Зерттеу мақсатында аң мехының шикізаттарымен танысып, оларды бағалау барысында, кейбір жағдайда ақауы болатындықтан бүлініп, терінің немесе тері ұлпасының қасиеті нашарлайтындығын анықтадық. Терідегі кейбір ақаулардың елеулі болғандығынан, олар түгелдей немесе едәуір жағдайда бағасыз болады. Терінің бүліну сипаты мен дәрежесіне қарай ақау түрлерін анықтап, олардың пайда болу себептері әртүрлі, яғни биологиялық ерекшеліктеріне немесе сыртқы орта факторларына байланысты болатындығын зерттеп, олар ақау түрлеріне байланысты бірнеше топқа біріктірілді (кесте 1).
Теріні бағалау мақсатында оның зақымдану дәрежесін болдырмау, болған жағдайда ақаудың сипатын, олардың пайда болу себептерін біліп, теріні зақымданудан сақтау шараларын қолдану болып табылды.
ҚАРАКҮЗЕН ТЕРІСІ
Қаракүзен терісі оның екі түрінен алынады: Ресейдің европалық бөлігінің бүкіл территориясына таралған европалық қаракүзен және 1929 жылы Совет Одағына әкелінген американдық қаракүзен. Алғашында американдық қаракүзен тек аң өсіретін шаруашылықтарда ғана өсіріледі де, кейіннен бүл аңды еркін жібереді.
Қазіргі кезде Орта Азия меи Қазақстан республикаларына қаракүзен терісі аң өсіретін шаруашылықтардан (торда өсірілетін қаракүзендер) келіп түседі. Торда өсірілетін қаракүзеннің экономикалық мәні өте зор. Оны өндіру жылма жыл артып келеді. Мүндай бағалы теріні көптеп өндіруге ішкі рынок қана емес, дүние жүзілік аң терілері саудасы да мудделі болып отыр. Шет елдердегі саудада торда өсірілетін қаракүзен терісі көп жыл-дан бері бірінші орынға ие болып, мехтық ан терілеріиің жалпы құнының 80 %-тейін алып отыр.
Орта Азия мен Қазақстанда торда өсірілетін қаракузеннін американдық қаракүзеннен біршама айырмашылығы бар: біздегінің денесі шағын, түсі біршама қоңырлау, жүн талшығы онша өскелең емес. Сонымен қоса, каракүзеннің үстіңгі және астыңғы еріндері ақ қылшықты, ал американдық қаракүзенде ак, қылшық тек астыңғы ернінде ғана өседі.
Біздегі қаракүзен терісінің мөлшері американдықтан шамамен 1,5 еседей кіші. Бүл қаракүзен жүнінің үзындығы орташа, орі қою жүндіге жатады. Солтүстік аудандарда өсірілетін европалық қаракүзен жүнінің қоюлығы 1 см 22 мың талшыққа дейін, ал оңтүстік аудандарда өсірілетін қаракүзен жүнінің қоюлығы бұдан 1,5 еседей кем. Қысқы қылшығының орташа ұзындығы 22 мм, түбіті —13 мм.
Қаракүзен терісін багалаудың басты көрсеткіштерінің бірі — жүн талшығының түсі. Европалық қаракүзеннің кәдімгі түсі — қызылқоңыр; күңгірт-сарғылт, түбіт түбі көгілдірлеу, сарғылттау-қоңыр, түбіт түбі сарғыштау реңдес. Европалыққа карағанда американдық қаракүзеннің түсі күңгірттеу. Американдық қаракүзеннің мойнында, басында және бауырында ақ теңбілдер кездеседі, мұндай теріні пайдалану қиынға түседі, өйткені мұндай теңбілдерді кесіп алуға тура келеді.
1982 жылдан бастап аңшылық шаруашылықтары түсті қара-күзен өсіре бастады. Олардың терісін өндіру тез әсіп келеді: қазіргі кезде жалпы дайындалатын қаракүзен терісінде түсті қаракүзеннің үлесі 37 %-ке жетті. Бізде қаракүзеннің мынадай түстері кездеседі: рояль-пастел —көгілдір-сұр реңі айқын білінетін қызылқоңыр, түбіті көгілдір; әлеуеттік-көгілдір реңді күңгірт-сұр, түгелдей қара; топаз — сұрғылттау-кегілдір реңі жақ-сы білінётін ашық-қызылқоңыр, түбіті көгілдір; паломино—түсі көгілдір реңді сарғыш, түбіті бозғылт-көгілдір; ақшылданғаи пастель—пастель секілді, бірақ одан ақшылдау, түбіті көгілдір; бозкөгілдір — күңгірт-көгілдір реңді, түбіті — көгілдір; сапфир—таза көгілдір, түбітті көгілдір, мөлдір (жемчужная) — түсі ақшыл боз.көгілдір реңі жақсы білінеді, түбіті сұрғылт-көк; ақ—мүлде ақ, түбіті де ақ түсті.
Қаракүзен терісін бітеудей сойып, терінің барлық беліктерін сақтайды. Теріні етінен, ластан, қаннан, шелден, майдан тазартады, жүн талшығының түбіне зақым келтірмеу қажет. Терінің жүнін сыртына қаратып қаттайды.
;ҚАСҚЫР МЕН ШҮЙЕБӨРІ ТЕРІЛЕРІ
Қасқыр Орта Азия мен Қазақстанның барлық территория-сында кездеседі. Қасқыр терісі онша бағалы емес, қазір жылына оның 2,5 мың терісі дайындалады. Қасқыр терісінің жұмсақтығы, үлпілдектігі, жүнінің қоюлығы мен түсі, сондай-ақ аумағы оның мекендейтін аудандарына байланысты.
Қасқыр терісін сан жағынан тіліп бітеу сояды. ластан, қаннан, еттен, майдан тазартып, жүнін сыртына қаратып қаттайды