Шашырау диаграммасы

 

Шашырау диаграммасы себеп-салдар диаграммасын немесе факторлар арасындағы  корреляциялық тәуелділікті талдау кезінде сапа көрсеткіштері (нәтиже және негізгі факторлар (себептер)) арасындағы тәуелділікті табу мақсатында қолданылады. Шашырау диаграммасы екі өзгеріп отыратын факторлардың арасындағы тәуелділік графигі түрінде салынады.  Корреляциялық тәуелділіктің бар-жоғын анықтаудың тиімді әдісі болып медианалар әдісі табылады.

Шашырау диаграммасы график түрінде құрылады және екі параметр арасында корреляциялық тәуелділікті бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді. Тәуелділікті бар болған жағдайда бір параметрдің ауытқуын тоқтату арқылы екінші параметрге әсер етуге болады. Бұл жерде оң немесе теріс тәуелділік болуы мүмкін және оның болмауы да мүмкін.

Шашырау диаграммасы, мысалы, себеп-салдар диаграммасын талдау кезінде сапа көрсеткіштері мен әсер етуші факторлар арасындағы тәуелділікті анықтау үшін қолданылады.

Шашырау диаграммасын құру үшін алдымен екі параметрдің өзгеруі туралы мәліметтер жинап, таблицаға енгізеді.

Кестеде (мысал үшін) жіптің оны ұқсату алдындағы және ұқсату барысындағы ылғалдығын көрсететін мәліметтер берілген.

Кесте. Жіптің оны ұқсату алдындағы және ұқсату барысындағы ылғалдығы

Өлшеу нөмірі

Жіптің ылғалдығы, %

Өлшеу нөмірі

Жіптің ылғалдығы, %

ұқсату алдындағы, х

ұқсату барысындағы, у

ұқсату алдындағы, х

ұқсату барысындағы, у

1

6,8

6,1

14

7,5

7,1

2

7,1

6,7

15

7,8

7,0

3

6,5

6,3

16

6,8

6,9

4

7,8

7,1

17

7,3

7,3

5

7,5

7,4

18

7,3

6,9

6

8,5

7,6

19

8,3

7,6

7

8,8

8,2

20

7,2

7,3

8

7,0

6,4

21

7,3

7,0

9

7,4

6,8

22

5,1

7,9

10

6,5

6,0

23

7,9

6,9

11

7,8

6,8

24

7,8

7,1

12

9,2

8,8

25

7,3

6,9

13

6,0

5,7

 

 

 

Таблицадағы х және у мәндері бойынша олардың максимум және минимум мөлшерін табылады: хmax= 9,2; ymax= 8,8;  xmin= 6,0;  ymin= 5,7.

Графиктің (.. сурет) абциссалар өсіне х мәндері, ординаталар өсіне у мәндерін енгіземіз. Өстердің ұзындығын х және у-тің максимум және минимум мәндерінің айырымына тең қылып аламыз (шамалап). График квадратқа жуық болып шығады. Мысалы, бізде: хmax — xmin=9,2 — 6,0 = 3,2;  ymax — ymin= 8,8 — 5,7 = 3,1.

         Өстердің масштабын бірдей қылып аламыз.

         Енді графикке мәліметтерді реттік номірлері бойынша енгіземіз. Егер графиктің бір нүктесіне 2 немесе 3 мән түсетін болса, ондай нүктелерді бір немесе екі дөңгелектің ішіне аламыз, немесе нүктенің жанына мәндердің санын жазып қоямыз, немесе нүктенің жанына тағы бір, екі нүкте қойып шығамыз (______ суреттегі графикте нүктелер бір-бірінің жанында көрсетілген). Мәліметтер графикке енгізілгеннен кейін олардың саны, график құру мақсаты, бұйымның аты, орындаушының фимилиясы, график құрылған күні көрсетіледі. 

 

 

 

                           … сурет. Ылғалдық үшін             … сурет. Тура корреляция

                         шашырау диаграммасы                                         

         1 –2 — процесс барысындағы ылғалдық пайызы; 3 – 4 — өңдеу алдындағы ылғалдық пайызы. 

Шашырау диаграммасы бойынша екі параметрдың біреуі екіншісін өзгерткен кезде қалай өзгеретінін көруге болады. 2.17 суреттегі диаграммадан х ұлғайған кезде у-те ұлғаятынын көреміз (тура корреляция). Бұл жерде себеп болып табылатын факторды (х) бақылай отырып сипаттаманың (у) тұрақты болуын қамтамасыз етуге болады.

2.18 суретте жеңіл тура корреляцияның 2.19 суретте кері (теріс) корреляцияның мысалы кертірілген.

 

 

 

       … сурет. Жеңіл тура корреляция          … сурет. Кері (теріс) корреляция

2.20 сурет – жеңіл кері корреляцияны, ал 2.21 суреттегі шашырау диаграммасынан х пен у арасында ешқандай корреляциялық тәуелділік жоқ екендігін көрсетеді. 

 

 

            … сурет. Жеңіл кері корреляция    … сурет. Корреляцияның болмауы

Х және у параметрлерінің арасында қисық корреляция да болуы мүмкін (… сурет).

 

 

 

… сурет. Кисық корреляция

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *