Түркі тілдерінің даму кезеңдері

Қазақ тілінің қалыптасу, даму кезеңдерін айқындау жалпы түркі тілдерінің даму жолдарымен тікелей байланысты. Түркі тілдері, қазіргі түркология қолданып жүрген, қалыптасқан көзқарас бойынша, алты түрлі дәуірді бастан кешірген. Н.А.Баскаков бұл дәуірлерді былай атайды: Алтай дәуірі (б. з. д. III ғасыр), Хун дәуірі (б. з. д. III ғасырдан — б. з. V ғасыр), Көне түркі дәуірі (V—X ғасырлар), Орта түркі дәуірі (X—XV ғасырлар), Жаңа түркі дәуірі (XV—XX ғасырлар). Түркологияда қазақ тілі түркі тілдерінің, біршама «жаңа» деп қаралатын тобына жатқызылады. Олай болатын себебі: қазақ рулары тарихтың ерте кезінен-ақ мәлім болса да, «қазақ» деп аталатын біртұтас халық XV—XVI ғасырларда барып қалыптасады. Қазақ тарихының осы ерекшелігін ескерсек, қазақ тілінің тарихи кезеңдері мынадай дәуірлерге бөлінеді: 1) Түркі бірлестігіне дейінгі дәуір,— бұл дәуір, шамамен, біздің заманымыздың V ғасырына дейін созылады, екі түрлі белестен тұрады: Алтай бірлестігі, Хун бірлестігі. 2) Түркі бірлестігі дәуірі, екі кезеңге ажырайды: Көне түркі қағанаты кезеңі (V—X ғасырлар). Орта түркі кезеңі (X—XV ғ. б.). 3) Қазақ халық тілінің даму дәуірі (XVI—XVIII ғасырлар). 4)  Қазақ ұлттық тілінің қалыптасу дәуірі (XIX ғасыр). «Алтай дәуірі» дейтін атау тіл білімі тарихында белгілі «алтай гипотезасымен» байланысты қойылған атау. Алтай гипотезасы алтай тілдерінің туыстығы жайлы теориялық болжам, жоққа шығаруға да, дәлелдеп шығуға да болмайтын болжам. Сондықтан гипотеза деп қаралады. Жоққа шығаруға болмайтындығы — бүгінгі түркі, монғол, тұңғыс-маньчжур тілдерінде ұқсас фонетикалық, грамматикалық құбылыстар, ортақ лексика бар. Фонетикалық ортақ құбылыстар: тұңғыс тіліндегі т, маньчжур тіліндегі с дыбысы түркі-монғол тілдерінде и дыбысының алдындағы ч, ш, с дыбыстарына сәйкес қолданылады,тұңғыс: гг/ган~маньчжур: гусин~ мон-ғол: гучин (оғыз), түркі: үш, уч үч он, маньчжур: хусун~моп-ғол: күчүн — түркі:^ күш, күч, күүс, т. б. Алтай тілдері деп атауға себеп — аталған тілдердің арғы аталары болатын рулар мен тайпалардың түпкі, арғы атасы, алғашқы таралған жері — Алтай тауларының маңы, айналасы. Ғылым бұл дәуірде қазіргі түркі, моңғол, тұңғыс, маньчжур тілдеріне ортақ тіл болған деп есептейді. Сол ортақ (немесе: бір-біріне ете ұқсас) тіл құрамынан әуелі екі тармақ — түркі-моңғол және  тұңғыс-маньчжур тілдері   жіктеледі. Сол жіктелістің ізі жоғарыда көрсетілген дыбыс сәйкестіктері болып табылады. Түркі-монғол тілдері ч~ш~ с сәйкестігін айтатын тілдер болып қалыптасты да, тұңғыс-маньчжур тілдері сол позицияда т (кейде с) дыбысын қолданатын тілдер болып қалды. Осы дәуірдің соңғы кезеңдерінде түркі тілдері моңғол тілдерінен жіктеліп шықса керек. Бұл жіктеліс қазіргі тілдердегі мынадай тілдік құбылыстар арқылы дәлелденеді: моңғол тілдеріндегі р, л дыбыстары түркі тілдерінде з, ш/с дыбыстарына сәйкес қолданылады. Ал түркі тілдері ішінде моңғолдық ротацизм (р) мен ламбдаизмд (л) көне бұлғар тілі мен қазіргі чуваш тілі ғана сақтап қалған: чуваш тілі — сір, шур, хір, иір, пыр, басқа түркі тілдерінде — сүз, саз, қыз, із, музЦбұз, осыдан бұрын түркі-монғол және тұнғыс-маньчжур тілдерін өзара жіктеген белгі т~с~ч~ш дыб.ыс сәйкестігі ішінен якут, башқұрт, хақас тілдері с дыбысын сақтап қалды, күүс, көс, күс, т. б. Тілдердің өзара бір-бірінен аулақтануына, дербестенуіне басты себеп болған мұндай сәйкестіктер түркі тілдерінің өз арасында да, жеке бір түркі тілі (айталық, қазақ тілі) құрамында да сақталып қалған (егер сондай реликтер болмаса, ондай процесті тіл басынан кешкенін білу де мүмкін бола бермес еді).. Дыбыстардың мұндай сәйкестігін өз бойында сақтаған сөздер тарихи синонимдер болып ұғынылады. Ал кейбіреулерінің түбірлес, тарихи дублет сөздер екенін арнайы зерттеу арқылы ғана түсіну мүмкін: семір — семіз, көр~көз, тіре — тайа, саумал~ сауған, аумалы-төкпелі {-мал, есімше тұлғасы, түркі тілдерінің кепшілігінде -мыш), тал-түс (тал — чуваш тілінде «түс», л~ш//с), т. б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *