Флотация көбінесе:
- Көп түрлі дрожжи өндірісінде дрожжиларды концентрлеу үшін;
- Жиналған суды тазалау үшін қолданылады.
Флотация деп – суспензиялардың құрамына кіретін ұсақ қатты бөлшектердің бөліну процесін айтады. Ол процесс ауа көпіршіктеріне жабысу қабілетіне, яғни көбік түрінде концентрленіп, қалқып шығуына негізделген.
Ауа көпіршіктерінің қалқып шығуы негізінде, араласқан қабат пайда болады. Ол келесілерден тұрады:
- дрожжилардың ауа көпіршіктерінен.
- культуралды сұйықтық біраз мөлшерінен.
Флотатордың төменгі бөлігінде қосылған культуралды сұйық қалады,
ол жоғарғы бөлігінде – бастапқы культуралды сұйықтан 4-6 есе көп дрожжилардың концентрациясы.
Биотехнологияда флотаторлардың қолдану келесілерге мүмкіндік береді:
- сепараторлардың санын азайтуға;
- өндіруге аз мөлшерде энергетикалық шығынды азайтуға;
- технологиялық процестің үздіксіздігін қамтамасыз етуге.
Флотация коэффиенті деп – флотатордан шығатын суспензиядағы биомасса концентрациясына бастапқы суспензиядағы биомасса концентрациясының қатынасын айтады.
К=С / С
Өндірістік жағдайда флотация коэффиценті 4-6 тең. Егер ол жоғарылайтын болса, яғни бұл көрсеткіштен, аппараттың өнімділігінің төмендеуіне әкеледі.
Дрожжилы флотаторлар келесідей классификацияланады:
а) ауамен қанығу тәсілімен;
б) аппараттың конструкциясымен.
Ауамен қанығу тәсілі бойынша 3 топқа бөлінеді:
1 топ – флотациялау алдында бастапқы культуралы сұйықтың 0.7 мПа қысыммен ауамен, диаметрі 0.01-0.1 мм көлемдегі көпіршіктердің пайда болуына дейін қанықтырылатын аппараттар.
2 топ – көмекші құралдар арқылы диаметрі 1.0 мм дисперстелген ауа көмегімен берілетін аппараттар.
3 топ – электрофлотаторлар жатады. Оларға электроттар орналасады, оларды культуралды сұйыққа орналастырады, нәтижесінде оттегімен, диаметрі 0.05 мм ұсақ көпіршікті сутегі пайда болады.
Флотатор тұрығының жоғарғы бөлігінде химиялы көбіксөндіргішке арналған жинағыш ыдыс орнатылады.
Флотатордың түбкі бөлігінде өттелген культуралды сұйықтың шығуына арналған гидротығын бар.
Флотатордың жұмысы келесідей жүзеге асады:
— бастапқы культуралды сұйық алдын-ала ауамен қанығып, дрожжиөсіргіш аппараттан флотатордың I-секциясына келіп түседі.
— бұл секция флотатордың 2/3 бөлігін алады, яғни 225 шамасында және де одан 80% дрожжи алынады.
— келесіде сұйық II; III; IV; V секцияларға араласады.
— культуралды сұйықтың бір секциядан келесі секцияға өтуі болып тұратын қалқалар көмегімен жүзеге асады, яғни бөлгіш қалқалар аппараттың төменгі түбіне дейін жетпейді.
— бұл секцияларға қосымша аэраторлар арқылы ауа беріледі, ол 10.5 және 2% дрожжи алуға мүмкіндік туғызады.
— секциялардан келетін көбік ішкі стақанға келеді де механикалы көбіксөндіргіш арқылы сөндіріледі.