ҚАРСАК ТЕРІСІ

ҚАРСАК ТЕРІСІ

Қарсақ Қазақстанның куаң далалы, шөлейт аудандарында, Орта Азияда (Ферғанадан басқасында), Батыс Сібір мен Төменгі Поволжьенің оңтүстік аудандарында мекендейді.

Қарсақ терісінің сыртқы түрі далалық түлкі терісіне үқсайды, айырмашылығы — жүнінің түсінде және мөлшерінің шағындығында. Қарсақ терісінің түсі ақшыл, жотасы жылтыр-сұр, сүрғылт немесе қызыл-сүрғылт, бауыры ақ немесе сарғыштау-ақ, қүйрығы қысқа, үлпілдек. Солтүстік аудандардағы қарсақ терісі ірілеу, мехы едәуір көрікті, жұмсақ, жүні қою, түсінде сұр рең басым; оңтүстікте мекендейтіндері — шағын, жүні қысқа, сирек, қатқыл, түсінде сарғыш рең байқалады.

Қарсақ терісіиің экономикалық маңызы шамалы. Жылына 25—35 мың тері дайындалады. Табиғи күйінде де, боялған қалпында да шығарылады. Иленбеген қарсақ терісін ГОСТ 14174-79 бойынша сорттайды. Қарсақ терісі екі түрге белінеді: қазақ, стандық және астрахандық.. Қазақстандық қарсақ терісінің жүні өскелең, жүмсақ, сұр, ашық-сұр, немесе ашық-көгілдір тү-бітті. Бұл терілер Қазақстанда, Орынбор, Қуйбышев, Челябі, Омбы, Новосібір облыстарында, Алтай өлкесі мен Башкирияда алынады.

Жүні тақыр, қатқыл, сұрғылт немесе қызғылт түсті терілер астрахандыққа жатады және де қазақстандық қарсақ мекендейтін аудандардан барлық жерлерде дайындалады.

Қарсақ терісін сорты мен ақауына қарай қызыл түлкі терісі секілді бөледі. Табиғи және боялған терілер жүнінің сапасы бойынша екі топқа бөлінеді: I топқа жүні жүмсақ, үлпілдектері, II топқа жүні қатқыл, әрі нәзіктері жатады.I топтағы табиғи терілердің жүні боз-сүрғылт, түбіті ақшыл-сұрғылт немесе ақшыл-көгілдір.II топтағы терінің табиғи түсі — сұрғылт немесе қызғылт, түбіті сарғыштау. Қарсақ терісін сорттаудың қызыл түлкі терісін сорттаудан ешқандай айырмашылығы жоқ.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *