Эжекторлы-ағынды насос сұлбасы.
Культуралды сұйық қысым әсерінен келтеқұбыр арқылы соплаға беріледі;
Сопло арқылы культуралды сұйық қатты ағыс түрінде үлкен жылдамдықпен комбинирленген араластырғыш камераға бағытталады. Бұл камера: — коленадан
— конфузордан
— цилиндрлі мойыннан тұрады
Бұл камерада дрожжилы суспензияның ағыны құбырдан келетін ауамен араластырылады.
Бұл қоспа қатты ағыс түрінде диффузорға келеді де, ал осыдан сорғыш келтеқұбырға келеді.
Пневмомеханикалық флотатор.
Бұл флотаторлар жиналған су мен көп мөлшерде қоспа мен кір заттары бар технологиялық ерітінділерді тазалауда қолданылады.
Бұндай флотатордың бір түрі тұрығы төртбұрышты болып келеді.
Тұрықтың ішінде:
- көбікалғыш, желоб.
- қалақшалары бар қозғалмайтын статор.
- айналатын жұмысшы дөңгелек-импеллер орнатылған.
Бұл флотатордың жұмысы келесідей:
Кір заттары бар жиналған су статор қалақшасымен айналатын жұмысшы дөңгелек-импеллер арасындағы алаңға беріледі.
Импеллер астында пайда болған зарядсыздану алаңына қарқынды түрде ауа сорылады да, сұйықпен бірге араласып кетеді.
Қоспа бөлшектері мен ауа бөлшектерінен пайда болған көбік, айналмалы көбікалғыш барабан арқылы желобқа лақтыролады.
Мұнда, яғни желобқа көбік бұзылып, қайтадан флотация және түссізденуге жіберіледі.