Ағынды судың ластануы

       Ағынды судың ластануы минералды, органикалық және бактериялық болып бөлінеді. Минералдық ластануға құм, саз, шлак, минералды тұздар ерітіндісі, қышқыл және сілтілермен ластануды жатқызамыз. Ал, органикалық ластану өсімдіктер мен жануарлар әсерінен  болады. Ағынды суда патогенді бактериялар мен белгілі қауіпті және өте қауіпті ауруларды қоздыратын вирустар болады.

       Ағынды судың коллойдты және ерітілмеген ластануы олардағы май, белок, көміртегі, хлорид құрамымен анықталады.

       Ағынды судың органикалық заттармен ластану дәрежесін аэробты бактерия көмегімен органикалық заттарды ашытуға қажетті оттегі мөлшнрімен анықталады.         

       Органикалық заттар минерализаторына қажетті оттегі шығынын – оттегінің биохимиялық тұтынуы деп атайды. ОБТ өлшем бірлігі мг/л мен г/м.

       Ағынды судағы органикалық заттардың құрамының толық бағасын химиялық көміртегінің қолданылуы анықтайды.

       Оттегінің химиялық тұтынуы – минералды өнімдердің ашуының соңына дейінгі қажет ағынды судың органикалық заттарының химиялық тотығуына қажет оттегі шығыны.

       Ағынды судың басқа да негізгі сипаттамасы болып белсенді реакция – рН болып табылады. Өндірістік және тұрмыстық ағынды сулар сілтілік реакциямен рН = 7,2 … 7,3 сипатталады.

       Өлшенген бөлшектер құрамы ( ӨБҚ )ағынды судың негізгі көрсеткіштерінің бірі . ӨБҚ және ӨБТ бойынша тұндыру орнын және пайда болған тұнба мөлшерін анықтайды.

       Өндірістік және тұрмыстық ағынды судағы өлшенген заттардың концентрациясы 100 – 1000 мг/л  шегінде болады. 

       Сонымен қатар ағынды судағы азоттық форма  мен фосфор құрамын анықтайды, олар ағынды судың биологиялық тазартуын қамтамасыз ететін , микроорганизмдердің негізгі биогенді азықтану элементі  болып табылады.

       Ағынды суда тазартуға дейін азоттың тек екі-ақ формасы болады – жалпы және амонилі. Азоттың қышқыл формасы тек биоашытқыш  — аэротеноктан кейін және биофильтратты тазартқаннан кейін пайда болады. Ағынды судағы аммонилі азоттың концентрациясы оның өндірістік – шаруашылық ластануының көрсеткіштерінің бірі. Ағынды суда неғұрлым аммонилі азот аз болса , соғұрлым ол тазарақ болады.

       Өндірістік жағдайдағы ластанудың негізгі бөлігі өндірістік тазарту орындарында тоқтатылуы керек. Бұл талап қалалық ағынды суды тазарту кезіндегі қауіпті тежеумен түсіндіріледі.

       Санитарлық талап бойынша ағынды суды кәдімгі жағдайда тазарту жүргізілмейді , сондықтан тазартуды арнайы жерде жасанды жағдайда орындайды.

       Барлық ағынды суды тазарту әдісі үш типке бөлінеді : механикалық , химико – физикалық , және биологиялық.   Ағынды сулардың бактериялық ластануын ликвидациясы үшін оларды зарарсыздандыруын қолданады.

       Механикалық тазарту. Ағынды судағы ерімеген заттарды тұндыру, фильтрлеу және процеживания жолымен бөліп алу.Механикалық тазартуда торлар, песколовкалар, тұндырмалар, жироловкалар, нефтеловушкалар, майбөлгіштер, гидроциклондар , фильтрлер қолданылады. Торлар ірі қоқымдарды ұстау үшін қажет (қағаз, мата және т.б.). Песколовкалар ерімеген минералды қосылыстарды ұстау үшін қажет (құм , шлак ,шыны ұсақтарымен және басқалар). Тұндырмаларды ағынды суды ұсақ бөлшектерден тазартуда қолданады. Ағынды суларды ұсақ жұқадисперсті бөлшектерден тазарту үшін тор , мата немесе зернистый материал қабатымен фильтрлеу қолданылады.

       Механикалық тазарту құрылысы бөлек фракциялар арасындағы тығыздық әртүрлі әсер ету принціпінде жұмыс істейді. «ТӨПА» курсында қарастырылатын инженерлік есеп, барлық берілген құрылғылар гидромеханикалық аппараттарға жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *