Стилистиканың негізгі мәселелері мен әдістері
Дәріс жоспары:
- Стилистиканың негізгі ұғым, категориялары.
- Стилистикадағы «стиль» ұғымы.
- Тілдік құралдардың стилистикалық сипаттамасы.
Мақсаты: Эстетикалық ой-толғамдардың дамуымен танысу
Қысқаша мазмұны:
Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін атайды.
Стилистика тілдік құралдардың стильдік мағыналары мен бояуларын, мәнерлегіштік, көркемдегіштік мүмкіндіктерін, функционалдық стиль түрлерін қарастырады. Әрбір функционалды стильдің стильдік бояуға ие ерекше тілдік құралдары болады және тілдік құралдарды пайдалануы жағынан әр стиль өзгелерден ерекшеленіп тұрады. Функциональдық стильді топтастыру мәселесі тіл білімінде әлі де болса толық шешімін тапқан жоқ. Орыс тілі мамандарында стильдерді классификациялауға байланысты әр түрлі пікірлер бар. Орыс тіл білімінде стильді әр түрлі тармақтарға бөлу, функционалды стильдерді топтаған кезде әр түрлі принципке сүйену кездеседі. Стильдерді топтастыру мәселесі Н.А.Мещерский, Б.А.Ларин, А.И.Ефимов, Г.О.Винокур, В.В.Виноградов, Ф.П.Филин, С.И.Котков, Д.С.Лихачев, А.И.Иванова, Р.А.Будагов, М.Кожина т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде сөз болады.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.
- С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999
- Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982
- Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996
- Сергалиев М.С., Нургожина Ш.И. Эмоциональная-экспрессивная лексика казахского разговорного языка. Алматы, 1995
- М.Балақаев, М.Серғалиев Қазақ тілінің мәдениеті. Алматы, 2004