Қөктемгі және көктемнің соңғы айындағы, жүні сиреген, өңсіз, талшықтары тым жетіліп кеткен терілер, жазғы қылшығы қысқа, мүлде дерлік түбітсіз терілер, ерте көктемдегі терілер, жүні үйпалақтанған күшік терілері стандартсыз болып саналады. Терілердің ақауын ажыратқанда қалыпты, ақауының аумағы шағын, орташа және көп деп бөледі. Иленген қызыл тулкі терісін ГОСТ 14781-69 сәйкес сорттайды. Жүн талшығын өңдеу әдістеріне қарай теріні қырқылмаған, қырқылған және қырқылып, ерекше өңделген, табиғи және боялған деп бөледі.
Қырқылмаған теріні бітеудей немесе тілінген күйінде илеп, бас, табан, қүйрық терілерін қалдырады. Жүні неғүрлым сапалы түлкі терісінің қүлағын, тырнағын, тұмсығын сақтайды. Қырқылып, боялған түлкі терісін кесілген күйінде илейді. Басын, табанын, қүйрығын кесіп тастайды. Мехты 14-тен 20 мм-ге дейінгі биіктікте қырқады. Қызыл түлкінің иленген терісі түрге белінбейді.
Боялған тері жүнінің көріктілігіне және жүмсақтығына қарай алты топқа бөлінеді. Ұзын жүнді терілер үш, қырқылғаны үш сортқа бөлінеді. Қырқылмаған терінің әр түрлі сортының көрсеткіштерінің сипаттамасы, иленбеген тері көрсеткіштерінің сипаттамасына сәйкес келеді. I сортты қырқылған тері жүні қою, бүкіл аумағында жүн талшығы тығыз болуы тиіс; II сорт-қа тығыздығы шамалы, жүні сирек терілер жатады.
Боялған түлкі терісінің ақауларына мыналар жатады: жүн жағындағы жігі оңай байқалатыны, тесігі, үлкейген орны, жапырылған қылшығы, түбітінің ұйысуы, қырқылған жүндегі таңбалар, күздің аяғындағы және көктемнің басындағы жүні әбден жетіліп кеткен терілер. Тері бөліктерінің жетіспеуіне де бағасы кемітіледі. Тері ақауының дәрежесіне қарай оны қалыпты және теріні кіші, орташа, үлкен ақаулы деп беледі.