Құстарды үйір ету

 

Қолдан ұя жасау. Балабақшадағы жер учаскесіне құстарды үйір ету үшін көктемде қолдан ұя жасап іледі, оған қараторғай, шымшық шыбынжегі қонақтауы мүмкін. Құстар мұндай ұяларда тұруы үшін, ұялар құстарға ыңғайлы әрі дұрыс ілінуі тиіс.

Ұялардың көлемі арналған құстың шамасына байланысты болады  Оны қалыңдығы 2—2,5 см, сыртқы жағы сүргіленген құрғақ тақтайдан (немесе фанерден) жасайды. Ішкі жағын бұдыр-бұдыр қалпында қалдырады: бұл — құстардың ұядан кіріп-шығуына жеңілдік жасайды. Тақтайларды саңылау   қалдырмай бір-біріне тығыздап шегелейді.   Олардын.    біреуінен — алдыңғы жақтағы    тақтайдан құс кіріп-шығатын дөңгелек тесік жасайды. Ұяларды күнбе-күн тазалап тұруға оңай болуы үшін қақпағын алмалы-салмалы етіп кояды. Оның сыртын күңгірт бояумен немесе сазбен бояйды.

     Ұялатқышты бекітетін планканы артқы қабырғаға жасайды, мұнда қағылған шегенін, ұшын ішкі жағынан сыртқа    қарай    шығарып, сыртқы жағынаң   қайырып   тастайды.   Ұялатқыштарды   ағаштардың  діңіне бұтақтардың ашаларына, шыбынжегілер    мен    қараторғайлар үшін 8—10 м, сары шымшықтар үшін 3—4 м биіктікке сым темірмен байлайды. Ұялатқыштарды теңселмейтіндей етіп  ағашқа  қатты байлау керек. Ұялатқыштардың алдында оның тесігіне мысық тырмысып шыға алатындай    бұтақтардың болмауы   тиіс.    Құс   кіріп   шығатын тесікті күн түсетін жаққа қаратқан дұрыс.  Сары шымшықтарға  арналған ұялатқыштарды   күзден бастап  ілген   жақсы:   қыста құстар оған ауа райының қолайсыз кезінде паналайтын болады.

    Құстарға қосымша жем беру. Кейбір жабайы құстарды балалар учаскеде жыл бойы бақылауына болады. Нан ұнтағы немесе. дән себілген жерге торғайлар топ-тобымен ұшып келеді. Қыста аулаға қарғалар үнемі келіп жүреді. Күзде және қыста сары шымшықтар, пайыз торғай, бозторғайлар тұрғын үйлердің маңынан жем іздейді. Міне, құстар үшін осындай ауыр кезеңдерде балабақша учаскесіне жем шашатын астау орнатып, құстарға қосымша жем беруге және оларды бақылауға барлық топтағы балаларды тарту керек.

   Ең карапайым жемшашар — аласа ғана кенересі бар тақтайша (50X60 см). Оны ағашқа іліп, дуалға немесе терезе желдеткішінің жанына қағып қоюға болады. Учаскенің тыныштау жеріне жем шашатын үстелше жасап қойған жақсы: ол үшін қада қағып, оған кенерелі тақтай бекітеді де, тақтайшаның үстінен   себілген дәнге қар түспеу үшін шатырша жасау керек. Үстелшеге күнбе-күн белгілі бір уақытта нанның ұнтағын, астык дәнін, шоңайна, қандыағаш пен қайың тұқымын, ырғай, шетен, шәңгіш жидектерін шашып қояды.

.

 Бақылау сұрақтары.

  1. Балабақшасындағы бақша қандай болуы керек?
  2. Балабақшасы учаскесінде өсіру үшін қандай овощ дақылдары ұсынылады?
  3. Овощ дақылдарын өсіру үшін қандай жағдайлар қажет?
  4. Овощ дақылдарына арналған топырақты қалай өңдейді?
  5. Тұқымды егуге қалай даярлайды?
  6. Тұқымды қашан және қалай етеді?
  7. Қысқа қарай овощ дақылдарының қайсысын қашан және қалай себеді?
  8. Овощ дақылдарының қайсысын көшеттен өсіреді?
  9. Көктеп шыққандарын қашан және қалай сиретеді?
  10. Топырақ қопсыту мен өсімдік түптеуді не үшін жасайды?
  11. Өсімдіктерді не үшін өгей бұтақтап, шырпиды?
  12. Овощ дақылдарының зиянкестерімен күрес қалай жүргізіледі?
  13. Қолдан жасалған ұяшықтарды қалай жасайды? Жем шашатын үстелдерді қалай орнатады?

 

 

Негізгі әдебиеттер:

1.Веретеникова.с.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. «мектеп»1983

2.Горощенко В.П.,Степанов И.А. Методика преподавания природоведения . М.,Просвещение, 1984.

3.Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподавания природоведения. М. Дрсвещение, 1980.

  1. Аймағанбетова.К.А.Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.Алматы,2000ж
  2. Горощенко В.П. Табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы1985ж

Қосымша:

  1. Аквилева Г.Н. Наблюдения и опыты на уроках природоведения. Пособие для учителей начальных классов. М.Дросвещение 1988.

2.Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришколъном участке. Пособие для учителей. М.,Просвешение,1980.

3.. Қ.Аймагамбетова. Бастауыш сыныптарда табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы. Мектеп. 1974. — 68 б.

4.ҚАймагамбетова. Аз компектілі бастауыш мектептерде табиғаттануды оқыту. Алматы. Мектеп. 1983. —152 6.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *