Экстракциялауға арналған жабдықтар.

Экстракция немесе диффузия дегеніміз-құрамы бойынша күрделі заттардың бір немесе бірнеше компоненттерін айырып алу(извлечения) процесі.

Қарапайым мысал келтіретін болсақ, үй тұрмысында шай қайнату кезінде, шай ұнтағының кейбір компоненттері бөліну арқылы қоюға айналады.Тағы да бір мысал,арнайы органикалық ерітінді мен (ацетон) сүйек тканьдерінен майын айырып алуға әбден мүмкін.

Биотехнологияда экстракциялау процесі: саңырауқұлақ дақылдарынан ферменттерін айырып алу; полисахаридтің гидролизден қалған қатты фазаларынан моносахаридтерін бөліп алу, ашытқы биомассасынан микробты майды және т.б бөліп алу үшін қолданады.

Экстракциялау процесі Фик заңымен сипатталады:

G=k· F· Δ· τ /δ

G-бөліп алынған заттың мөлшері,кг;

k-диффузия коэффициенті;

F-диффузия ауданы,м2;

Δ-қабаттарының қалыңдығы бойынша концентрацияларының өзгеруі;

          τ-экстракция немесе диффузия уақыты;

          δ-қабаттың қалыңдығы.       

Құрылымының циклі бойынша,үздікті әрекетті экстракторлар және үздіксіз әрекетті экстракторлар болып бөлінеді.

Үздікті әрекетті экстракторлар, көбінесе аз өнімділікке бейімделген өндірістерде қолданылса, ал үздіксіз әрекетті экстракторлар жоғары өнімділікті өндірістерде қолданылады.

Конструкциялары бойынша экстракторлар келесідей бөлінеді:

1.Диффузиялары бар батарея;

2.Көлденең және тік орналасқан колонналары бар экстракторлар;

3.Роторлы типті экстракторлар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *