Пән бойынша глоссарий

Синхрония (грек.  Sync – hronos-  бір мезгілде болатын) – белгілі бір даму кезеңіндегі тілдің жағдайы.

Субстрат (лат.  Sub. Астыңғы, және stratum  — қабат) – белгілі лингвогеографиялық жерде ертеде болған тілден қалған көне элементтер.

Транскрипция (лат.  Trancriptio —  көшіріп жазу) – сөз дыбыстарын хатқа түсіру (жазу) әдісі.

Фонема (грек.phonema – дыбыс, дауыс) – тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік.  Фонема мағыналық бірліктерді ажырату үшін қажет.

Фонология (грек. phone – дыбыс  және logos – сөз, ілім) – тілдің дыбыстық құрылысы мене қызметінде болатын заңдылықтарды зерттейтін тіл білмінің бір саласы.

Фузия (лат. fusio – қосылған жер) – көрші тұрған морфемалардың (негіз бен  аффикстің) қосылып кетуі. Фузия түбір мен  қосымшалар арасында болады, олар: н// д/т; м//б-п

Элизия (лат. elisio – шығарап тастау) ілгері тұрған сөзде соңғы дыбыстың жоғалуы. Элизияға қарама-қарсы болатын үрдіс, яғни кейінгі сөздің басында тұратын дыбыстың жоғалуы – аферизис деп аталады.

Элизия редукциямен тығыз байланысты. Мысалы: орын- орны; ауызы – аузы.

Эпентеза (грек.epenthesis – қосынды) –сөздегі қосымша дыбстың пайда болуы. Мысалы: кровать – кереует.

Этимон (грек. etumon– ақиқат) – сөздің бастапқы тұлғасы мен мағынасы.

             

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *