Престеуге арналған жабдықтар.

Қатты фазадан сұйық фазасын сығып алу үшін, престер қолданылады.Биотехнологияда қолданатын престерді екі топқа бөлуге болады:

         -үздікті істейтін механикалы престер

         -үздіксіз істейтін престер

         Үздікті істейтін механикалы престер-механикалы жетегі бар,гидравликалы және пневматикалы болып бөлінеді.

         Үздіксіз істейтін престер-шнекті, эксцентрлі, таспалы, ортадан тепкіш және білікшелі болып бөлінеді.

Бұл престер өнімділігі жоғары өндірістерде қызылша мезгасын, био қалдықтар, уыт өсіндісінен және т.б сығып сұйық фазасын алуға арналған.Құрылысы жағынан престер ұқсас болып келеді.

Екі шнекті Т1-ВПО-10 маркалы престің сипаттамасы.

Престің жұмысшы органы екі шнекті біліктерден тұрады.Ал жұмысшы камерасы тесіктері бар цилиндрлі болып келеді.Электроқозғалтқыш және төмендеткіш тұратын жетек арқылы, екі шнекті білік айналысқа келеді.

Шнекті біліктер бір осьте орнатылған және өзара бір-біріне қарама-қарсы бағытта айналады.Бірінші шнек тасымалдағыш ретінде қолданылады.Бұл шнек-бункердің астында және тесіктері бар цилиндрдің ішінде орнатылады.Ал екінші шнек бірінші шнекпен бір осьте орнатылады да, престеу қызметін атқарады.

Өнім бір бағытта қозғалу үшін, бірінші шнекте оң жақ қанаты бар да, ал екіншісінде сол  жағында орнатылады. Престейтін шнек білікке орнатылып,шыға беріске қарай диаметрінің өлшемі үлкейеді.

Цилиндрдің диаметрі 2мм болатын тесіктері бар. Барлық тесіктерінің ауданы, цилиндрдің жалпы ауданының 5-8% құрайды.Мезга осьтік бағытқа қарай жылжу үшін, цилиндрдің бойында бойлық ойығы бар.Шнек білігінің шыға берісінде реттейтін конусы бар.Цилиндр мен конус арасындағы сақиналы саңылау арқылы мезганың престелу дәрежесі реттеліп отырады.Остік күш гидравликалық реттегішке бекітілген кранштейнге түседі.Цилиндрдің тесіктерінен шыққан сұйық фаза резервуарға жиналады.Эксперименттердің мәліметтеріне жүгінсек, сығылған қызылша мезгасы 70-75% құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *