Өздігінен соратын араластырғышы бар ферментатор.
Қолданылатын ауа бөлгіш жүйелі ферментатор (барботер, бүркігіш) ауаның электрэнергиясының шығынын көп мөлшерде қажет етеді. Осыған орай ауаның энергияның шығынын азайту үшін механикалық циркуляциялық жүйелі — әр түрлі қурылысты ферментаторлар жасалған.
Мұндай аппараттарда үлкен ауалы ағыс ортасының аэрациясының орнына жіңішке ауалы ағыс аэрациясы қолданылады. Ол мұнадай:
- біріншіден, аэрация үрдісін жақсартады,
- екіншіден, ауа шығынын азайтады.
Осындай ферментаторлардың бірі болып Вальдгоф ферментаторы табылады. Оның құрылысы:
- цилиндрлі вертикальды аппарат;
- аппараттың ортасында оны екіге ішкі сыртқы бөлікке бөліп туратын диаметрі 1,2 м биіктігі 3,0 м болатын тік цилиндр (3) орналасқан;
- сонымен қатар бұл цилиндр жылу алмастырғыш ретінде қолданылады;
- ферментатордың ортасында сондай-ақ диаметрі 200 мм толық білік орналасқан, оның жоғарғы бөлігіне ауа жіберіледі;
- білікке электроберіліс орналытған;
- біліктің келесі ұшында бөлгіш жәшік орналасқан, одан 5 иілген құбыр сегнерлі сақина (4) түзеді;