өз бетімен оқып-үйрену үшін таратуға негізделген кейс-технологиялар;
• эфирлік, кабельді және ғарыштық телевизия жүйелерін пайдалануға негізделген ТВ-технологиялар;
• студенттерді оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін де, оқытушы мен оқушы арасындағы интерактивті қарым-қатынас орнату үшін де Internet желісін пайдалануға негізделген желілік технологиялар;
Internet арқылы қашықтан оқыту жүйесін Internet желісіне қатынай алатын кез келген адам пайдалана алады.
2006 жылдың басында «Шалғайдағы және осал аймақтардың орта мектептері үшін АКТ пайдаланып қашықтан оқыту» ЮНЕСКО жобасы аясында Республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығы «Modular Object Oriented Digital Learning Environment (MOODLE)» — http://moodle.rcie.kz/moodle/ — Қашықтан оқыту порталын ашты.
Порталда тіркелген пайдаланушылардың мектеп бағдарламасы бойынша білім беру материалдарына тегін қатынауға, біртұтас ұлттық тестілеуге әзірленуге, сынақ тестілеуден өтуге, әдістемелік көмек алу мүмкіндігі бар.
Форумда оқытушылар әрбір оқу курсы бойынша пікір алмасып, қандай да бір тақырып бойынша сабақ өткізу тәжірибесімен бөлісіп, жаңа тақырыптарға пікірталастар ұйымдастыра алады.