Олар кеуекті анизатропты ацетатцеллюлозалы екі қабатт қабықшадан (пленка) жасалады;
- 1-қабат — 0,25 мкм қалыңдықтан тұратын жұқа беткі қабат;
- 2-қабат – 100мкм қалыңдықтан тұратын микрокеуекті негізден тұратын қабат;
сонымен, мембранаң төменгі негізгі массасы д/з
- кеуекті төменгі негіз;
- тығыз беткі қабатқа негіз болады.
Тығыз активті қабатта ерітінділердің бөліну механизмі өтеді.
Активті қабаттың кеуектерінің өлшемі зат концентрациясының дәрежесін анықтады.
Ультрафильтрация процесі екі теориялық позиция тұрғысынан түсіндіріледі:
- 1 жағдайда ультрафильтрация заттың молекулярлық массасына тәуелді әр түрлі диаметрдегі кеуекті капиллярлар арқылы өту болып табылады.
- 2-жағдайда етірінді заттары мембрана материалы арқылы онда алдын-ала ерігеннен соң ғана диффундирленеді.
Мембрана негізгі ретінде кеуекті металл фольга, кеуекті шыны, графит, т.б. материалдар қолданылады.
Мұндай өнеркәсіптік ультрафильтрационды мембраналарды «Владипор» типті целлюлоза ацетатынан жасайды.
Олар бір-бірінен былай ерекшеленеді:
- Кеуек диаметрімен (2,1 – ден 60-70 км жоғары);
- Селективтілігімен (яғни таңдаулылығымен) және өтімділігімен;
Мембрана селективтілігінде маңызды рольді заттың молекулалық массасы атқарады.
Мембрана селективтілігіне молекулалық массадан басқа стерикалық фактор да әсер етеді. Ол мыналарды сипаттайды:
- Концентрленетін зат молекуласының кеңістіктік құрылымын;
- БАЗ –ң агрегациялық (яғни іріленуге) қабілеттілігі.
Осыған байланысты әрбір жағдай үшін мембрана тәжірибелік жолмен таңдалады.
Полимерлі талшықтар.
Мембраналық процестерде болашақта қолданылатын селективті материалдарға қуыстары бар (полые) полимерлі талшықтара жатады.
Олар 20-100 мкм диаметрлі капиллярлардан және 10-50 мкм қалыңдықтағы кеуекті қабырғадан тұрады.
Олар полимер балқымасын арнайы фильтрлар арқылы сығу жолымен түзіледі.
Оларға материал ретінде мыналар қолданылады:
Араматты полиамидтер;
Фенилон;
Полиакрилонитрия, т.б.
Талшықтар жиынтығы.