БАЗ ерітінділері

БАЗ ерітінділерін  бөлудің    мембраналық   әдістеріне   жататындар:

  • кері осмос;
  • микрофильтрация;
  • ультрафильтрация;
  • диализ;
  • электродиализ;
  • мембрана арқылы  булану;

Мембраналық процестер негізгі мембраналардың  қандай да бір  ерітінділері   селекциялық, яғни   таңдаулы   түрде   бөлу   қабілеттілігінде   жатыр.

Бұл процестер   мыңдаған жыл эволюция кезінде табиғатта тірі организм клеткаларында түзілген жартылай өткізуін   мембрана  көмегімен бөлудің   әмбебап  және  жетілген  әдісіне  ұқсас.

Мұндай  мембраналарға жасуша және сыртқы орта арасында зат   алмасуы   жүретін   жануар  және  өсімдік   жасушаларының  қабықшалары   мысал   бола  алады.

Мембраналық   процестер  жұмсақ  технологиялық режимдеуде өтеді.  Бұл  мобильді (тұрақты) заттармен жұмыс істеуде маңызды мембраналық   процестер бір уақытта   мыналарды  жасауға мүмкіндік   береді:

  • тазалық;
  • ерітінділерді концентрлеу;

сонымен қатар  мембраналық процестер  былай  да  жүреді:

  • фазалық өзгерістерсіз;
  • жылусыз;

Бұл биологиялық активті  заттар   шығынын  азайтуға   жағдай  тудырады.

Мембраналық  әдістер   арқылы  жоғарғы  дәрежелі концентрлеу  (250 есеге  дейін) және 50% дейін  концентраттар  алуға  болады.

Мембраналық  құрылғылардың   келесідей  артықшылықтары  бар:

  • конструкциясының қарапайымдылығы;
  • үлкен емес габариттер;
  • автоматиацияның ең   мүмкіндігі;
  • экономдылық;

Ультрафильтрацияға қолданылатын   мембраналар  5-50 нм  дейін  ірі  органикалық   молекулаларды   ұстап  қалады.

Кері  осмосқа    қолданылатын   молекулалар   мынаған   қабілетті:

  • 2,5 нм мөлшердегі   молекулаларды    ұстап   қалуға;
  • бірақ бұл  кезде  қысым жеткілікті   жоғары   болу  керек (4-10 Мпа-дан  жоғары).

Мембраналық бөлу   процестерінің  кемшілігі:

  • ерітінділерді дайындау   және   алдын-ала   тазарту  керек;
  • концентрациялық поляриацияның, яғни мембрана бетінде ерітілген   заттың   жоғары   коанцентрациясының  пайда  болуы;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *