Көлденең және тік орналасқан колонналары бар экстракторлар

Үздікті әрекетті экстракторлар, көбінесе аз өнімділікке бейімделген өндірістерде қолданылса, ал үздіксіз әрекетті экстракторлар жоғары өнімділікті өндірістерде қолданылады.

Конструкциялары бойынша экстракторлар келесідей бөлінеді:

1.Диффузиялары бар батарея;

2.Көлденең және тік орналасқан колонналары бар экстракторлар;

3.Роторлы типті экстракторлар.

Үздіксіз әрекетті экстракторлар.

Диффузиялары бар батарея саңырауқұлақ дақылдарынан ферменттерді бөліп алуға арналған. Батарея 8-10 диффузордан тұрады және бір алаңда жабдықталған.Барлық диффузорлар бірдей болып келеді.Әр диффузордың формасы тік цилиндрлі және герметикаландырылған түрде ашылатын қақпағы бар, түбі конусті жасалынған.

Бұл экстрактор қатты материалдардан ферменттер, аминоқышқылдарды және тағы басқа заттарды экстракциялауға (бөліп алуға) қолданады. Экстрактор металдан жасалған рамаға жабдықталған. Раманың ішінде 2-тиеп-түсіретін,3-көлденең-қима және 4- көтеріп- тиейтін үш колонналар орнатылған.Әрбір колоннаға тесіктері әрі жеке жетегі бар шнектер орнатылады.

Жетек арқылы шнектердің айналу жиілігі 0,25-2 айн/мин дейін жайлап реттеліп отырады.Бұл- экстракциялау уақытын оптимизациялауға мүмкіндік береді.

Тиеп-түсіретін құрылғысы цилиндрлерден тұрады.Цилиндрдің ішкі диаметрі 600мм болып келеді. Экстракциялайтын зонасының ұзындығы 10м, ал ұзындығы 12м құрайды.

Экстракциялау арқылы, саңырауқұлақ дақылдарынан ферменттерін және бактерияларын(бөліп алуға) үздіксіз роторлы экстрактор қолданады.

Экстрактор келесідей сипатталады.

Экстрактор қозғалмайтын тік цилиндрлі түрде жасалған тұрықтан тұрады.Тұрықтың ішінде 16-20 секторға бөлінген ротор бар.Ротор тік ось бойынша айналыс жасайды.Әрбір сектордың тереңдігі 0,23-0,26м болатын торлы түбі бар.Мөлшерлеуіш арқылы ұсақталған саңырауқұлақ дақылы түбіне беріліп отырады.Ротор ақырын айналу кезінде секторлар жүйелі түрде төрт аймағынан өтеді.1-ші аймағында саңырауқұлақ дақылы сумен экстракцияланады.Су сығындысы сүзіледі және вакуум-насос көмегімен бөлек тұрған бірінші қабылдағышқа беріледі.Бірінші қабылдағыштағы су сығындысы сорғы арқылы екінші секторға  бағытталады.Мұнда жаңадан түскен саңырауқұлақ дақылдарын экстракциялау  жүргізіледі.Экстракцияланған су сығындысы екінші қабылдағышқа өтеді.Сол түрде үшінші және төртінші секторлардан өтіп шығады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *